Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 318 Қаулысы (2009.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 318 Қаулысы

(2009.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы - астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 27, 260-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 4 сәуірдегі

№ 318 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«2006 - 2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:

дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2006 - 2008 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«ҚазАгроКепіл» АҚ».

2. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

1-тармақтың 7) тармақшасындағы, 8-тараудың атауындағы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын;

52-тармақта:

«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын;

«(бұдан әрі - Кепілдік беру қоры)» деген сөздер «(бұдан әрі - «ҚазАгроКепіл» АҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын;

53, 54-тармақтардағы «Кепілдік беру қорының», «Кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары» деген 1-бөлімде:

«Қазақстанның 2007 - 2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салаларындағы серпілісті бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету» деген 4-тарауда:

«2007 - 2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» деген 3-параграфта:

«Қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту» деген кіші бөлімде:

оныншы абзацтағы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген бөлімде:

дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кіші бөлімде:

«Бағдарламадан тыс» кіші бөлімінде:

реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанындағы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции