Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 мамырдағы № 592 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 21.06.04 ж. № 678 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекiтілсiн.
2. "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 қыркүйектегi № 1169 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 414-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2002 жылғы 29 мамырдағы
№ 592 қаулысымен
бекітілген
Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң
жобаларын әзiрлеу
ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Негiзгi ережелер
1. Осы Ереже алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлікті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібiн анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республиканың индикативтiк жоспары), жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтарды дамытудың тиiстi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын және мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негізгi кезеңдi қамтиды:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау;
2) жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және бюджеттік бағдарламалар әкімшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын мақұлдау.
4. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi мынадай нысан бойынша жасалады:
1) түсiмдер:
кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер);
алынған ресми трансферттер;
несиелердi қайтару;
2) шығыстар;
3) бюджет тапшылығы (профицитi);
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану).
2-бөлiм. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу
2-тарау. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн негiзгi
көрсеткiштердi және басымдықтарды анықтау
5. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Республиканың индикативтiк жоспарының негiзiнде және өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде орталық атқарушы органдарға және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы), өзге де мемлекеттік органдарға алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджет түсiмдерiнiң көлемiн болжамдау, алдағы он жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты бағалау және болжау үшiн қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесiн жiбередi.
7. Орталық атқарушы органдар және облыстың жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жiберген көрсеткiштердiң тiзбесi бойынша болжамды деректердi (бұдан әрi - мемлекеттік бюджеттi болжамдауға арналған деректер) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға ұсынады.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн республикалық бюджеттік бағдарламаларды iске асыру туралы есептi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бередi және бiр мезгiлде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай ұсыныстар бередi:
Республиканың индикативтiк жоспарының, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға ұсынады.
9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қарыз капиталы рыноктарындағы өзгерiстердiң болжамдарын ескере отырып, Республиканың индикативтiк жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштерi, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борыш көлемдерi мен құрылымы серпiнiнiң есептеулерi және мемлекеттік бюджеттi болжамдауға арналған деректер негiзiнде:
осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген нысанда жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн;
алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн;
тиiстi орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша жасалған шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген көрсеткiштердi, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн, алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тізбесiн қарайды және анықтайды, сондай-ақ олардан түсетiн түсiмдердiң болжамды көлемдерiн анықтау және оны кейiннен Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн қарайды.
Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді.
10. Республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы кірiстердi бөлу нормативтерiн, қарыз алудың қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып жасалған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептеулерiн ескере отырып, Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн;
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi;
республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитiн);
тиiстi қаржы жылының соңындағы үкiметтiк борыштың лимитін;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитін;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнісiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимитiн;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң әрбiр бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн қоспағанда, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi шегінде инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiн оларды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерiне және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жеткізеді.
3-тарау. Жергілiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн
келiсу және республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкiмшiлерiнің бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу
13. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң (бұдан әрi - облыс бюджетi) мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
Бiрыңғай бюджеттік жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша облыстардың бюджеттерiне түсетiн түсiмдердi;
тиiстi қаржы жылының аяғында облыстың жергiлiктi атқарушы органы борышының көлемiн;
облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге ұсынады.
Жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн негiздеу үшiн облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары қажеттi есептеулердi ұсынады.
14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспарының, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда жасайды және ағымдағы жылдың 30 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға ұсынады.
15. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтiнiмдi жасайды.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
16. Бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы 2-қосымшаға сәйкес нысанда жасалады және өзiне мынадай тармақтарды қамтиды:
1) бюджеттік бағдарламаның құны
Осы тармақта бюджеттік бағдарламаны iске асыру үшiн қажет жылдар бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледi. Инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша паспорттың жобасы инвестициялық жобаны iске асырғаннан бастап өткен кезең iшiнде игермеген сомаларды бөлiп көрсетумен инвестициялық жобаның толық құнын, ағымдағы қаржы жылына және инвестициялық жобаны iске асыру аяқталғанға дейiн кейінгі жылдарға жоспарланған сомаларды қамтуы тиiс;
2) бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
Осы тармақта мемлекеттік функциялар мен осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерiн iске асырудың қажеттiлiгiн анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi келтiріледi.
Бұл ретте нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, күнiн және нөмiрiн толық көрсету, заңнамалық кесiмге сілтеме жасалған жағдайда, баптардың нөмiрлерiн мiндеттi түрде көрсету керек;
3) бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, оның iшiнде үкiметтiк заемдар, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары, жоғары тұрған бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру болуы мүмкiн;
4) бюджеттік бағдарламаның мақсаты
Бюджеттік бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жетiмдi болуы тиiс.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты, ең алдымен, елдiң стратегиялық даму мiндеттерiн, Республиканың индикативтiк жоспарын, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - Облыстың индикативтiк жоспары), мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларды, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқару функцияларын негізге ала отырып, қалыптастырылады;
5) бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты жеке мiндеттерге бөлiнедi, яғни басты мақсат бағдарламаны шешу жолдарын құрылымдау және бөлу жолымен неғұрлым жеке бөлiнiп тәптiштеледi.
Бағдарламаның мiндеттерi бағдарламаның мақсатын көрсетедi және анық, айқын, нақты әрi тексерiлетiн болуы тиiс.
Мiндеттер қойылған мақсаттарға жетудiң негізгi кезеңдерiн білдiруi тиiс;
6) бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Іс-шаралар жоспары сандық сипаттамалары бар ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық және басқа да iс-қимылдар кешенiн бiлдiредi. Iс-шаралар жоспарында бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі нақты iс-қимылдар мен iс-шаралар осы iс-қимылдар көзделген кiшi бағдарламалар (олар болған жағдайда) бойынша көрсетiле отырып, жауапты орындаушылар (ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер немесе бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өзi) және жылдар бойынша әрбiр iс-шараны iске асыру мерзiмдерi көрсетiледi.
Iске асыру мерзiмдерi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне жету жөніндегі iс-шараларды орындауды жоспарлайтын уақыт аралығын анықтайды.
Бюджеттік бағдарламаны жоспарлау кезiнде бюджеттік бағдарламаның негiзгi кезеңдерiн iске асыру мерзiмдерi ресурстарды жұмылдыруға, процестердi iске асыруға және нәтижелердiң көрiнуiне қанша уақыт қажет болатынын түсiнуге мүмкiндігінше негiзделуi тиiс.
Бұл ретте, мемлекеттік салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын iске асыру мақсатында ұсынылатын мерзiмдер осы бағдарламаларда анықталған iске асыру мерзiмдерiне сәйкес келуi тиiс;
7) бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
Осы тармақ жылдар бойынша бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзудi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштердi қамтуы тиiс. Бағдарламаның орындалу деңгейiн және оның тиiмділiгiн сипаттайтын көрсеткiштер қол жетiмдi және тексерiлетiн болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган мыналарды қарайды:
осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген облыстар бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн әрi келiседi;
бюджеттік өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстардың жеткiзiлген лимиттерiне, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттік өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердің дұрыстығы мен негiзділігі мәнінде.
Олар бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік бағдарламаларды iске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзіледi.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi бойынша қорытындының нысанын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган айқындайды.
18. Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттердi енгізу жөніндегі ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Республикалық бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi енгiзген ұсыныстарды және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттік өтінімдерiн, Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттi органның қорытындыларын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды iске асыру барысы туралы бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi органның ақпаратын қарайды және ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгi мерзімде олар бойынша шешiм шығарады.
20. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженің 19-тармағында көрсетiлген Республикалық бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 20 шілдесiне дейiнгi мерзiмде:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлінісiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемдерiн;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның ішінде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының көлемдерiн;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнің) мөлшерiн;
тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкіметтiк борыш лимитiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитiн;
2) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісiнде шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық және жергіліктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердің көлемдерiн;
акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардан түсетiн түсiмдердiң толық тiзбесiн;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң республикалық бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн;
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтерінің мөлшерiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктер бойынша міндеттемелерін орындау сомасын;
айлық жалақының, зейнетақының ең аз мөлшерлерiн, айлық есептік көрсеткіштi;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергіліктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде республикалық және жергiліктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер сомасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
21. Осы Ереженің 20-тармағында көрсетiлген республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 25 шiлдесiне дейiн Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және анықтайды. Республикалық бюджет комиссиясы Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган мен облыстардың жергіліктi атқарушы органдары арасындағы облыстар бюджеттерінің болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушіліктердi ағымдағы жылдың 25 шiлдесiне дейiн қарайды және оларды реттеу жөнінде шешім шығарады.
4-тарау. Республикалық бюджеттiң жобасын мақұлдау
22. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерi негізiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 27 шілдесiне дейiнгi мерзiмде Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасын Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 тамызына анықтауы тиiс.
23. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасы негiзiнде республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгiзедi.
Заң жобасымен бiр мезгiлде Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзедi.
24. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдағаннан кейiн Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген келісілген болжамды көрсеткiштердi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді.
3-бөлім. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу
1-бөлiмше. Облыстық бюджеттің жобасын және
Астана мен Алматы қалалары бюджеттерiнің жобаларын әзiрлеу
5-тарау. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн
негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау
25. Облыстың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi уәкiлеттi органы (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы) Республиканың индикативтiк жоспары және Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде, сондай-ақ өткен жылы анықталған үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, осы Ереженің 4-тармағында көрсетiлген нысанда жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды облыстың, Астана, Алматы қаласының бюджет комиссиясының (бұдан әрi - облыстың бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi.
26. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есепті және мыналар жөнiнде:
Республиканың индикативтік жоспарының, Облыстың индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және салалық (секторалдық) бағдарламаларының негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi жөнiнде;
1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген ұсыныстарды облыстың бюджет комиссиясына енгiзедi.
Облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткізеді.
27. Облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде облыстың бюджет комиссиясы бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға келiсуге ұсыну үшiн осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн қарайды және анықтайды.
28. Облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, бюджеттердiң деңгейлерi арасындағы кiрiстердi бөлу нормативтерiн, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуының қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған заемдарының тiзбесiн ескере отырып жасалған облыс бюджетiнiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, облыстың жергілiктi уәкiлетті органы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiн:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн;
облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердi;
облыстық бюджеттiң тапшылығын (профицитiн);
облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, жобалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының лимитiн;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң әрбiр тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгізедi.
Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей осы тармақтың 1)тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
29. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн қоспағанда, облыстың бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн облыстық бюджет шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн облыстың жергiлiктi уәкілеттi органы облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшiлерiне үш жұмыс күнi iшiнде жеткізедi.
Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергілiктi бюджет шығыстарының лимиттерiн облыстың жергiлiктi уәкілеттi органы облыстың, Астана және Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына үш жұмыс күнi iшiнде жеткізеді.
30. Облыстың, Астана және Алматы қаласының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстың бюджет комиссиясы анықтаған шығыстардың лимиті шегiнде инвестициялық жобалардың тiзбесi мен оларды облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiн кейiннен ол облыстың бюджет комиссиясына енгізуi үшiн оларды облыстың жергiлiктi уәкiлетті органына ұсынады.
Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде ауданда (қалада) iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді.
6-тарау. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды
көрсеткiштерiн келiсу және облыстық бюджеттік бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу
31. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай бюджеттік жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының келiсуiне ұсынады.
Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын негiздеу үшiн аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қажеттi есептеулердi ұсынады.
32. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде, облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстардың лимиттерi, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
33. Облыстық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
34. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы мыналарды қарайды:
аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды түсiмдерiн әрi келiседi;
бюджеттік өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тізбесi мен көлемдерiне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттік өтінiмдердi жасауға белгіленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiздiлiгi мәнiнде.
Олар бойынша жергiлiктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтінімдерi, сондай-ақ ағымдағы жылғы бюджеттік бағдарламаларды iске асырудағы нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзiледi.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтінiмдерi бойынша жергiлiкті уәкілеттi орган қорытындысына нысанын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды.
35. Облыстың бюджет комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн, облыстың жергілiкті yәкілетті органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
36. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 35-тармағында көрсетiлген облыстың бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлінісiнде облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның iшiнде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстық бюджет шығыстарының көлемдерiн;
облыстық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
тиiсті қаржы жылының аяғындағы облыстың жергілiкті атқарушы органы борышының лимитiн;
облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемiн;
2) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткіштерiн:
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн;
жергілікті атқарушы органдар резервтерiнiң мөлшерiн;
жергiлiкті бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын;
секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
37. Осы Ереженiң 36-тармағында көрсетiлген облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы анықтайды. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы қарайды және оларды реттеу жөнiнде шешiм қабылдайды.
7-тарау. Облыстық бюджеттiң жобасын мақұлдау
38. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiнің негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 5 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiн облыстың бюджет комиссиясы анықтайды.
39. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстың бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасы түпкi нұсқасының негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын жасайды және жергiлiктi атқарушы органға ұсынады.
Облыстық бюджеттiң жобасымен бiр уақытта облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнің болжамды көрсеткіштерін облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
40. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органымен келісілген облыстық бюджеттiң жобасын жергiлiктi атқарушы орган мақұлдағаннан кейiн аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамдарын облыстың жергiлiктi атқарушы органы аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді.
41. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей облыс бюджетiнiң болжамын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға ұсынады.
42. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттiң бұрын жасалған болжамды көлемдерiн нақтылайды және облыстық бюджеттiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекітуiне енгiзедi, ол бiр ай iшiнде оны бекіту жөнiнде шешiм қабылдайды.
2-бөлiмше. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу
8-тарау. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң жобаларын
әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен
басымдықтарды анықтау
43. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы Республиканың индикативтiк жоспарының және Облыстың индикативтік жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, сондай-ақ өткен жылы анықталған үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген нысан бойынша жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
44. Аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына келiсуге ұсыну үшiн Бiрыңғай бюджеттік жіктеме кірiстерiнiң жіктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамын қарайды және анықтайды.
45. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептi және мыналар:
Облыстың индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және салалық (секторалдық) бағдарламалары негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды бередi. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына осы тармақта көрсетiлген ұсыныстарды енгiзедi.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудандық (қалалық) бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.
46. Аудан (қала) бюджетiнiң қаражаты жұмсалуының басым бағыттарын, аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер болжамын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:
1) аудан (қала) бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн:
аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердi;
аудан (қала) бюджетiнiң тапшылығын (профицитiн);
аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимитiн;
2) аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң әрбiр бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомалары ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
47. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерiн қоспағанда, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн аудан (қала) бюджетi шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне үш жұмыс күнi iшiнде жеткізеді.
Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергілiктi бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкілеттi органына үш жұмыс күнi iшiнде жеткізеді.
48. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi yәкілетті органы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi шегiнде инвестициялық жобаларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн оларды ауданның жергiлiктi уәкiлетті органына кейiннен ол ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына енгізуi үшiн ұсынады.
Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетi қаражатынан қаржыландыру тізбесі мен көлемдерiн анықтайды, оларды ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiнгi мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткізеді.
9-тарау. Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу
49. Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізiнде, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
50. Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
51. Ауданның (қаланың) жергілiктi уәкiлеттi органы бюджеттік өтінiмдердi олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттік өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгі, есептеулердiң дұрыстығы мен негізділігi мәнiнде қарайды.
Олар бойынша жергіліктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап өткен жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ауданның (қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзiледi.
Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтінiмдерi бойынша жергiлiктi уәкiлеттi орган қорытындысының нысанын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды.
52. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттік өтiнiмдерiн, ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
53. Ауданның (қаланың) жергіліктi уәкілеттi органы осы Ереженің 52-тармағында көрсетiлген ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының шешімдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына мынадай болжамдық көрсеткіштердi енгiзедi:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң:
аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемдерi ерекшелiктер бөлінісiнде;
аудан (қала) бюджетi шығыстарының көлемдерi ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бойынша, оның iшiнде инвестициялық жобалар бойынша;
аудан (қала) бюджетi тапшылығының (профицитiнің) мөлшерi;
2) алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің;
аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемi;
жергілiктi атқарушы органдар резервтерiнің мөлшерi;
жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар тiзбесi.
54. Осы Ереженің 53-тармағында көрсетiлген аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шілдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.
10-тарау. Аудан (қала) бюджетiнің жобасын мақұлдау
55. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 10 шiлдесiне дейiнгі мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.
56. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасының негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын жасайды және ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
Аудан (қала) бюджетiнiң жобасымен бiр уақытта ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлетті органы алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.
57. Ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (қала) бюджетiнiң жобасын мақұлдағаннан кейiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнен кешiктiрмей аудан (қала) бюджетiнiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлетті органына ұсынады.
58. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстық бюджет бекітілгеннен кейiн екi апта мерзiмде аудан (қала) бюджеттерiнiң бұрын жасалған болжамды көрсеткiштерiн нақтылайды және аудан (қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекітуiне енгiзедi, ол екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттi бекіту туралы шешiм қабылдайды.
59. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға бекітілген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде облыстық (қалалық) бюджет және облыс бюджетi туралы жинақталған деректердi ұсынады.
бюджеттердің жобаларын
әзiрлеу ережесіне
1-қосымша
Алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын ____________
бюджеттік бағдарламалар тiзбесi жөнiнде ұсыныстар (респ. жерг.)
Бағ- дар- ла- ма- лар N | Бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаның (кіші бағдар- ламаның) міндеттері | Ағымдағы жылдың жоспары | Жылдар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжам | Негіздеме* | Ескерту | |||||
* | * | * | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||
І. | Жалғастырылатын бюджеттік бағдарламалар: | ||||||||||
1 | |||||||||||
2 | |||||||||||
ІІ | Жаңа (бұрын бюджеттен қаржыландырылмаған) бюджеттік бағдарламалар: | ||||||||||
1 | |||||||||||
2 | |||||||||||
Жиыны: | * | х | х |
* Осы бағанда бағдарламаны (кiші бағдарламаны) толық көлемде қаржыландыру қажеттiлiгін анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, нөмiрiн және күнiн көрсету қажет.
Заңнамалық кесiмге сiлтеме жасалған кезде баптардың нөмірлерiн көрсету қажет.
Осы нысанға әкiмшiлік шығыстар енгiзiлмейдi.
Бюджеттік бағдарламалар
әкiмшiсiнiң басшысы ____________ _________________
(қолы) (аты-жөнi, тегi)
бюджеттердің жобаларын
әзiрлеу ережесіне
2-қосымша
ПАСПОРТЫ
(бюджеттік бағдарламаның атауы) ________________ жылдарға арналған
1. Құны
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
P/c N | Бағдарлама коды | Кiшi бағдарлама коды | Кiшi бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзiмi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
бюджеттердің жобаларын
әзiрлеу ережесіне
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 12.05.03 ж. № 441 қаулысымен 3-қосымша алынып тасталды (бұр. ред. қара)