Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1296 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы
22 желтоқсандағы № 1296 қаулысы




"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

ІV "Шығындар" деген бөлiмде:

10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:

212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген әкiмшi бойынша:

215 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту" деген бағдарламада:

032 "Орманды орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн материалдық-техникалық базаны дамыту" деген кiшi бағдарламадағы "4300" деген сандар "4034" деген сандармен ауыстырылсын;

033 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық базасын дамыту" деген кiшi бағдарламадағы "68154" деген сандар "68420" деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

"Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген әкiмшi бойынша:

736 "Ауыз cу" салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағдарламада:

030 "Ауылдық елдi мекендердi ауыз сумен қамтамасыз ету объектiлерiн салу және қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламада:

"Қызылорда облысындағы Жиделi топтық су құбырын (1-кезегi) салу" деген жолдағы "салу" деген сөз "қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

031 "Сумен қамтамасыз ету жүйелерiн салу және қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламада:

"Ақтөбе облысы Шалқар қаласының су құбырлары құрылыстарын қайта жаңарту және жөндеу" деген жолдағы "cу құбырлары" деген сөздер "cу шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Кеңгiрбай ауылында су құбырын қайта жаңарту" деген жолдағы "Кеңгiрбай" деген сөзден кейiн "би" деген сөзбен толықтырылсын;

"Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының кентiшiлiк бөлу желiсi 2-кезегiнiң құрылысы" деген жолдағы "ауылының кентiшiлiк бөлу желiсi 2-кезегiнiң құрылысы" деген сөздер "ауылын сумен қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Қарағанды облысындағы Қ.Сәтпаев атындағы каналдың сорғыш станциясын күрделi жөндеу" деген жолдағы "күрделi жөндеу" деген сөздер "қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының құрылысы (3-кезегi)" деген жолдағы "335330" деген сандар "134517" деген сандармен ауыстырылсын;

"Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының құрылысы (3-кезегi)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының және оған қосылу тармағының құрылысы (4-кезегi) 200813";

"Павлодар облысының Ертіс ауылында су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" деген жолдағы "ауылында су құбыры желiлерiн қайта жаңарту" деген сөздер "ауылының бас су жиналғысы мен суағарын қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Оңтүстік Қазақстан облысының Абай топтық су құбырынан Мақтаарал ауданының ауылдық елдi мекендерiн сумен қамтамасыз ету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Оңтүстiк Қазақстан облысының қолданыстағы Жетiсай топтық су құбырынан Жетiсай қаласына дейiнгi суағар";

2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға 145-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

040-кiшi бағдарламадағы "компьютерлер - 3 бiрлiк, офистiк жиhаздар - 22 бiрлiк, зертханалық жиhаздар - 32 бiрлiк, ғимараттарға, құрылыстарға және тағы басқа зертханалық жабдықтарға күрделi жөндеу." деген сөздер "компьютерлер - 5 бiрлiк, принтерлер - 2 бiрлiк, көшiру аппараты - 1 бiрлiк, сканер - 1 бiрлiк, плоттер - 1 бiрлiк, офистiк жиhаздар - 22 бiрлiк, зертханалық жиhаздар - 40 бiрлiк, зертханалық жабдықтар - 23 бiрлiк." деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 148-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

033-кiшi бағдарламадағы "байланыс құралдары "KENWOOD" - 65 бiрлiк." деген сөздер "байланыс құралдары ("KENWOOD" радиостанциясы) тұрақты - 1 бiрлiк, ұтқыр - 80 бiрлiк (соның iшiнде қосымша 15 бiрлiк), алып жүретiн - 18 бiрлiк.," деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 157-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

033-кiшi бағдарламадағы "1,6-2,0 мың гектар" деген сөздер "4,9-5,4 мың гектар" деген сөздермен ауыстырылсын;

"89,0-100,0 мың гектар алаңға гербицидтердi сатып алу" деген сөздер "106,4-117,4 мың гектар алаңға гербицидтердi сатып алу, соның iшiнде олардың қорын жасау;" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 184-қосымшада:

7-тармақта:

1) тармақшада:

"Оңтүстiк Қазақстан облысы Абай топты су құбырынан Мақтаарал ауданының ауылдық елдi мекендерiн сумен жабдықтау" деген сөздер "Оңтүстiк Қазақстан облысының қолданыстағы Жетiсай топтық су құбырынан Жетiсай қаласына дейiнгi суағар;" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Жамбыл облысы Қордай ауданының Қордай ауылын сумен жабдықтау; Қызылорда облысының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын және оған қосылу тармақтарын (3-кезегi) салу" деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақшада:

"Алматы облысы Түрген сутартқышын қайта жаңарту" деген сөздер алынып тасталсын;

"cу құбыры" деген сөздер "су шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Кеңгiрбай би, Арқат, Құндызды" деген сөздер алынып тасталсын;

"Жамбыл облысы Қордай кентiнiң жүйесiн жаңғырту" деген сөздер алынып тасталсын;

"ауылының су құбырлары жүйесiн" деген сөздер "ауылына дейiнгi бас су жиналғы мен суағар" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Ақмола облысы Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту (1-кезегi);

Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту (1-кезегі); Солтүстiк Қазақстан облысы Есіл топтық су құбырын қайта жаңарту (1-кезегi);" деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақшада:

"8 құрылысын салу және 8-iн жаңғырту" деген сөздер "7 құрылысын салу және 10-ын қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 188-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:

5-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Негiзгi құралдарды сатып алу:

К-701 тракторының двигателi (ЯМЗ - 240) - 1 бiрлiк;

К-700 тракторының двигателi (ЯМЗ 238) - 2 бiрлiк;

К-701 тракторының берiлiс қорабы - 1 бiрлiк;

К-700 тракторының берiлiс қорабы - 1 бiрлiк".

6-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"ІV тоқсан";

7-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку