Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республиқасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1205 қаулысы

Қазақстан Республиқасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 қарашадағы № 1205 қаулысы


"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:

2 "Қорғаныс" деген функционалдық тобында:

208 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" деген әкiмшiсi бойынша:

076 "Елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету" деген бағдарламасында: 034 "Әскери бөлiмдердi дәрi-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы өнiмдермен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "500000" деген сандар "650000" деген сандармен ауыстырылсын;

035 "Әскери бөлiмдердi жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету" деген кiшi бағдарламасындағы "2000000" деген сандар "1850000" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку