Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2001 жылғы 10 қыркүйек № 1169
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы № 592 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
| Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы "10" қыркүйектегi
№ 1169 қаулысымен
бекітілген
Республикалық және жергілікті бюджеттердiң
жобаларын әзiрлеу
ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Негiзгі ережелер
1. Осы Ереже алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдарын анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, тиiстi кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары, жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негiзгi кезеңдi қамтиды:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау;
2) жергiлiкті бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу және келiсу;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын мақұлдау.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бюджеттік даму бағдарламасы - Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған бюджеттік бағдарлама;
ағымдағы бюджеттік бағдарлама - заңнамалық кесiмдерге сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған, тұрақты сипаты бар немесе бiр жолғы iс-шаралардың өткiзiлуiн көздейтiн бюджеттік бағдарлама.
2-бөлiм. Республикалық бюджеттi әзiрлеу
2-тарау. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу
үшiн негізгі көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Қаржы министрлігі) ағымдағы жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына, өзге де мемлекеттік органдарына, Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк), ұлттық компанияларға алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджет түсiмдерiнiң көлемiн болжамдау (тоқсандар бойынша бөле отырып шикiзат ресурстарын өндiру, сыртқы, iшкi рынокқа және ТМД елдерiне шикiзат тауарларын сату көлемi бойынша көрсеткiштердi, шикiзат тауарларын сатудың болжамды орташа бағасын және оларға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетiн түсiмдердi қоса алғанда), мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты алдағы он жылдық кезеңге арналған бағалау мен болжау үшiн қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесiн жiбередi.
6. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, ұлттық компаниялар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлігі жiберген көрсеткiштердiң тiзбесi бойынша болжамды деректердi (бұдан әрi - мемлекеттік бюджеттi болжамдауға арналған деректер) Қаржы министрлігіне ұсынады.
7. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлігіне:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi индикативтiк жоспарының (бұдан әрi - Индикативтiк жоспар), республикалық Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының (бұдан әрi - республикалық МИБ), мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды табыс етедi.
Қаржы министрлігі енгiзiлген ұсыныстарды олардың Индикативтiк жоспарда, республикалық МИБ-та тұжырымдалған республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму өлшемдерi мен бағыттарына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкестiгi тұрғысында қарайды және олар бойынша қорытындыларды дайындайды.
8. Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Индикативтiк жоспардың макроэкономикалық көрсеткiштерi, қарыз капиталы рыноктарындағы өзгерiстердiң болжамдарын ескере отырып, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш көлемi мен құрылымының серпiнiн есептеу және мемлекеттік бюджеттi болжамдауға арналған деректер негiзiнде:
осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн;
алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Президентi құратын Бюджет комиссиясының (бұдан әрi - республикалық Бюджет комиссиясы) қарауына ұсынады.
Республикалық Бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген көрсеткiштердi және тiзбелердi анықтайды.
9. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткiштерi мынадай құрылым бойынша жасалады:
1) түсiмдер:
кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер);
алынған ресми трансферттер (гранттар);
бұрын мемлекеттік бюджеттен берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты өтеу;
2) шығыстар және несиелендiру;
3) мемлекеттік бюджеттiң тапшылығы (профицитi);
4) мемлекеттік бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану).
10. Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде тиiстi орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша жасалған шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн республикалық Бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Республикалық Бюджет комиссиясы 20 сәуiрге дейiнгi мерзiмде олардан түсетiн түсiмдердiң болжамды көлемдерiн анықтау және оны кейiннен Қаржы министрлігінiң Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгізуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн қарайды.
11. Осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген деректердi, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы кiрiстердi бөлу нормативтерiн, қарыз алудың қаржы шекаралары мен болжанып отырған үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып, жасалған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептеулерiн ескере отырып, Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ішкі сыныптар бөлiнiсiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi, оның ішінде облыстық бюджеттерден және Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды;
республикалық бюджеттiң тапшылығын (профицитiн);
тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкiметтiк борыш лимитiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитін;
республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенцияларды;
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң бөлiнетiн лимитiн;
ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң жиынтық лимитiн республикалық Бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық Бюджет комиссиясы көрсетiлген көрсеткiштердi ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей анықтайды.
12. Республикалық Бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң бөлiнетiн лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі (бұдан әрi - Экономика және сауда министрлігі) ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiн:
инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң жиынтық лимитi шегiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, республикалық МИБ-тiң құрамына енгiзiлгендердiң қатарынан инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландырудың тiзбесi мен көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды;
алдағы қаржы жылы өздерiн қаржыландыруды жалғастыру жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингiнiң нәтижелерiн республикалық Бюджет комиссиясына ұсынады.
Республикалық Бюджет комиссиясы Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiн республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзетiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерiн анықтайды.
3-тарау. Жергілiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн және
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік
өтiнiмдерiн әзiрлеу және келiсу
14. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң (бұдан әрi - облыс бюджетi) мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
Бiрыңғай бюджеттік жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердi;
тиiстi қаржы жылының аяғында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары борышының лимиттерiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiн Қаржы министрлігінiң келiсуiне ұсынады.
Жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн негiздеу үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi қажеттi есептеулер ұсынады.
15. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi Индикативтiк жоспардың, республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде республикалық Бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимиттерi, инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерi шегiнде Қаржы министрлігі белгiлеген нысан бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдерді жасайды және ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлігіне ұсынады.
16. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi тек қана бiр бюджеттік өтiнiм жасайды. Бюджеттік өтiнiм:
бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тiзбесiн және олар бойынша сомаларды;
әрбiр бюджеттік бағдарламаға түсiндiрме жазбаны;
бюджеттік өтiнiмге енгiзiлген әрбiр бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) паспортының жобасын;
бюджеттік өтiнiмге енгiзiлген әрбiр бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың есептеулерiн қамтуы тиiс.
17. Қаржы министрлігі:
облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
бюджеттік өтiнiмдердi олардың республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, жеткiзiлген ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимиттерiне, инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерiне, бюджеттік өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiзділiгi тұрғысында қарайды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерi Қаржы министрлігiнiң қорытындыларын қоса бере отырып, республикалық Бюджет комиссиясының қарауына жiберiледi.
18. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттердi енгізу жөніндегі ұсыныстарды республикалық Бюджет комиссиясына енгiзедi.
19. Республикалық Бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi енгiзген ұсыныстарды және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн қарайды және ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм қабылдайды.
20. Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың 20 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде осы Ереженiң 19-тармағында көрсетiлген республикалық Бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлiнiсiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемiн, оның iшiнде облыстық бюджеттерден және Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алуларды;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң көлемiн, оның iшiнде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенцияларды;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;
тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкiметтiк борыш лимитiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитiн;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борыш лимитiн республикалық Бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
4-тарау. Республикалық бюджеттiң жобасын мақұлдау
21. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 25 шiлдесiне дейiн республикалық Бюджет комиссиясы анықтайды. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi ағымдағы жылдың 25 шiлдесiне дейiн республикалық Бюджет комиссиясы қарайды және оларды реттеу жөнiнде шешiм қабылдайды.
22. Қаржы министрлігі республикалық Бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 27 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде республикалық Бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасын республикалық Бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 тамызына анықтауы тиiс.
23. Қаржы министрлігі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасы негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi.
Заң жобасымен бiр уақытта Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгiзедi.
24. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдағаннан кейiн Қаржы министрлiгі осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген келісілген болжамды көрсеткiштердi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне жеткiзедi.
3-бөлiм. Жергiлiкті бюджеттердi әзiрлеу
1-бөлiмше. Облыстық бюджеттi және
Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiн әзiрлеу
5-тарау. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн
негiзгі көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау
25. Облыс, Астана, Алматы қаласы әкімінiң шешiмiмен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң қаржысын басқаруға әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган анықталады.
26. Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қаласының бюджетiнен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң қаржысын басқаруға әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы) Индикативтiк жоспардың және облыстың, Астана, Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңге арналған Индикативтiк жоспарының (бұдан әрi - облыстың Индикативтiк жоспары), аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, республикалық МИБ-тiң және жергiлiктi Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының (жергiлiктi МИБ-тiң) негiзiнде облыс бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды облыстың, Астана, Алматы қаласының әкiмияты құратын Бюджет комиссиясының (бұдан әрi - облыстың Бюджет комиссиясы) қарауына ұсынады.
27. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнің болжамды көрсеткiштерi мынадай құрылым бойынша жасалады:
1) түсiмдер:
кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер);
алынған ресми трансферттер (гранттар);
бұрын облыстың бюджетiнен берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты өтеу;
2) шығыстар мен несиелендiру;
3) облыс бюджетiнiң тапшылығы (профицитi);
4) облыс бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану).
28. Облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде облыстың Бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 15 сәуiріне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгінің келiсуiне ұсыну үшiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
Бiрыңғай бюджеттік жiктеменiң кiрiстер жiктемесi бойынша облыс бюджетiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
тиiстi қаржы жылының аяғындағы облыстың жергiлiктi атқарушы органы борышының лимитiн;
облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiн анықтайды.
29. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың Индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, жергiлiкті МИБ-тiң негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қалалары бюджетiнің (бұдан әрi - облыстық бюджет) қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi бойынша өздерiнiң ұсыныстарын табыс етедi.
Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы енгiзiлген ұсыныстарды олардың облыстың Индикативтiк жоспарында, жергiлiктi МИБ-та, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларында тұжырымдалған аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму өлшемдерi мен бағыттарына сәйкестiгi тұрғысында қарайды және олар бойынша қорытындылар дайындайды.
30. 29-тармақта көрсетiлген тiзбелердi қорытындымен бiрге ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстың Бюджет комиссиясының қарауына енгізедi.
Облыстың Бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде көрсетiлген тiзбелер бойынша ұсыныстарды әзiрлейдi.
31. Облыстың Бюджет комиссиясы анықтаған облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн және алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбелерiн және алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды ескере отырып, облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердi, оның iшiнде аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджеттерге алуларды;
облыстық бюджеттiң тапшылығын (профицитiн);
облыстық бюджеттерден аудандық (қалалық) бюджеттерге берiлетiн субвенцияларды;
облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша облыстық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң бөлiнетiн лимитiн;
ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша облыстық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң жиынтық лимитiн облыстың Бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Облыстың Бюджет комиссиясы осы көрсеткiштердi ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей анықтайды.
32. Облыстың Бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша облыстық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң бөлiнетiн лимитiн облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне үш жұмыс күнi ішінде хабарлайды.
33. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiн:
ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергiлiктi бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң жиынтық лимитi шегiнде жергiлiктi МИБ-тiң құрамына енгізiлгендердiң қатарынан инвестициялық жобалардың тiзбесi мен жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан қаржыландыру көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды;
алдағы қаржы жылы оларды қаржыландыруды жалғастыру жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингiнiң нәтижелерiн республикалық Бюджет комиссиясына ұсынады.
Облыстың Бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру көлемдерiн анықтайды, оны облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiнгi мерзiмде облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткізедi.
34. Қаржы министрлігімен келісілген облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын мақұлдағаннан кейiн облыстардың жергiлiктi уәкiлеттi органдары аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.
6-тарау. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды
көрсеткiштерiн және облыстық бюджеттік бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу және келiсу
35. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай бюджеттік жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының келiсуiне ұсынады.
Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын негiздеу үшiн аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қажеттi есептеулер ұсынады.
36. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi облыстың Индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде, облыстың Бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимиттерi, инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерi шегiнде Қаржы министрлігі белгiлеген нысан бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi жасайды және ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде облыстың атқарушы органына ұсынады.
37. Облыстық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бiр ғана бюджеттік өтiнiм жасайды. Бюджеттік өтiнiм осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген деректердi қамтуы тиiс.
38. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы:
аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын;
бюджеттік өтiнiмдердi олардың облыстың Индикативтiк жоспарына, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларына, облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жеткiзiлген шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимиттерiне, инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерiне, бюджеттік өтiнiмдердi жасауға қойылатын белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiздiлiгi тұрғысында қарайды және оларды қорытындымен бiрге облыстың Бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
39. Облыстың Бюджет комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн қарайды және ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм қабылдайды.
40. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы Қаржы министрлігімен келісілген облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн, осы Ереженің 40-тармағында көрсетiлген облыстың Бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 20 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлiнiсiнде облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемiн, оның ішінде аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджеттерге алуларды;
ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары етiп бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша облыстық бюджет шығыстары мен несиелендіруінің көлемін, оның ішінде облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге берілетін субвенцияларды;
облыстық бюджет тапшылығының (профицитінің) мөлшерін;
тиісті қаржы жылының аяғындағы облыстың жергілікті атқарушы органы борышының лимитін;
облыстың жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемін облыстың Бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
7-тарау. Облыстық бюджеттің жобасын мақұлдау
41. Облыстың жергілікті уәкілетті органымен келісілген аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне түсетін түсімдердің болжамдарын облыстың жергілікті уәкілетті органы аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына хабарлайды.
42. Үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштерін ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін Бюджет комиссиясы анықтайды. Аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне түсетін түсімдердің болжамдары бойынша келіспеушіліктерді ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін облыстың Бюджет комиссиясы қарайды және оларды реттеу жөнінде шешім қабылдайды.
43. Облыстың жергілікті уәкілетті органы облыстың Бюджет комиссиясы анықтаған үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштері негізінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет жобасының түпкі нұсқасын жасайды және ағымдағы жылдың 5 тамызына дейінгі мерзімде облыстың Бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкі нұсқасын ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін облыстың Бюджет комиссиясы анықтайды.
44. Облыстың жергілікті уәкілетті органы облыстың Бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкі нұсқасын облыс, Астана, Алматы қаласы әкімиятының мақұлдауына ұсынады.
Облыстық бюджеттің жобасымен бір уақытта облыстың жергілікті уәкілетті органы облыстық бюджеттің, Астана, Алматы қаласы бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін облыстың, Астана, Алматы қаласының әкімиятына бекітуге енгізеді.
45. Облыстың, Астана, Алматы қаласының әкімияты облыстық бюджеттің жобасын мақұлдағаннан кейін және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ұсынған аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамдары негізінде облыстың жергілікті уәкілетті органы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешіктiрмей облыс, Астана, Алматы қаласы бюджетiнiң болжамын Қаржы министрлігіне ұсынады.
46. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей облыстық бюджеттердің, Астана, Алматы қалалары бюджеттерiнің бұрын жасалған жобаларын нақтылайды және облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекітуiне енгiзедi.
2-бөлiмше. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу
8-тарау. Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң жобаларын
әзiрлеу үшiн негізгi көрсеткiштер мен
басымдықтарды анықтау
47. Ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң қаржысын басқаруға әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ?кіметтiң Индикативтiк жоспарының және облыстың орта мерзiмге арналған Индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының негiзiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткіштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды аудан (қала) әкiмияты құратын Бюджет комиссиясының (бұдан әрi - ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы) қарауына ұсынады.
48. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткіштерi мынадай құрылым бойынша жасалады:
1) түсiмдер:
кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер);
алынған ресми трансферттер (гранттар);
бұрын аудандық (қалалық) бюджеттен берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты өтеу;
2) шығыстар және несиелендiру;
3) аудандық (қалалық) бюджеттiң тапшылығы (профицитi).
Аудан (қала) бюджетi тапшылығының (профицитiнiң) көрсеткiшi нөлге тең болуы тиiс.
49. Аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерінің негiзiнде ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы облыстың жергіліктi уәкiлеттi органына келiсуге беру үшiн Бiрыңғай бюджеттік жiктеме кiрiстерiнің жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамын анықтайды. Осы болжам ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрiлмей ұсынылады.
50. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi (бұдан әрi - аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергіліктi уәкілеттi органына:
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың Индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, жергiлiктi МИБ негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi бойынша өздерiнің ұсыныстарын табыс етедi.
Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы енгiзiлген ұсыныстарды олардың облыстың Индикативтiк жоспарында тұжырымдалған аумақтың әлеуметтiк-экономикалық даму өлшемдерi мен бағыттарына сәйкестiгi тұрғысында қарайды және олар бойынша қорытындылар дайындайды.
51. 51-тармақта көрсетiлген тiзбелердi қорытындымен бiрге ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде көрсетiлген тiзбелер бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
52. Ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбелерiн және алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды ескере отырып, ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнiсiнде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша үш жылдық кезеңге арналған шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимитiн ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы көрсетiлген лимиттi ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей анықтайды.
53. Ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы анықтаған аудан (қала) бюджетiнiң шығыстары мен несиелендiруiнiң бөлiнетiн лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне хабарлайды.
54. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiн мыналарды:
ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергiлiктi бюджеттiң шығыстары мен несиелендiруiнiң жиынтық лимитi шегiнде жергiлiктi МИБ-тiң құрамына енгiзiлгендердiң қатарынан инвестициялық жобаларды жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан қаржыландырудың тiзбесi мен көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды;
алдағы қаржы жылы оларды қаржыландыруды жалғастыру жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды iске асыру мониторингiнің нәтижелерiн ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясына ұсынады.
Ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы ауданның (қаланың) жергілiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiнгi мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзетiн ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру көлемдерiн анықтайды.
9-тарау. Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар
әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу және келiсу
55. Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi облыстың Индикативтiк жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, аудандық (қалалық) бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде, ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы мақұлдаған шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимиттерінің, инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерiнiң шегiнде Қаржы министрлігі белгiлеген нысан бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi жасайды және ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
56. Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бiр ғана бюджеттік өтiнiм жасайды. Бюджеттік өтiнiм осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген деректердi қамтуы тиiс.
57. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы бюджеттік өтiнiмдердi олардың облыстың Индикативтiк жоспарына, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларына, аудандық (қалалық) бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, берiлген шығыстар мен несиелендiрудiң бөлiнетiн лимиттерiне, инвестициялық жобалардың тiзбесi мен көлемдерiне, бюджеттік өтiнiмдердi жасауға қойылатын белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердiң дұрыстығы мен негiзділігi тұрғысында қарайды және оларды қорытындысымен бiрге ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясының қарауына жiбередi.
58. Ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің бюджеттік өтiнімдерiн қарайды және ағымдағы жылдың 10 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.
59. Ауданның (қаланың) жергілiкті уәкiлеттi органы облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органымен келісілген ауданның (қаланың) бюджетiне түсетiн түсiмдердің болжамын, осы Ереженiң 58-тармағында көрсетілген ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясының шешiмiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 15 шілдесiне дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлiнiсiнде ауданның (қаланың) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн;
ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары етiп бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бойынша аудан (қала) бюджетiнiң шығыстары мен несиелендiруінің көлемiн;
аудан (қала) бюджетi тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
10-тарау. Аудан (қала) бюджетiнiң жобасын мақұлдау
60. Үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамдық көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 тамызына дейiн ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы қарайды.
61. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы анықтаған үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 3 тамызына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 5 тамызына дейiн ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы анықтайды.
62. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) Бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын аудан (қала) әкімінiң мақұлдауына ұсынады.
Аудан (қала) бюджетiнiң жобасымен бiр уақытта ауданның (қаланың) жергіліктi уәкiлеттi органы аудан (қала) бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн ауданның (қаланың) әкiмиятына бекітуге енгiзедi.
63. Ауданның (қаланың) әкiмияты аудан (қала) бюджетiнiң жобасын мақұлдағаннан кейiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 20 тамызынан кешiктiрмей аудан (қала) бюджетiнiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
64. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары (әкiмдерi) облыстық бюджет бекітілгеннен кейiн екi апта мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттердiң бұрын жасалған болжамды көрсеткiштерiн нақтылайды және аудан (қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекітуiне енгiзедi.
65. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджеттi бекіту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бекітілген жергiлiктi бюджеттердің негiзiнде облыстық (қалалық) бюджет және облыс бюджетi туралы жинақталған деректердi ұсынады.
1-қосымша
___ж.ж. арналған _______________ бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым
/бюджеттің түрі/
бағыттарының тізбесі бойынша
ұсыныстар
_____________________________________________
/Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы/
___________________________________________________________________________
N Бюджеттік бағдарламаның Бағдарламаның Бюджеттік Өткен
(кіші бағдарламаның) (кіші бағдар. бағдарламаны жылдың
атауы ламаның) іске асыру кассалық
міндеттері мерзімдері шығыстары
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________________
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар
___________________________________________________________________________
І. Жалғастырылатын бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
ІІ. Жаңа (бұрын бюджеттен қаржыландырылмаған) бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
ІІІ. Бюджеттен алып тастау немесе шығыстарының көлемін қысқарту ұсынылатын
бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны х х
___________________________________________________________________________
Бюджеттік даму бағдарламалары
___________________________________________________________________________
І. Жалғастырылатын бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
ІІ. Жаңа (бұрын бюджеттен қаржыландырылмаған) бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
ІІІ. Бюджеттен алып тастау немесе шығыстарының көлемін қысқарту ұсынылатын
бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Жиыны х х
__________________________________________________________________________
Таблицаның жалғасы
________________________________________
Ағымдағы Жылдар бойынша
жылдың алдағы үш Негіздеме*
жоспары жылдық кезеңге
арналған болжам
_________________________________________
... ... ...
_________________________________________
5 6 7 8 9
_________________________________________
_________________________________________
І.
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
ІІ.
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
ІІІ.
_________________________________________
_________________________________________
Жиыны х
_________________________________________
_________________________________________
І.
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
ІІ.
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
ІІІ.
_________________________________________
_________________________________________
Жиыны
_________________________________________
* Осы бағанда бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың қажеттілігі мен басымдығын анықтайтын нормативтік құқықтық кесімнің атауын, нөмірін және күнін, оның ішінде нақты секторды, қаржы жүйесін және әлеуметтік саланы дамытудың мемлекеттік, салалық, аймақтық бағдарламаларын көрсету қажет.
Заңнамалық кесімге сілтеме жасалған кезде баптардың нөмірлерін көрсету қажет.
Осы нысанға әкімшілік шығыстар енгізілмейді.
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы ________ __________________
/қолы/ /аты-жөні, тегі/
2-қосымша
Алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын __________ бюджеттік
(респ. жерг.)
бағдарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстар
___________________________________________________________________________
N Әк. Бағ. Бюджеттік Бағдарла. Өткен Ағымда. Жылдар бой. Негіз. Ес.
ім. дар. бағдарла. маның жылдың ғы жыл. ынша алда. деме* кер.
ші ла. маның (кіші касса. дың ғы үш жыл. ту
N ма. (кіші бағ. бағдар. лық жоспары дық кезең.
лар. дарлама. ламаның) шығыс. ге арнал.
дың ның) міндет. тары ған болжам
N атауы тері __________________________
... ... ...
___________________________________________________________________________
1 2 3 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________________
І. Жалғастырылатын бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
1
___________________________________________________________________________
2
___________________________________________________________________________
ІІ. Жаңа (бұрын бюджеттен қаржыландырылмаған)
бюджеттік бағдарламалар:
___________________________________________________________________________
1
___________________________________________________________________________
2
___________________________________________________________________________
Жиыны х х х
___________________________________________________________________________
* Осы бағанда бағдарламаны (кіші бағдарламаны) толық көлемде қаржыландырудың қажеттілігін анықтайтын нормативтік құқықтық кесімнің атауын, нөмірін және күнін көрсету қажет.
Заңнамалық кесімге сілтеме жасалған кезде баптардың нөмірлерін көрсету қажет.
Осы нысанға әкімшілік шығыстар енгізілмейді.
Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы ________ __________________
/қолы/ /аты-жөні, тегі/