Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - ЕлбасыныңМемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығы (2021.18.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығы

(2021.18.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2011.24.08. № 142 Жарлығымен тақырыбында және мәтінінде «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылды (бұр.ред.қара);

ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді

 

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 31, 471-құжат);

2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1994 жылғы 20 қазандағы № 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 454-құжат);

3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 24 қазандағы № 3716 жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 435-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции