«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 53 бұйрығы (күші жойылды)
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 53 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында:
орыс тілінде көрсетілген бұйрықтың тақырыбының мәтіні өзгермейді, қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидалары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі - бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа