Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.07.07 № 645 ҚАУЛЫСЫ

Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 Қаулысы

(2007.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі бекітілсін.

2. «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін сатып алудың стратегиялық мәні бар қоса беріліп отырған Ереженің 49-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген бағыттар бойынша агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;

2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) 1, 5-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 7 шілдедегi

№ 645 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың

қатысуымен қолдау

ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку