«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 3-қосымша (қолданысқа енген жоқ)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 бұйрыққа
3-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру
үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастыру үшін ақпарат беретін уәкілетті тұлғалар осындай ақпараттың уақтылығын, толықтығын, сапасы мен анықтығын, сондай-ақ қазақ, орыс және өзге тілдегі (қажет болған кезде) ақпарат мәтінінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етеді.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа