Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192; 11.04.03 ж. № 351; 23.05.03 ж. № 487; 19.06.03 ж. № 580; 25.07.03 ж. № 749; 21.08.03 ж. № 842; 17.09.03 ж. № 943; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159;28.11.03 ж. № 1197; 29.11.03 ж. № 1205; 22.12.03 ж. № 1296; 30.12.03 ж. № 1347; 30.12.03 ж. № 1356;30.12.03 ж. № 1371 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192; 11.04.03 ж. № 351;
23.05.03 ж. № 487; 19.06.03 ж. № 580; 25.07.03 ж. № 749; 21.08.03 ж. № 842;
17.09.03 ж. № 943; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159;
28.11.03 ж. № 1197; 29.11.03 ж. № 1205; 22.12.03 ж. № 1296;
30.12.03 ж. № 1347; 30.12.03 ж. № 1356;30.12.03 ж. № 1371
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. 1-қосымшаға сәйкес:

кірістер бойынша - 638101094 мың теңге сомасында;

алынған ресми трансферттер бойынша - 57629991 мың теңге;

кредиттердi қайтару бойынша - 14442668 мың теңге;

шығындары бойынша - 751992137 мың теңге;

кредиттер бойынша - 41021616 мың теңге;

республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi 82840000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжанып отырған көлемiне 1,9 процент болатын 2003 жылға арналған республикалық бюджет орындауға қабылдансын.

2. 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың қоса берiлген тiзбесi бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:

1) бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн бiрыңғай бюджеттік жіктеме шығыстарының бюджеттік бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша шығыстардың жылдық сомасын келісілген тәртiппен тиiстi есептемелерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз eтe отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жеткiзсiн;

2) 2003 жылғы 10 ақпанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 қаулысына инвестициялық жобалар мен мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар тiзбелерi бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.

3) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу мен сараптама жасау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзсiн.;

4) 2003 жылғы 15 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерiмен бiрлесiп ауылда білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға байланысты, сондай-ақ инвестициялық жобалардың уақтылы iске асырылмауына байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі конкурстардың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу нәтижесiнде қаржы жылының iшiнде қалыптасқан қаражатты қайта бөлу есебiнен 2003 жылғы 23 мамырда жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен Жамбыл облысының аудандарында қосымша білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзсiн.

4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi:

1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне eкi жұмыс күнi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:

"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау барысында оған енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік өтiнiмдерге сәйкес бiрыңғай бюджеттік жiктеме шығыстарының экономикалық жiктемесiнiң ерекшелiктерi бойынша бюджеттік бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар жөнiнде нақтыланған есептеулермен негiздемелердi;

республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын ұсынсын;

2) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) жылдық көрсеткiштер шегiнде қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жоспарларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, 2002 жылғы 25 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн дайындау жөніндегі қызметтердiң құнын заңнамада белгiленген тәртiппен анықтауды қамтамасыз етсiн.

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1) мыналарға:

су берумен байланысты емес республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалануға;

шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың ерекше авариялық күйдегi учаскелерiн қайта жаңартуға техникалық-экономикалық және жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдердi әзiрлесiн және бекiтсiн;

2) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде:

минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер сатып алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге субсидия бөлу;

айрықша тұқымдар өндiруге субсидия бөлу;

ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге су жеткiзiп беру жөніндегі қызметтердiң құнына субсидия бөлу;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасына субсидия бөлу;

элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеу;

астықтың мемлекеттік азық-түлiк резервiн жаңарту үшiн 2003 жылы астық сатып алу;

"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорын акционерлік қоғамының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қаражат төлеу;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889

Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыру (ұлғайту) ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

3) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға:

сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртібін көздейтiн;

ауылдық кpeдиттiк серiктестiктер жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне;

сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртібін көздейтiн кредит беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

4) 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде:

мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен оны сатып алуға кредит беру туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

7. Ормандармен жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мекемелердiң материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға облыстық бюджеттерге берiлетiн трансферттер 3-қосымшаға сәйкес көзделгенi ескерiлсiн.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдарға ұстауға және iс-шараларды өткізуге жұмсалатын сомаларды көрсетiп, ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мекемелер бойынша олардың материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға берiлетiн трансферттер сомаларының бөлiнуiн жеткiзсiн.

8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:

1) 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес ақталған Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы;

2) 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап өсiру ережесін бекіту туралы;

3) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Бала тууға байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесін бекіту туралы;

4) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесін бекіту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

1) таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу;

2) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеу ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

1) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесi мен берешектер көлемдерiн бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

2) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге қаражат жұмсау және оларды бюджетке есептеу тәртібін әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

11. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:

1) 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгiлiк штаттарын енгізуге;

2) мемлекеттік білім беру мекемелерi жүйесiнiң кепiлдi нормативiн қамтамасыз етуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттарды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ұсыныстарын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

14. Құпия.

ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

15. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде 2003 жылға арналған көшi-қон квотасы бойынша келiп жатқан оралмандар отбасыларына, сондай-ақ 2002 жылға арналған көшi-қон квотасына енгiзiлген оралмандардың 246 отбасыларына және Қазақстан Республикасы азаматтары - Түркiстан ауылынан қоныс аударушылардың 8 отбасына беру үшiн тұрғын үй сатып алуға, салуға, қайта жаңартуға және күрделi жөндеуден өткізуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзсiн.

16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасымен (келісім бойынша) бiрлесiп, 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

17. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының қызметiне ақы төлеу ережесін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

18. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы (келісім бойынша) 203 "Мемлекеттік органдарға арналған автомашиналар паркiн жаңарту" деген республикалық бюджеттік бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тiзбесiн және сатып алынатын техниканың санын бекіту туралы шешiмнiң жобасын 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

19. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

20. Жергiлiктi атқарушы органдар 2003 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көрсетiлген ауылда білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салуға арналған конкурстық рәсiмдердiң хабарлануын қамтамасыз етсiн.

21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1379 қаулысына

1-ҚОСЫМША

ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192; 11.04.03 ж. № 351; 23.05.03 ж. № 487 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749; 21.08.03 ж. № 842; 17.09.03 ж. № 943; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159;28.11.03 ж. № 1197; 29.11.03 ж. № 1205; 22.12.03 ж. № 1296; 30.12.03 ж. № 1347; 31.12.03 № 1371 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасының 2003 жылға арналған

республикалық бюджеті

     -------------------------------------------------------------------
     Санаты                     Атауы                         Сомасы,
       Сыныбы                                                мың теңге
         Ішкi сыныбы
            Ерекшелiгi
     -------------------------------------------------------------------
        1                         2                              3
     -------------------------------------------------------------------
               Түсімдер                                  710173753
               І. Кірістер                               638101094
     1         Салық түсiмдерi                                579964940
       01      Кiрiстерге салынатын табыс салығы              269312332
         1     Корпоративтік табыс салығы                     269312332
           01  Резидент заңды тұлғалардан алынатын
               корпоративтiк табыс салығы                     160819371
           02  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын        10566678
               корпоративтiк табыс салығы
           03  Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем       4018696
               көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
           04  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын,       11834971
               төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
               салығы
           05  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген    75220987
               тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
               тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
               салығы
           06  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген     1939139
               тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
               төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
               тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
               салығы
           07  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген     4912490
               тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
               төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
               тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
               салығы
       05      Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер          267459825
               көрсетуге салынатын iшкi салықтар
         1     Қосылған құн салығы                            208598520
           01  Қазақстан Республикасының аумағында             59562537
               өндiрiлген тауарларға, орындалған
               жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
               салынатын қосылған құн салығы
           02  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын      86381008
               және импортталатын тауарларға салынатын
               қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
               Республикасының аумағына импортталатын
               тауарларға салынатын қосылған құн салығы
           04  Резидент емес үшiн қосылған құн салығы           9885626
           05  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын      50731345
               және импортталатын тауарларға салынатын
               қосылған құн салығы
           06  Ресейден шығарылатын және импортталатын          1291542
               тауарларға салынатын қосылған құн салығынан
               басқа, Қазақстанға импортталатын тауарлардың
               кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
               нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
           07  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын        746462
               және импортталатын тауарлардың кедендiк
               құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
               нәтижесiнде жете есептелген қосылған
               құн салығы
       2       Акциздер                                         4716525
           29  Қазақстан Республикасының аумағында
               өндірілген, газ конденсатын қоса алғанда,
               шикі мұнай                                        765300
           41  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       44310
               латын спирттiң барлық түрi
           42  Қазақстан Республикасының аумағына                 74400
               импортталатын арақ
           43  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       23600
               латын ликер-арақ бұйымдары, этил спиртiнiң
               көлемдi үлесi 12-ден 30 процентке дейiн және
               одан жоғары күшейтiлген шырындар мен
               күшейтiлген сусындар
           44  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       83200
               латын шараптар
           45  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       26283
               латын коньяктар
           46  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.         860
               латын шампан шараптары
           47  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.      549400
               латын сыра
           48  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       12800
               латын этил спиртiнiң көлемдi үлесi 1,5-нан
               12 процентке дейiн алкоголі аз күшейтілген
               сусындар, күшейтілген шырындар
           49  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.        2100
               латын бекіре және албырт балықтардың уылдырығы
           50  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.      304650
               латын темекi бұйымдары
           55  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.      473600
               латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
               арнайы арналған, қолмен басқарылатын
               автомобильдерден басқа)
           57  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       35380
               латын алтыннан, платинадан немесе күмiстен
               жасалған зергерлiк бұйымдар
           58  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.         350
               латын шарап материалдары
           60  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.     2277330
               латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
           70  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.         756
               латын спирттiң барлық түрлерiнiң кедендiк
               құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
               нәтижесiнде жете есептелген акциздер
           71  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.         589
               латын арақтың кедендiк құнына тәуелсiз
               сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           72  Қазақстанға импортталатын ликер-арақ                 232
               бұйымдарының, этил спиртiнiң көлемдi үлесi
               12-ден 30%-ке дейiн және одан жоғары күшейтiлген
               шырындардың және күшейтiлген сусындардың
               кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
               жүргізу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
           73  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.        1422
               латын шараптардың кедендiк құнына тәуелсiз
               сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           74  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.         451
               латын коньяктардың кедендiк құнына тәуелсiз
               сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           75  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.          13
               латын шампан шараптарының кедендiк құнына
               тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           76  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.        3076
               латын сыраның кедендiк құнына тәуелсiз
               сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           77  Қазақстан Республикасына импортталатын этил          219
               спиртiнiң көлемді үлесi 1,5-тен 12 процентке
               дейiн алкоголi аз күшейтiлген сусындардың,
               күшейтiлген шырындардың кедендiк құнына
               тәуелсiз сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           78  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.          21
               латын бекiре және албырт балықтар уылдырығы.
               ның кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
               жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
           79  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.        2651
               латын темекi бұйымдарының кедендiк құнына
               тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
               есептелген акциздер
           81  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.        6779
               латын жеңіл автомобильдердің (мүгедектерге
               арнайы арналған, қолмен басқарылатын
               автомобильдерден басқа) кедендік құнына
               тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
               есептелген акциздер
           82  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.         606
               латын алтыннан, платинадан немесе күмістен
               жасалған зергерлік бұйымдардың кедендік
               құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
               нәтижесiнде жете есептелген акциздер
           85  Қазақстан Республикасының аумағына импортта.       26147
               латын бензиннiң (авиациялықты қоспағанда)
               кедендік құнына тәуелсіз сараптама жүргізу
               нәтижесiнде жете есептелген акциздер
         3     Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны      53657052
               үшін түсетiн түсiмдер
           02  Үстеме пайдаға салынатын салық                    270000
           05  Бонустар                                         4036468
           06  Роялти                                           5017630
           08  Жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмдер бөлу     463120
               жөніндегі Қазақстанның үлесi
           09  Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем      747600
           10  Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны           43353
               үшiн төлем
           11  Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем        159900
           13  Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын         24281
               табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
           26  Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан          39350736
               Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
               бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
           28  Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан           3543964
               Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
               бойынша заңды тұлғалардың) жасалған

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции