«Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 869 Қаулысы
«Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 869 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ізгiлiк көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 869 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 8 қазандағы
№ 743 қаулысымен
бекітілген
Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасына ізгілік көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы көрсететін ізгілік көмек – басқа мемлекеттердің аумағында табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды, төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зілзаланы жою мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге көрсететін өтеусіз көмегі;
Демо – версия документа