«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығы (2024.14.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы
(2024.14.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2024.12.08. № 621 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдарды жайластыру жөніндегі шығыстарды қаржыландыруды жергілікті бюджеттердің көші-қон іс-шараларына көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі № 3057 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 326-құжат);
3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 355-құжат);
4) «Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 ақпандағы № 3349 Жарлығы;
Демо – версия документа