«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 Қаулысы (2023.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 Қаулысы
(2023.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2023.02.05. № 346 Қаулысымен бағдарлама жаңа редакцияда (2023 ж. 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 136 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі
бағдарлама
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Ұшу қауіпсіздігін басқару» деген 19-қосымшаның (бұдан әрі – 19-қосымша) және ИКАО «Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық» Doc 9859 талаптарына сәйкес әзірленді және:
1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралардың бірыңғай кешенін білдіреді;
2) пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді іске асыруға және олармен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді;
3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеуді және бағалауды қамтамасыз етеді;
Демо – версия документа