Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 346 Қаулысы

«Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 346 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 2 мамырдағы

№ 346 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 11 наурыздағы

№ 136 қаулысымен

бекітілген

 

 

Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі

бағдарлама

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Ұшу қауіпсіздігін басқару» деген 19-қосымшаның (бұдан әрі – 19-қосымша) және ИКАО «Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық» Doc 9859 талаптарына сәйкес әзірленді және:

1) ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған қағидалар мен іс-шаралардың бірыңғай кешенін білдіреді;

2) пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді іске асыруға және олармен тиісінше өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді;

3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеуді және бағалауды қамтамасыз етеді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку