Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 783 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi
 № 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 783 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:

1-тармақтың бiрiншi абзацы «орындау үшiн» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен біліктілiгiн арттыру және қайта даярлану» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақта:

1) тармақшадағы «айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызы» деген сөздер «бiр айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«депутаттары үшiн» деген сөздер «депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

«және Алматы» деген сөздер «, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жетi есе», «төрт есе», «үш есе» және «екi есе» деген сөздер тиiсiнше «он есе», «бес есе» «төрт есе» және «үш есе» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку