Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысы

(2007.08.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекітілсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 15, 166-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 194-құжат).

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д. К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 21 маусымдағы

№ 678 қаулысымен

бекітілген

Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және алдағы қаржы жылына арналған жергілiкті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібін айқындайды.

1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Республиканың орта мерзiмдi жоспары), жергілiкті өкілдi орган бекiтетiн Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспары), жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн тиiсті әкімшілiк-аумақтық бiрліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына елдегi ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау және өткен және ағымдағы қаржы жылдарында жергілікті бюджеттердi атқарудың нәтижелері, алдағы қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеудің негізі болып табылады.

2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:

1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткіштерiн айқындау;

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін айқындау;

3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтiнiмдерді жасауы;

4) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

5) мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзiрлеу.

2-бөлiм. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана

бюджетiнiң жобаларын әзiрлеу

2-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетке,

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiне

түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы (бұдан әрi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган) үш жылдық кезеңге айқындалған республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттерден алынатын бюджеттік алып қоюлардың көлемдерiн және облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден арасында кiрiстердi бөлу нормативтерiн ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссияларының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті түсiмдерінің ұсынылған болжамды көрсеткіштерiн қарайды және мақұлдайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде түсімдердің болжамды көрсеткіштерін және өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, тиісті қаржы жылының облыстық бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды

4-2. Облыстық бюджеттерді, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда, мәслихаттың тиісті шешімі Қазақстан Республикасы-ның Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей қабылданады.

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-тарау. Бюджет шығыстарының лимиттерін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала,

астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінiң болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басымды бағыттары, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер,теріс операциялық сальдоның облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті тапшылығының жол берілетін шектегі мөлшерлері және республиканың орта мерзiмдi жоспарында, Өңiрдің орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге бекітілген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткiштерi негiзiнде қалыптастырады.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанда өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады.

Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;

2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;

3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;

4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.

7. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн есептеу кезiнде:

1) үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне берiлетін бюджеттік субвенциялардың көлемi мен республикалық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың көлемдерiн қоса алғанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығындардың жалпы көлемi;

2) бекітілген заттай нормалар;

3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi;

4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнінде Орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар;

5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттігі;

6) өзге де қажеттi жағдайлар ескерiледi.

8. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерi облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкiмшісi (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi) үшiн айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөлiп көрсетуге болады.

9. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң көлемi облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының жалпы болжамды көлемi мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиттерiнің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссияның қарауына:

облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерін (бұдан әрі - ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиті);

облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін (бұдан әрі - бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттері);

облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 7 маусымына дейiнгi мерзiмде ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн, сондай-ақ облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қарайды және мақұлдайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi шығыстарының лимиттерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті орган 3 жұмыс күнi iшінде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiне, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшін және облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органына жеткiзедi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органы бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелерi негiзiнде және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік даму бағдарламаларына арналған бюджет шығыстарының лимиттерi шегiнде:

1) ағымдағы жылы мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінiсiнде iске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ескеріле отыра, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейiн бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

13. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 12-тармағында көрсетілген тiзбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетiгiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

14. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстары тiзбесiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi орган үш күн ішiнде бюджеттік бағдарламалардың әкімшiлерiне жеткiзедi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Бюджеттік жоспарлау жөніндегi орталық уәкiлетті орган ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілеттік органға республикалық бюджеттен берiлетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің болжамды көлемдерi мен мақсатын жеткiзедi. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күш iшiнде жеткiзедi.

16. ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

4-тарау. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы

бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің

бюджеттік өтінімдердi жасауы

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:

бірыңғай бюджет сыныптамасы;

бюджет шығыстарының лимиттері;

өткен қаржы жылында бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;

республиканың немесе өңірдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жеткізген басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі;

бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасы;

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жасалады.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

18. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдердi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган белгілеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктiрмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға ұсынады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы қабылдаған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерін ұсынады.

19. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттердi және бюджеттік кредиттердi қаржыландыруды жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлiнісiнде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негiзделген есептеулердi ұсынады.

5-тарау. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы

бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерінің

бюджеттік өтінімдерiн қарау

20. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкiлетті орган:

1) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтiнiмдерінің осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды;

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды:

болжанатын қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама бойынша паспорттардың жобалары, қаржыландыру жоспарларының жылдық сомалары, шығыстар есептері;

бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде;

және:

өңірдің тиісті болжанатын жылдарға арналып қабылданған стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларына және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына;

егер алдағы қаржы жылында осы бағдарламаны іске асыру көзделсе, бюджеттік бағдарламалардың өткен және ағымдағы жылдарда іске асырылуын талдауға сәйкес жүргізеді.

3) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің бюджеттік өтiнiмдерi бойынша қорытынды дайындайды;

4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерi жөнiнде ұсыныс дайындайды.

21. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтiнiмдерi жөніндегі қорытындының нысанын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлетті орган айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

22. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттік өтiнiмдерi және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның олар жөніндегі қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң көлемдерi жөніндегі ұсынысы ағымдағы жылдың 25 шілдесінен бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.

23. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттік өтiнiмдерi мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органның олар жөніндегі қорытындысы бюджет комиссиясының қарауына екi кезеңде енгiзiлуi мүмкiн.

Бiріншi кезеңде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар енгiзiледi. Бұл ретте бюджет комиссиясы жаңа әрi қосымша бюджет қаражатын талап ететiн, жеке қаралатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың барлық әкiмшілерi бойынша тұтастай қарайды.

Екiншi кезеңде бюджеттік даму бағдарламалары енгiзiледi. Бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімдердi тақырыптық блоктар бойынша қарау тәртібін белгiлей алады.

24. Бюджет комиссиясының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiмдерiн қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

25. Бюджет комиссиясы енгізiлген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiмдерiн, бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң көлемдерi жөніндегі ұсынысты қарайды және ағымдағы жылдың 25 тамызына дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешім қабылдайды.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытынды дайындайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді.

26. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi арасындағы келiспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

27. Бюджет комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары жөнiнде түпкiлiкті шешім қабылдағаннан кейiн бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қосымша өтiнiмдер беруге құқығы жоқ.

28. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен берiлетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына жеткiзедi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

29. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi үш күндiк мерзiмде облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын және шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешiмдеріне сәйкес келтiредi және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкілетті органға ұсынады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың есептерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы шешім қабылдаған күннен кейін 3 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

 

6-тарау. Облыстық бюджет, республикалық маңызы

бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат

шешiмiнiң жобасын әзiрлеу

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

30. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасын қарау және оның түпкілiктi нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiкпей аяқталады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қабылдаған шешімдерінің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

31. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкілеті орган алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi жобасының түпкілікті нұсқасы негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 1 қазанынан кеш емес мерзiмде оны облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органының қарауына ұсынады.

Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.

32. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихат шешімінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергіліктi атқарушы органы ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктірмей мәслихатқа енгiзедi.

3-бөлім. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң жобасын

әзірлеу

7-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар

қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау

33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің арасында кiрiстердi бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

34. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң ұсынылған болжамды көрсеткіштерін қарайды және мақұлдайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылды

34-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын ескере отырып, түсімдердің болжамды көрсеткіштері мен бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 34-2-тармақпен толықтырылды

34-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты жүргізілген жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктермей маслихаттың тиісті шешімі қабылданады.

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін және басым бюджеттік

бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

35. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының, теріс операциялық сальдоның жол берілетiн шектегі мөлшерлері және Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштерi негізiнде қалыптастырады.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

36. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысандағы өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады. Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:

1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;

2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;

3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;

4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы.

37. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезiнде:

1) облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың бекiткен көлемдерiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындардың жалпы көлемi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс;

2) бекітілген заттай нормалар;

3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi;

4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнiнде орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар;

5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттiгі;

6) өзге де қажетті жағдайлар ескеріледi.

38. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, қаладағы ауданның, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының (бұдан әpi - әкім аппараты) бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкімшісі үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөліп көрсетуге болады.

39. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалар үшін шығыстардың лимиттерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен әкiмдер аппараты арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстары лимиттерінің көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi шығыстарына жалпы болжамды көлемi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларын бюджет шығыстары лимиттерінің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретінде есептеледi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды

39-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік комиссияның қарауына:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;

аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

40. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейiнгi мерзiмде ауданның ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым  бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қарайды және мақұлдайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

41. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі үшiн шығыстардың лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы үш жұмыс күнi iшiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерiне және әкiмдердiң аппараттарына, ал бюджеттік даму бағдарламалары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі үшiн шығыстардың лимиттерiн бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органына жеткiзедi.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

42. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органы бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерi негiзінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерi шегінде:

1) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде iске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөнiндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесіне дейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

43. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 42-тармағында көрсетiлген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетігiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

44. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстар тiзбесiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі жергілікті уәкілеттi органы үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттарына жеткізедi.

45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң болжамды көлемдерi мен мақсатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдердiң аппараттары бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күнi ішінде жеткiзедi.

46. ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

9-тарау. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік

бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдердi жасауы

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

47. Осы Ереженің 17-тармағына сәйкес жасаған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергілікті уәкілетті органы белгiлеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдерді табыс етеді.

 

10-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттік

бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерiн қарау

48. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшiлерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерін осы Ереженің 20-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергiлiктi уәкілеттi органы қарайды.

49. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi жөніндегі қорытындының нысанын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

50. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің, әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкілетті органының олар жөнiндегі қорытындысы осы Ереженiң 23-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.

51. Бюджет комиссиясының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінiмдерін қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

52. Бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң, әкімдер аппараттарының енгiзiлген бюджеттік өтінiмдерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қорытындысын қарайды және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешiм қабылдайды.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және шешім қабылдау үшін оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді табыс еткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде енгізеді.

53. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), әкімдердiң аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы арасындағы келіспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

54. Бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар жөнiнде түпкілiктi шешім қабылдағаннан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi және әкiмдер аппараттары қосымша өтінімдер беруге құқығы жоқ.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 55-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

55. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдер аппараттары үш күндiк мерзiмде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын, шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешімдерiне сәйкес келтіреді және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергіліктi уәкілеттi органына ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар есептемелерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күннің ішінде оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

 

11-тарау. Тиiстi қаржы жылына арналған ауданның

(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы

мәслихат шешімiнiң жобасын әзiрлеу

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 56-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

56. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бap қала) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.

Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын қарау және оның түпкiлікті нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешікпей аяқталады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындыларынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

57. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органы алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 қазанынан кеш емес мерзiмде оны ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша қабылданған шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күнінің ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.

58. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктiрмей мәслихатқа енгiзедi.