«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығы (2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.28.12. № 1343 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.29.06. № 717 бұйрығымен (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және 120-3 бабының 1-тармағының екінші бөлігін және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) қаржылық есептілік нысандары:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ҚЕ-1-нысан «Бухгалтерлік баланс»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ҚЕ-2-нысан «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ҚЕ-3-нысан «Қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп»;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ҚЕ-4-нысан «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп»;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ҚЕ-5-нысан «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба»;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ҚЕ-6-нысан «Қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс»;
2) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Қаржы министрінің 2024.23.12. № 862 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Документ утратил силу
Демо – версия документа