«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 127 бұйрығы (күші жойылды)
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 127 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жартыжылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 30 маусымындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі күнтiзбелiк кезеңге жасалады.
Жылдық қаржылық есептілік есепті қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтiзбелiк кезеңге жасалады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жартыжылдық және жылдық қаржылық есептіліктерге мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның уәкілетті адамы, бас бухгалтері немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізілуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.
Басшы немесе оның уәкілетті адамы мен бас бухгалтердiң немесе бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қолдарымен бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты- жөні).»;
21-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа