Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ІЗГIЛIК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚА...

Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 Қаулысы

(2020.30.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 8 қазандағы

№ 743 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ізгiлiк көмек көрсетуінің тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) халықаралық ұйым - мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;

3) Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку