Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 20 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1946 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық

комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20

желтоқсандағы N 1946 қаулысы

(ҚР Үкiметiнiң 03.07.00 ж. N 1010; 19.03.01 ж. N 357;

03.04.02 ж. N 397; 01.07.02 ж. N 712; 20.12.02 ж. N 1333;

26.05.03 ж. N 489;27.08.03 ж. N 876 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. N 207 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

(Бұрынғы ред. қара)

Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

2. Мыналар бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қоcымша).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

20 желтоқсандағы

N 1946 қаулысына

1-қосымша

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. N 357 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады.

ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку