«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1 және 2-тармақтарына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2), 11-4), 11-6) тармақшаларына, 26-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және 27-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;

6) тармақша 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку