(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 19.02.02 Ж. № 303 ӨКІМІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат
жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 ж. 19 ақпандағы N 303 Өкімі
(ҚР Президентінің 13.11.02 ж. N 354; 11.04.03 ж. N 374;
27.01.04 ж. N 443 өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес дербес құрамы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.04.03 ж. N 374 өкімімен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган құқығындағы құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Редакция документа
Демо – версия документа