(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 19.02.02 Ж. № 303 ӨКІМІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат
жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы № 303 Өкімі
(2006.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес дербес құрамы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.04.03 ж. № 374 өкімімен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
3) ҚР Президентінің 03.12.04 ж. № 513 өкімімен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы № 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 11.04.03 ж. № 374 өкімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 27.01.03 ж. № 443; 2004.15.12 № 1504 (бұр. ред. қара); 2005.11.11. № 575 (бұр. ред. қара); 2006.24.02. № 26 (бұр.ред.қара) өкімдерімен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
№ 303 өкімімен
бекітілген
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің
дербес құрамы
Редакция документа
Демо – версия документа