Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны
үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 196 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2003 жылғы 24 ақпандағы
№ 196 қаулысымен
бекітілген
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Р/с | Республикалық маңызы бар | Өлшем | Айлық есеп |
1 | Ғылыми мақсаттарда (ғылыми | адам-күн | 0,1 |