Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 20 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1946 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20
желтоқсандағы № 1946 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 03.07.00 ж. № 1010; 19.03.01 ж. № 357; 03.04.02 ж. № 397;
01.07.02 ж. № 712; 20.12.02 ж. № 1333; 26.05.03 ж. № 489; 27.08.03 ж. №
876; 20.02.04 ж. № 207; 02.08.04 ж. № 820; 11.11.04 ж. № 1186;
2005.15.04. № 362 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 25 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.

2. Мыналар бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

20 желтоқсандағы

№ 1946 қаулысына

1-қосымша

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 357; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. ЖҒТК-ны, бір орынбасары болатын, төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары немесе ғылыми-техникалық саладағы уәкілеттi органның бірiншi басшысы басқарады.

ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку