(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.07.07 № 645 ҚАУЛЫСЫ
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы
(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 746 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Yкіметінің
2006 жылғы 7 шілдедегi
№ 645 қаулысымен
Бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдау
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.04.04. № 318 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мынадай мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) агроөнеркәсіптік кешенді қолдау тәртібін айқындайды:
1) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;
2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;
Редакция документа
Демо – версия документа