(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІ...
Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 Қаулысы
(2019.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 136 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі
бағдарлама
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Ұшу қауіпсіздігін басқару» 19-қосымшасының (бұдан әрі - 19-қосымша) және ИКАО «Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық» Doc 9859 (бұдан әрі - ҰҚБН) талаптарына сәйкес әзірленді және:
1) азаматтық авиация саласындағы азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі - ҰҚБЖ) білдіреді;
2) халықаралық стандарттарды және ҰҚБЖ-ға байланысты ұсынылатын практиканы тиімді енгізуді белгілейді;
3) ұшу қауіпсіздігі тәуекелдерін басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге және авиациялық оқиғалар мен инциденттердің санын ұдайы азайтуға бағытталған.
Редакция документа
Демо – версия документа