(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20
желтоқсандағы N 1946 қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 03.07.00 ж. N 1010; 19.03.01 ж. N 357; 03.04.02 ж. N 397;
01.07.02 ж. N 712; 20.12.02 ж. N 1333; 26.05.03 ж. N 489; 27.08.03 ж. N
876; 20.02.04 ж. N 207 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 2 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қоcымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 желтоқсандағы
N 1946 қаулысына
1-қосымша
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. N 357; 20.02.04 ж. N 207 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары басқарады.
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Редакция документа
Демо – версия документа