Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 514 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 514 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

тақырыбы «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:

тақырыбы «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында:

«мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары» деген сөздермен толықтырылсын;

«бес есе» деген сөздер «жеті есе» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку