Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1138 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1138 қаулысы


"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

IV "Шығындар" бөлiмiнде:

12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:

215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша:

036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасында:

044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" кiшi бағдарламасындағы "1450500" деген сандар "1408156" деген сандармен ауыстырылсын;

052 "Қызылорда - Жезқазған автожолын қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "960000" деген сандар "954226" деген сандармен ауыстырылсын;

058 "Астана қаласының айналма жолын қалыпқа келтiру" кіші бағдарламасындағы "533325" деген сандар "436928" деген сандармен ауыстырылсын;

060 "Қарағанды қаласы арқылы өту учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "1007067" деген сандар "1151582" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға 226-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

060 кіші бағдарлама "13,5" деген сандар "15,4" деген сандармен ауыстырылсын;

7 тармақта "305,4" деген сандар "307,3" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку