Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 Қаулысы (2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 Қаулысы

(2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 27 тамыздағы

№ 776 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 10, 94-құжат):

көрсетілген қаулыға қосымшада:

реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.

2. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. ҚР Yкiметiнiң 2015.31.12. № 1185 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2009.13.07. № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

бүкіл мәтін бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):

«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:

«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кестеде:

реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде:

Мазмұнында «2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімде:

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ» тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»;

бірінші абзацта «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің 1-бағанындағы «Азық-түлік корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1344 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

9. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде:

Мазмұнында «2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімде:

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ» тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»;

бірінші абзацтағы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Ұлттық компанияларды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің 1-бағанындағы «Азық-түлік корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1105 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанында, 2) тармақшасында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағанында, 2) тармақшасында «АКК» деген аббревиатура «АКК» ҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

аббревиатуралардың толық жазылуында:

«АКК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы» деген сөздер «АКК» ҰК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. ҚР Yкiметiнiң 2015.31.12. № 1185 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции