(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 19.02.02 Ж. № 303 ӨКІМІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат
жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы N 303 Өкімі
(ҚР Президентінің 13.11.02 ж. N 354 өкімімен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 374 өкімімен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес дербес құрамы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 13.11.02 ж. N 354 өкімімен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
N 303 өкімімен
бекітілген
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Редакция документа
Демо – версия документа