«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы (2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2022.19.01. № 53 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.26.05. № 543 бұйрығымен (2023 ж. 11 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118, 120-1, 120-2 және 120-3-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Қаржы министрінің 2024.23.12. № 862 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа