«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 621 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
2-тармақтағы, 12-тармақтағы, 17-тармақтың үшінші бөлігіндегі және төртінші бөлігінің 1) тармақшасындағы, 31-тармақтың 2-бөлігіндегі, 32-тармақтағы, 35-тармақтағы, 36-тармақтағы және 5-тараудың тақырыбындағы «өтініш», «өтініштер», «өтінішке», «өтінішін», «өтінішті», «өтініштерді» деген сөздер тиiсiнше «өтінішхат», «өтінішхаттар», «өтінішхатқа», «өтінішхатын», «өтінішхатты», «өтінішхаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 4), 5) тармақшаларына және 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа