«Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 2-қосымша (қолданысқа енген жоқ)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 бұйрыққа
2-қосымша
Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа