Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІЗГIЛIК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚА...

Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 Қаулысы

(2023.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

ҚР Үкіметінің 2021.07.12. № 869 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 8 қазандағы

№ 743 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасына ізгілік көмек көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасы көрсететін ізгілік көмек - басқа мемлекеттердің аумағында табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды, төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зілзаланы жою мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге көрсететін өтеусіз көмегі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку