(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.22.09 № 1428 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк
iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы
(2005.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.Тоқаев |
Үкіметінiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
1428 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті
депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік iссапарлары туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 2001.18.04 № 514 қаулысымен тақырыбы өзгерді
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерiнiң қызметкерлерiне шығыстарын өтеудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2005.28.07. № 783 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006.01.01 қолданысқа енеді)
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң мемлекеттік мекеме басшысының өкімі бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен біліктілiгiн арттыру және қайта даярлану белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа