«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығы (2012.08.05. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1504 Жарлығы
(2012.08.05. берілген өзгерістерімен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілерiне өзгерістер енгізілсiн:
1) ҚР Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Президентінің 2006.05.07. № 140 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбiтшілiк және прогресс сыйлығының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегi № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы ереженiң 20-тармағындағы «Ақпарат министрлігі» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздермен алмастырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығын беру жөнiндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсiн:
Аманшаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Ермек Әмiрханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
хатшы,
Қосыбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi;
аталған Комиссияның құрамынан: С.Абдрахманов, Ә.А.Асқаров, Д.Қ.Қасейiнов шығарылсын;
Демо – версия документа