«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығы (2024.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы
(2024.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі № 3108 Жарлығы;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі № 3108 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 28 қаңтардағы № 3343 Жарлығы;
4) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 ақпандағы № 3841 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 4, 20-құжат);
5) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі № 3108 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 3892 Жарлығы;
Демо – версия документа