«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусым № 552 қаулысы

(2005.22.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы № 1873-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы осыған қосылған Ереже бекітілсiн.

2 ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 771 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3 Алматы, Талдықорған, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы Ережеге сәйкес және жергiлiктi жағдайды ескере отырып, шекара аймағындағы шекаралық режим туралы шекара әскерлерiмен келісілген шешiмдер қабылдасын. Карантиндi орындау, сондай-ақ шекара нарядтары мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нарядтары қызмет атқаратын шекара аймағының шекарасын қажеттi белгiлермен және нұсқағыштармен жабдықтау жөнiнде мүдделi шаруашылықтардың, органдар мен мекемелердiң шаралар жиынтығын жүзеге асыруын қамтамасыз етсiн.

4. Шекара маңындағы аудан әкiмдерi, Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының шекара әскерлерiмен бiрлесе отырып, шекара аймағындағы елдi мекендерде, әуежайларда, темір жол және автомобиль стансаларына паспорт ережелерi сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың шекара аймағына келуiне, уақытша тұруы мен орын ауыстыруына ұдайы бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы Ережеде көрсетiлген министрлiктер мен ведомстволардың басшыларына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеде көзделген нұсқауларды, тiзбелердi, ережелердi және басқа нормативтiк актiлердi 1993 жылдың аяғына дейiн әзiрлеп, бекіту мiндеттелсiн.

Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң бас басқармасы:

- жүзу құралдарын (мұзда жүрiп-тұру құралдарын) кеме аялдамасынан (тiректену орындарынан) шығаруға (түсiруге) және жүзу құралдары мен мұзда жүрiп-тұру құралдарының осындай аялдамаларын, айлақтарын және тiректену пункттерiн жабдықтау тәртібіне арналған құжаттарды ресiмдеу тәртібі туралы нұсқауды;

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріндегі режимдi (шекаралық, кедендiк) регламенттейтiн ереженi мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың келiсуiмен әзiрлеп, 1993 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.

6. Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мүддесi үшiн әскери-қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың әуе кемелерiнiң ұшуын, республиканың аумағындағы азаматтық және әскери авиация әуежайларын пайдалануын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Қорғаныс министрлігі, Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология бас басқармасы белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, басқа да мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының ТМД-ға қатысушы көршiлес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын құқықтық ресiмдеу туралы мәселенi алдын ала пысықтап, екiжақты шарттардың жобаларын әзiрлесiн және оларды келiсу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс ететiн болсын.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын шет мемлекеттерге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге белгiленген тәртiп бойынша жеткiзсiн.

8. Мыналардың:

Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1983 жылғы 25 наурыздағы № 141-23 қаулысының;

Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 14 қаңтардағы № 30-1 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1993 жылғы 30 маусымдағы

 № 552 қаулысымен

 Бекiтiлген

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын

күзету туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi өткізудi Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес шекара әскерлерi жүзеге асырады.

2. Қазақстандық және шетелдiк әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының ұшып шығуына және олардың Қазақстан Республикасына ұшып кiргеннен кейiн қонуына шекара әскерлерiнiң бақылау өткізу пункттерi жоқ әуе жайларда (әуе кемелерi тұрақтарында) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң рұқсаты болғанда ғана жол берiледi.

Қазақстандық әуе кемелерi бақылау-өткізу пункттерi жоқ әуежайлардан (әуе кемелерi тұрақтарынан) арнаулы халықаралық рейстердi орындаған кезде, сондай-ақ шетелдiк, қазақстандық және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң әуе кемелерi белгiленбеген жерлерде қонуға мәжбүр болған жағдайда, мұндай кемелердi бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдары әуежайлардың (әуе кемелерi тұрақтарының) әкiмшiлiгiмен немесе авиация бөлiмдерiнiң командашысымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Көлiк министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бекiтетiн арнайы нұсқамалар негiзiнде жүзеге асырады.

3. Шетелдiк әскери корабльдер мен әскери «көмекшi кемелер, егер халықаралық шарттарда (келісімдерде) өзгеше көзделмесе, бұл жөнiнде алдын ала шекара әскерлерiн хабардар етiп», Қазақстан Республикасы Үкіметінiң келісімi бойынша және Қорғаныс министрлігінiң рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын басып өте алады, Қазақстан Республикасының iшкi сулары мен порттарына, шекаралық өзендерiнiң Қазақстандық бөлiгiнiң сулары мен өзге де су қоймаларына ене алады және бұл суларда бола алады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң шекара әскерлерi бөлiмдерiнiң теңiз кемелерi осындай сулардан тысқары жерлерде басталған мемлекеттік шекараны бұзушыларды iздеуге, заңсыз балық аулау әрекетiн тоқтатуға байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларына кiрiп, оларда бола алады, бұл жайында Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң бөлiмдерiне мәлiм етiледi.

Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзi мен iшкi суларында жүзгенде және болғанда радио байланысы ережесін, навигациялық, порттық, кедендiк, санитарлық және өзге ережелердi сақтауға мiндеттi.

Шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнде, iшкi суларына кiруге мәжбүр болған жағдайда немесе бұл суларда жүзу мен болу ережелерiн мәжбүрлiкпен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының жақындағы портының әкiмшiлiгiне дереу мәлiм етуге мiндеттi.

4. Шекаралық, кедендiк, сондай-ақ санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды, Қазақстан Республикасынан көркем, тарихи және басқа да мәдени құндылықтардың әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет министрлігі, Қаржы министрлігінiң Бас кеден басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерi тиiсiнше шекара әскерлерiнiң бақылау-өткізу пункттерiн, кедендiк, санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық және өнертанымдық мекемелерi (бақылаушылар топтарын) құрады.

Шетелдiк иегерлердiң иелiгiне жататын жүк автокөлiгi экипаждары мүшелерiнiң Қазақстан аумағы бойынша жүк тасуға рұқсаттары болуын бақылауды, осы жүк автокөлiгiнiң Қазақстан Республикасына келуi немесе Қазақстан Республикасынан кетуi кезiнде есебiн алуды жүзеге асыру үшiн Көлiк министрлігі қажеттi жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерiнде халықаралық автомобильдер тасымалының қызметiн құрады.

5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі, «Қазақстан жолдары» компаниясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерiнде шекаралық, кедендiк, санитарлық-карантиндiк, мал дәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды Қазақстан Республикасынан (ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден) көркем, тарихи және басқа да мәдени құндылықтардың әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi үйлер мен коммуникацияларды жабдықтауды, адамдардың, көлiк құралдарының жүктер мен өзге де мүлiктiң Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтуiне бақылау жасауды жүзеге асыратын шекара әскерлерiнiң бақылау-өткізу пункттерiне кедендiк және басқа да мекемелердi орналастыруға арналған қызмет үйлерiн және коммуникациялар бөледi.

6. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен өзге мүлiктi оңайлата өткізу пункттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісілген, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiмен белгiленедi. Оңайлата өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгiленедi.

7. Көлiк ұйымдарының лауазымды адамдары шетел жаққа кетiп бара жатқан пломбыланған вагондарды, автомобильдердi, контейнерлердi, трюмдердi және теңiз, өзен мен әуе кемелерiнiң өзге де орындарын шекара әскерлерi өкiлдерiнiң талап етуi бойынша ашып көрсетуге мiндеттi.

Арнайы рұқсат қағаздары ресiмделген пломбылаулы вагондарды, автомобильдердi, контейнерлердi, трюмдердi және жүгi бар көлiк құралдарының өзге де орындарын шекара әскерлерi буып-қаттауы, пломбылары мен мөрлерi бүтiн болған жағдайда, сондай-ақ бұларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзушыларды немесе Қазақстан Республикасына әкелу яки Қазақстан Республикасынан әкету үшiн тыйым салынған заттар мен материалдарды жасыру белгiлерi болмаған жағдайда ашпайды.

8. Қазақстан Республикасының аумағын малдың жұқпалы ауруларынан күзету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының өн бойында карантин алқабы белгiленедi, онда мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының ұсынысы бойынша шекаралық әскерлер эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға байланысты кәсiпорындарға, ұйымдар мен азаматтарға қарасты малды ұстау мен жаюға тыйым салуы мүмкiн. Бұған мемлекеттік шекарада тiкелей тұратын (жұмыс iстейтiн) азаматтардың, сондай-ақ карантин алқабында орналасқан шекара әскерлерi бөлiмшелерiнiң малын (үй жануарларын) ұстау мен жаю кiрмейдi.

Карантин алқабын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. Оны қоршауды атқару өкіметінiң органдары шаруашылықтар мен ведомстволар қамтамасыз етедi. Ондағы мал дәрiгерлiк режимдi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе оның тапсыруы бойынша шекаралық облыстардың мал дәрiгерлiк қадағалау органдары айқындайды.

9. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы шекара алқабы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынысы бойынша белгiленедi, шекара алқабының енi ахуал мен жергiлiктi жағдайдың ерекшелiктерiне қарай Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмiмен өзгертiлуi мүмкiн.

10. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi немесе оның тапсыруы бойынша шекаралық облыстардың әкiмдерi жергiлiктi жағдайды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, республиканың басқа да заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң келiсуi бойынша шекара аймағы мен шекара алқабындағы режим туралы қаулылар мен шешiмдер басып шығарады.

11. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекеттік шекараны күзетудiң қажеттiлiгi, инженерлiк бөгеттер тұрғызу, шекаралық жолдар, көпiрлер мен басқа да объектiлердi салу үшiн шекара әскерлерiне оларға бұрын бөлiнген жерлердi, сондай-ақ шекара алқабынан да, одан тысқары жерлерден де енi 30-50 м. жер алқабын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының өн бойынан 5 метрлiк алқапты тұрақты түрде пайдалануға тегiн бекiтедi.

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi республиканың мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттік комитеттерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, iшкi iстер органдары берген өткізу қағазынсыз шекара аймағында жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша кiруге құқы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн белгiлейдi.

ҚР Үкіметінің 12.07.00 ж. № 1063 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді

13. Шекара аймағында тұрақты тұратын азаматтар бүкiл шекара аймағының шегiнде Қазақстан Республикасының шекаралық облыстарының аумағында iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз; өткізу қағаздарынсыз жүрiп тұра алады.

14. Оқуға кеткенге дейiн шекаралық аймақ пен шекаралық алқаптың елдi пункттерiнiң тұрғындары болып келген жоғары, арнаулы орта және басқа оқу орындарының оқушылары, студенттерi бұл пункттерге олардың оқу орындарында оқитындығын куәландыратын құжаттар бойынша, олардың шекара аймағы мен шекара алқабы елдi пункттерiнен оқуға кеткендiгiн растайтын жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi.

15. Қазақстан Республикасының азаматтарына шекара аймағына келу, онда болу құқығына өткізу қағазын жеке арыздар немесе тиiстi өтiнiштер және сол арыздар мен өтiнiштердiң негiздiлiгiн растайтын құжаттар негiзiнде тұрған жерi бойынша Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары бередi.

Басқа мемлекеттердiң тұрғындары шекара аймағына, егер халықаралық шарттар мен келісімдерде өзгеше көзделмесе, жеке арыздары және сол арыздарының негiздiлiгiн растайтын басқа құжаттар негiзiнде тұрған жерi бойынша тиiстi iшкi iстер органдары берген рұқсат қағаздары бойынша келедi.

Шекара аймағының тұрғындары болып табылатын, бiрақ одан уақытша кеткен 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналарынсыз (қамқоршыларынсыз) жүрген кезде бұл аймаққа тууы туралы куәлiктерi бойынша, ал бұлар болмай қалғанда - олардың шекара аймағында тұратындығын растайтын жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi. Шекара аймағының тұрғындары болып табылатын балалар оған ата-аналарымен (қамқоршылармен) бiрге келедi де сол адамдардың рұқсат қағаздарына енгiзiледi.

16. Азаматтар тобы колхоздардың (совхоздардың) ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуiне, маусымдық теңiз және өзен кәсiпшiлiгiне көмектесу үшiн, малды жайылымдарға айдап апару, құрылыс, iздестiру және өзге жұмыстарды жүргiзу үшiн, сондай-ақ туристер тобы, артистер бригадалары және шекара аймағында тұрмайтын азаматтардың басқа да ұжымдары шекара аймағына келгенде өткізу қағазы топ жетекшiсiнiң атына берiлуi мүмкiн, онда бiрге келген адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар мен келген жердегi мүдделi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (колхоздарды қосқанда) лауазымды адамдары қол қойып растаған әрi елтаңбалы мөр басылған жетекшiнiң қолындағы атаулы тiзiм бойынша олардың саны көрсетiледi.

17. Шекара аймағында, шекара алқабында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiктiң кез келген нысанындағы) басшыларына шекара аймағына, шекара алқабына келуге және осы аймақта, алқапта тұруға рұқсаты жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауға тиым салынады.

18. Қызметтiк iс-сапарына, ауруханаларға, санаторийлерге, демалыс үйлерiне, пансионаттарға, басқа да емдеу-сауықтыру мекемелерiне баратын Қазақстан Республикасының, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң азаматтары шекара аймағында iс-сапар куәлiктерi, бағыттамалар, жолдамалар (курсовкалар) бойынша, жеке басын куәландыратын құжаттар болғанда келедi.

19. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң (соның iшiнде республикалық ұланның, темір жол, құрылыс және басқа арнайы құрамалар мен бөлiмдердiң), әскерлердiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен соттарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары шекара аймағына олардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және қызметтiк ұйғарымдар, өту куәлiктерi, iс-сапары мен демалыс құжаттары бойынша келедi. Аталған адамдардың отбасы мүшелерi шекара аймағына отбасының қожасымен бiрге келерде оның қызметтiк ұйғарымына немесе демалыс билетiне жазылады, ал аталған адамдарға өз бетiмен барушылар - жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және отбасы қожасының қызмет орны берген анықтамалар бойынша келедi.

Бұл баптың ережелерi ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскерлерiнiң, қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерi мен олардың мүшелерiне де қолданылады.

20. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен (соның iшiнде Республикалық ұланнан, темір жол, құрылыс және басқа арнайы құрамалар мен бөлiмдерден), әскерлер мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарынан, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiнен босаған әскери қызметшiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен соттарының прокурорлық-тергеу қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарынан босаған қатардағы және басшы құрамының адамдары, егер олар осы жерден шақырылған болса немесе онда жақын туысқандары болса, шекара аймағына қызметтiк ұйғарымдары немесе өту куәлiктерi бойынша келедi, ал мiндеттi әскери қызметке шақырылған адамдар шекара аймағына тиiстi әскери комиссариаттардың олардың баратын пунктi көрсетiлген жiберiлген атаулы тiзiмдерi мен ұйғарымдары бойынша келедi.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң әскерлерiнен, қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарынан босаған әскери қызметшiлерi шекара аймағына, егер олар сол жерден шақырылған болса немесе жақын туысқандары болса, қызметтiк ұйғарымдар немесе өту куәлiктерi бойынша келедi.

21. Жергiлiктi және халықаралық тасымалдауды жүзеге асырушы яки темір жолдар мен тас жолдары, су жолдарын, тиiстi көлiк құралдарын, сондай-ақ мұнай құбырларын, байланыс пен электр қуатын беру желiлерiн жөндеу мен пайдалануды қамтамасыз ететiн кәсiпорындардың, ұйымдардың тұрақты қызметкерлерi шекара аймағына қызмет қажеттiлiгi жағдайында, осы қызметкерлер үшiн белгiленген еңбек мiндеттерi мен жұмыс учаскелерiнiң (рейстерiнiң, маршруттарының) шегiнде өздерiнiң қызметтiк куәлiктерi бойынша келедi.

22. Қазақстан Республикасы мен шекаралық облыстардың халық депутаттары, шекара аймағының аумағы ведомстволық жағынан бағынышты облыстық атқару органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары халық депутаттарының куәлiктерi немесе қызметтiк куәлiктерi бойынша келедi.

23. Шекара аймағына орналасқан балалардың (мектептердiң) сауықтыру мекемелерiне баратын балалар бұл аймаққа ұйымдасқан түрде, өту қағаздары немесе iс-сапар құжаттары бар өздерiн алып жүрушi адамдармен өту қағаздарынсыз келедi. Аталған балалар мекемелерiне орналасқан балалардың ата-аналары балаларына жолығу мақсатында шекара аймағына жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және балалар мекемелерiне жолдама берген кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың анықтамалары бойынша келе алады.

24. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және жеңiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдардың арасындағы мүгедектер шекара аймағына олардың жеке басын куәландыратын құжаттар және Ұлы Отан соғысына қатысушы куәлiктерi (жеңiлдiктер алу құқығы туралы куәлiктер және мүгедектiгi туралы құжаттар) бойынша келедi.

Туысқандарының қайтыс болу (науқастану) жағдайы бойынша шекара аймағына баратын азаматтар осы аймаққа олардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және емдеу мекемелерi растаған тиiстi телеграммалар (анықтамалар) бойынша, туысқандарының жерленген жерiне барған кезде - жергiлiктi атқару органдарының анықтамалары бойынша келедi.

25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша келген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шекара аймағына, соның iшіндегі шекара маңы аймағындағы еркiн экономикалық аймаққа (қалаға) келуi және онда болуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Барлық жағдайда олардың шекара аймағына келуi мен онда болуына рұқсатты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсу бойынша iшкi iстер органдары бередi.

Қазақстан Республикасының азаматтары, соның iшiнде шетелде тұрақты тұратын, шетел азаматтығын алған олардың отбасының мүшелерi шекара аймағында тұратын туысқандары мен таныстарына жолығу үшiн барғанда бұл аймаққа жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша және аталған туысқандары мен таныстарының жергiлiктi атқару органдары растаған шақырулары немесе телеграммалары бойынша келедi.

Қызмет, қоғамдық, жеке iстерi бойынша, емделуге және демалуға немесе туристер ретiнде шетелдерге барған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына келген кезде шекара аймағына орналасқан өзiнiң тұрақты тұратын жерiне шетелдiк паспорттар немесе ұлттық паспорттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қайтуы жөніндегі куәлiктерi бойынша барады.

26. Шекара аймағына баратын адамдар тиiстi пунктiне келісімен үш күн мерзiм iшiнде өзiнiң құжаттарын тiркеу немесе тiркелiм жасау үшiн iшкi iстер органдарына немесе жергiлiктi өкiмет органдарына тапсыруға мiндеттi.

27. Шекара аймағы шегiнде әкiмшiлiк орталықтары, мектептерi, ауруханалар, басқа мекемелер, кәсiпорындар (бiрлескен, шаруа) және ұйымдар, колхоздар (фермерлiк, жалгерлiк, шаруа шаруашылықтары) еркiн экономикалық аймақтың (қаланың) шаруашылық құрылымы орналасып, ал оларға қызмет көрсететiн азаматтардың бiр бөлiгi шекара аймағынан тысқары жерде тұрған жағдайда, бұл азаматтарға олардың жеке басын және сол жерде жағдайда тұратынын растайтын құжаттар бойынша келуге рұқсат етiледi.

Тиiстi жерлердiң тiзбелерiн шекара әскерлерiнiң келiсуi бойынша шекаралық облыстардың өкiмет пен басқару органдары белгiлейдi және жергiлiктi халық хабардар етiледi.

28. Сотталған немесе бас еркiнен айыру орындарынан мiндеттi түрде еңбекке тартуға шартты түрде босатылған адамдардың шекара аймағы шегiне келуi жалпы белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

29. Шекара аймағына психоневрологиялық диспансерлер (ауруханалар) мен еңбекпен түзеу мекемелерiн орналастыруға, әдетте, жол берiлмейдi.

30. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен, Көлiк министрлігімен, теңiз және өзен көлiгi басқармасының органдарымен бiрлесе отырып, шекара аймағында орналасқан темір жол стансаларының, разъездерiнiң және басқа тоқтату пункттерiнiң, автостансаларының, темір жол және өзен порттарының, порт-пункттерi мен айлақтарының, аэропорттар мен аэродромдардың тiзбелерiн, сондай-ақ аталған пункттерге бару үшiн азаматтардың жол жүру құжаттарын ресiмдеу тәртібі туралы және темір жол, әуе, теңiз, өзен және автомобиль көлiгi қызметкерлерiнiң шекара аймағына келу құқы жөніндегі жолаушылардың құжаттарын тексеру тәртібі туралы нұсқамаларды бекiтедi.

31. Көлiк кәсiпорындары мен ұйымдары iшкi iстер органдары берген жеке басын куәландыратын құжаттарды және шекара аймағына баруға құқық беретiн өткізу қағазын немесе шекара аймағына өткізу қағазынсыз баруға құқық беретiн тиiстi құжаттарды көрсетуi бойынша жолаушыларға шекара аймағында орналасқан стансаларға, порттарға, айлақтарға және аэропорттарға деген теміржолмен, автомобильмен, теңiзбен, өзенмен және әуе көлiгiмен жүру үшiн билеттер сатады және қызметтiк жүрiп-тұру билеттерiн бередi.

Шекара аймағына бару құқына арналған тиiстi құжаттары жоқ жолаушыларға билет сатуға жол берген адамдар, сондай-ақ көлiк құралына мiнгiзген жүргiзушiлер (машинистер), бұл үшiн Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап бередi.

32. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесiп өту құқына арналған құжаттары бар, шекара аймағы арқылы аялдап өтетiн жолаушыларға, соның iшiнде шетелге бара жатқан жолаушыларға олардың жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша поездарда, самолеттерде, кемелерде және автобустарда жүруiне рұқсат етiледi.

33. Шекара аймағы аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолардың (ауылдардың) аумағына немесе шекара аймағы белгiленбеген, шекара әскерлерi қорғайтын теңiз жағалауында кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға (колхоздарды қоса) және азаматтарға тиесiлi, балық аулайтын, аң аулайтын, ғылыми-зерттеу, спорттық және басқа өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер, сондай-ақ мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдар (аэрошаналар, буерлер, мотошаналар) осындай кемелерге және мұз үстіндегі қозғалыс құралдарына қадағалауды жүзеге асыратын органдарда белгiленген тәртiппен тiркелуден бөлек, шекара әскерлерiнiң таяу арадағы бөлiмшелерiнде тiркеуден өтуге тиiс, бұл туралы олардың иесiнiң тiркеу құжаттарына арнаулы штамп қойылады.

Аталған кемелермен мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдар белгiленген айлақтарға, кемежайларға және тiрек бекеттерiне бекітілуi керек және олардың тұруына арналған тұрақты орны болуға тиiс.

Бұл кемелердiң, сондай-ақ мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдардың тиесiлiлiгiн тану үшiн олардың иелерi әуеден көрiнетiн жерлерге таным белгiлерiн салады, ал жақтауына белгiленген тәртiппен тiркеу нөмiрiн жазады.

Шекара әскерлерiнiң осы тармақта көзделген кемелердi тiркеу тәртібі әскери кемелерге және Әскери-Теңiз Күштерiнiң өзге де кемелерiне, сондай-ақ тиiстi теңiз және өзен порттарына бекітілiп, белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақбалықөнеркәсiп кәсiпорындары мен ұйымдарына, басқа да министрлiктер мен ведомстволарға (Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi бекiткен тiзбе бойынша) тиесiлi кемелерге таратылмайды.

34. Өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелермен, мұз үстіндегі қозғалыс құралдарымен азаматтар шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауында, шекарадағы өзендер, көлдер және өзге су тоғандарының жағалауларында уақытша болған кезде олардың иелерi шекара әскерлерiнiң таяу маңдағы бөлiмшелерiнде уақытша есепке алынуға және белгiленген айлақтарда, кемежайлар мен тiрек бекеттерiнде ұсталуға тиiс.

35. Теңiз жағалауындағы шекара әскерлерi күзететiн маңайдағы шекара аймағы белгiленбеген шекара аймағының, сондай-ақ аудандар, қалалар, поселкелер және селолар (ауылдар) аумағының шегіндегі айлақтар, кемежайлар және тiрек бекеттерi тиiстi әкiм немесе халық депутаттарының Кеңестерi мүдделi кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың (колхоздарды қоса) ұсынуы бойынша айқындайтын жерлерде құрылады.

Белгiленбеген айлақтарда, кемежайларда, тiрек бекеттерiнде және осы үшiн бөлiнбеген басқа да орындарда өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi, мұз үстіндегі қозғалыс құралдарын сақтау мен қоюға, адамдарды мiнгізуге және түсiруге, жүктердi тиеуге және түсiруге, зiлзала мен авария жағдайынан басқа кезде тыйым салынады.

36. Құжаттарды ресiмдеу мен өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердiң, мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдардың теңiзге және шекарадағы өзен, көл тағы басқа су тоғандарының қазақстандық бөлiгiне шығуының тәртібін, олардың аумақтық теңiзде, Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекарадағы өзендермен өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгiнде жүру мен қозғалу тәртібін, осымен бiрдей дәрежеде аталған кемелер мен құралдар үшiн айлақтарды, кемежайларды және тiрек бекеттерiн жабдықтаудың тәртібін Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi Бас басқармасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.

Кәсiпорындар, мекемелер, және ұйымдар (кез келген меншiк нысандарындағы) тиiстi айлақтарды, кемежайлары және тiрек бекеттерiн белгiленген тәртiппен жабдықтауға, олардың күзетiлуi мен шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiмен байланысын қамтамасыз етуге мiндеттi. Азаматтарды осы объектiлердi күзетуге қатысты жұмысқа қабылдау шекара әскерлерiмен келісілiп жүргiзiледi.

37. Осы Ереженiң 34, 35, 36 және 37 тармақтарының өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдарды есептеу және ұстау, олардың республика суларында жүзу мен қозғалу бөлiгіндегі тәртiп шекара әскерлерi күзетпейтiн Арал теңiзiнiң жағалауына да таратылады (өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз үстiнде қозғалуға арналған құралдарды шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiнде есепке қоюдың тәртібінен басқасы).

38. Шекарадағы кеме жүретiн өзендерде, көлдер мен өзге де су тоғандарында балық аулау Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттарына сәйкес шекара әскерлерiнiң рұқсаты бойынша және Ауыл шаруашылығы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

ҚР Үкіметінiң 17.05.1996 № 609 қаулысымен 38-тармақ өзгертілді

Шекарадағы кеме жүрмейтiн өзендерде балық аулауға шекара әскерлерi ерекше жағдайларда рұқсат етуi мүмкiн.

39. Әуесқой балықшылардың, туристердiң және спортшылардың теңiзге, шекарадағы кеме жүзетiн өзендердiң, көлдердiң, өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгiне шығуына тәулiктiң жарық мезгiлiнде, шекара әскерлерi берген өткізу қағаздары бойынша тiркелген өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз үстіндегі қозғалысқа арналған құралдарда, қараңғы түскенге дейiн белгiленген айлақтарға, кемежайлар мен тiрек бекеттерiне оралатын етiп рұқсат етiледi.

Теңiзге шыққанда жағалаудан екi мильге дейiн ұзауға жол берiледi.

40. Шекара әскерлерi күзететiн теңiздiң жағалауларындағы, шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және басқа су тоғандарының жағалауларындағы шомылуға арналған орындарды, оларды жабдықтау мен пайдаланудың тәртібін шекара әскерлерiмен келiсе отырып, жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.

41. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң кемелерi аумақтық теңiздегi, Қазақстан Республикасының iшкi суларындағы, шекарадағы өзендер мен өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгіндегі кемелерге (катерлерге) түн мезгiліндегі қажет кезде орнатылған шамсыз жүзуге рұқсат етiледi. Бұл жағдайда кемелердiң (катерлердiң) командирлерi басқа кемелермен соқтығысып қалуды болдырмайтын шаралар қабылдауға мiндеттi.

42. Шекара аймағындағы аң аулаудың тәртібі шекара әскерлерiмен келісіледi.

Шекара өтетiн жерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен шекара әскерлерiнiң шекара өтетiн жерден тыс орналасқан инженерлiк қоршауы арасындағы жерлерде аң аулауға тыйым салынады.

43. Шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң қоршау жерлерi тұрған аралықтағы тұста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына (келісімдерiне) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік және қорғаныстық маңызды құрылыстар мен зiлзаланы жоюға, аса хауiптi жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстардан басқа құрылыс, шабу және басқа жұмыстар шекара әскерлерiнiң келісімiмен жүргiзiледi.

44. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен өзге де мүлiктердi шекара арқылы өткізудi ресiмдеудiң тиiстi тәртібін қамтамасыз ету мүддесiмен белгiленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режим, сондай-ақ тиiстi бақылауды жүзеге асыратын шекара әскерлерiнiң, кеден және басқа мекемелердiң бақылау-өткізу бекеттерiн құру және қызмет жағдайына қолдау көрсету бөтен адамдардың бекеттердегi олар үшiн жабық өткізу орындарына және шетелге бара жатқан көлiк құралдарына енiп кетуiн болдырмауға ықпал етуге тиiс.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі режимдi белгiлеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi Бас Басқармасы Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволармен келiсе отырып ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы негiзiнде және соны орындау үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудi жүзеге асыратын министрлiктер мен ведомстволар, аэропорттардың, теңiз және өзен порттарының, темір жол мен автомобиль вокзалдарының, станцияларының, бастықтары жергiлiктi жағдайды ескере отырып өздерiнiң бұйрықтарын (нұсқауларын) шығарады, оларды шекара әскерлерiмен, кеден органдарымен және iшкi iстер органдарымен келiседi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерi болып табылатын аэропорттарда, теңiз және өзен порттарында, теміржолдарда, автомобиль вокзалдары мен станцияларында шекара әскерлерi аэропорттарының, станциялардың, вокзалдардың әкiмшiлiктерiмен бiрлесiп, шекара және кеден бақылауы жүзеге асырылатын орынды айқындайды. Шекара әскерлерi бұл жерлерге қосымша режим тәртібін енгiзедi.

45. Оларға сенiп тапсырылған шетелге бара жатқан көлiк құралдарында адамдардың заңсыз жүруiне жол берген қазақстандық теңiз және өзен кемелерiнiң капитандары, әуе кемелерiнiң командирлерi, теміржолдағы поездардың бастықтары, вагондардағы жолсерiктер, автомобиль көлiгiнiң жүргiзушiлерi бұл үшiн Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауап бередi.

46. Шекара аймағының шегiнде, ал ол белгiленбеген жерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы маңындағы аудандар, қалалар, поселкелер, селолар, ауылдар немесе шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiз, iшкi сулар шекарадағы өзендер мен өзге де су тоғандарының қазақстандық бөлiгi шегiнде мыналар жүзеге асырыла алады:

а) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң рұқсатымен - әуе кемелерiнiң барлық үлгiлерiнiң ұшуы және аэрофото түсiрулер, геологиялық, топографиялық жұмыстар.

Қорғаныс Министрлігінiң рұқсатымен және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiмен келісіп-шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң инженерлiк қоршау желiлерi тұрған аралық жердегi жұмыстар;

б) Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң рұқсатымен-геологиялық, гидротехникалық, жол және өзге iздестiрулер, сондай-ақ шекарадағы өзен, көл және өзге су тоғандарының су режимi өзгеруiне байланысты гидротехникалық, мелиоративтiк және басқа жұмыстар, жергiлiктi жердi кино-фотоға түсiру, соның iшiнде шекара аймағының шегiнде.

47. Шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң мемлекеттік қоршау желісі тұрған аралықтағы жерге онда тұрақты тұрмайтын Қазақстан Республикасының азаматын өткізу өндiрiстiк немесе қызметтiк қажеттiлiк кезiнде ғана жүзеге асырылады. Бұл азаматтарды өткізудiң және уақытша болуының тәртібін, сондай-ақ аталған жерлердегi ауыл шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтердi жүргiзудiң тәртібін жергiлiктi атқару органдарымен келiсе отырып шекара әскерлерi белгiлейдi.

Шекара өтетiн және шекара әскерлерiнiң инженерлiк құрылыс желiлерi тұрған жерде орналасқан елдi мекендерге өткізудiң тәртібі шекара аймағындағыдай жүзеге асырылады.

Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң (колхоздарды қоса) басшылары шекара өтетiн және мемлекеттік шекара мен шекара әскерлерiнiң, инженерлiк қоршау желiлерi тұрған аралықтағы тұста өткiзiлуi көзделген ауыл шаруашылығы және басқа жұмыстардың уақыты, орны мен сипаты туралы шекара әскерлерiнiң бөлiмшесiне күнi бұрын хабардар етуге және жұмыс iстейтiн азаматтардың белгiленген шекара режимiн сақтауын қамтамасыз етуге мiндеттi.

48. Шекара әскерлерi және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындай отырып, қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы қолданады:

а) қару-жарақ пен жауынгерлiк техника:

Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiрудi әскери топтар мен бандылардың әуеден шабуыл жасауын тойтару үшiн;

- Мемлекеттік шекарадағы қарулы арандатудың жолын кесу үшiн;

- Шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне қарулы шабуылды тойтару үшiн;

- күтпеген жерден жасалған қарулы шабуылды тойтару және Қазақстан Республикасының шекарасын бұзушы басқа да қарулы қарсылықтарды тыю үшiн;

- жауынгерлiк техниканы пайдаланған шабуылды тойтару үшiн;

- ұсталған адамның тартып алынған қарумен қашқан кезiнде ескертусiз қолданылады;

б) «Тоқта!»деп дауыстап, жоғары қарай ескерту оғын атқаннан кейiн қару-жарақ пен жауынгерлiк техника:

- Шекарашылардың, шекараны немесе халықты қорғау жөніндегі қоғамдық парызын орындаушы адамдардың өмiрiне тiкелей қауiп төнген және оның бетiн қайтарудың басқадай әдiстерi мүмкiн болмаған жағдайда қарусыз адамның шабуылын тойтару мен қарсылығын тыю үшiн;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшiн ұсталған адамдар қашуға әрекет жасаған кезде, егер олар қарсылық көрсетiп, шекарашының өмiрiне анық қауiп төнсе;

- Әуе кемесiн алып қашқаны үшiн және бұған басқа әдiстi қарсы қоюдың мүмкiндiгi қалмаған кезде;

- азаматтарды олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрген шабуылдан, сондай-ақ кепiлге ұсталғандарды босату үшiн қолданылады.

49. Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiзде, iшкi суларда, шекарадағы өзендер мен өзге су тоғандарының және ашық теңiздiң қазақстандық бөлiгіндегі сулардағы шекара әскерлерiнiң кемелерiнiң (катерлерiнiң), авиациясының қару-жарақ қолдануға хұқы бар:

а) ескертусiз:

- Қазақстан Республикасының шекарадағы кемелерiне (катерлерiне) қарулы шабуылды тойтару үшiн немесе шетел кемелерiнiң қазақстандық жағалауларға, су астындағы және су үстіндегі қазақстандық объектiлерге қарулы әрекетiн (ату және т.б.) тыю үшiн;

оларды Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнде, iшкi суларда, шекарадағы өзендер мен өзге су тоғандарының қазақстандық бөлiгiнде тоқталып, ұстаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзушы - теңiз (өзен) кемелерiнiң қарулы қарсылығын тыю үшiн;

б) ескерту оғын атқаннан (дүркiн-дүркiн) кейiн:

- теңiз (өзен) кемелерiн алып қашуды болдырмау үшiн және оған басқа әдiспен қарсылық көрсетудiң мүмкiндiгi қалмағанда;

- мемлекеттік, кооперативтiк және жеке теңiз (өзен) кемелерiн қарулы шабуылдан қорғау үшiн, оларды басқадай қорғау шараларының нәтижесi болмағанда қолданады.

Кеменi нысанаға алу Қазақстан Республикасының суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген жағдайда, ашық теңiздегi шекара кемелерi (катерлерi) қару қолданады.

50. Шекара әскерлерiнiң ұшақтары мен тiкұшақтары:

- әскери топтар мен бандалардың Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасап басып кiруiн тойтару, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы қарулы арандатушылықтың жолын кесу үшiн;

- Шекара әскерлерiнiң кемелерiне (катерлерiне) оларға жасалған қарулы шабуылды тойтару кезiнде көмек көрсету үшiн немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұза отырып, қарулы қарсылық көрсеткен кемелердi тыю үшiн қару-жарақ қолданады.

51. Шекара әскерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған әуе кемелерi мен басқа да ұшатын аппараттарға, шетелдiң әскери кемелерiне, соның iшiнде сүңгуiр қайықтарға қатысты қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен және Қорғаныс министрлігімен келісіп қолданады.

52. Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметте жүрген кезде қару-жарақты сондай-ақ дабыл белгiсiн беруге немесе көмекке шақыруға пайдалануға хұқылы.

53. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi, Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң басқа да түрлерi қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы шекара әскерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасаған әскери топтар мен бандаларды тойтаруына, мемлекеттік шекарадағы қарулы арандатудың жолын кесуiне жәрдем көрсеткен кезде, сондай-ақ мемлекеттік шекараны бұзған әуе кемелерiне, басқа да ұшу аппараттарына, шетелдiң әскери кемелерiне, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы теңiз бен iшкi суларында әшкереленген сүңгуiр қайыққа қатысты қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен қолданады:

54. Шекара әскерлерiне:

- егер олар қарулы қарсылық көрсетпесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған адамдарға қатысты, соның iшiнде оларды ұстаған кезде керi оралуға әрекет жасаған адамдарға қатысты;

- егер шекараны бұзу анық кездейсоқ немесе мемлекеттiң шекараға жақын жерде ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарды атқаруға байланысты (аң аулау, мал жаю, саңырауқұлақ, жидек, отын жинау және басқа), сондай-ақ өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерде шомылу мен жүзу кезiнде орын алса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын шекарашылардың көзiнше бұзған адамдарға қатысты;

- шекарадағы режим мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимдi бұзғаны үшiн ұсталған адамдар қашуға әрекеттенген кезде;

- егер олар қарулы қарсылық көрсетпесе Қазақстан Республикасының аумағындағы суларында (аумағындағы теңiзде) және шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және басқа су тоғандарының Қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiкпен шұғылданып жүрген шетелдiң балық аулайтын және басқа кәсiпкер кемелерiне қатысты;

- егер мемлекеттік шекараны бұзудың нақты қаупi болмаса Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан шекара аймағындағы аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолар мен ауылдардың аумағындағы жолдармен немесе шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауымен жүрiп бара жатқан және шекара әскерлерiнiң аялдау туралы талаптарын орындамаған автокөлiк құралдарына қатысты;

- Қазақстан Республикасының шекарасынан өтiп бара жатқан хайуанаттарға;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимiн бұзушыларға қару қолдануға тыйым салынады.

55. Қару қолданған кезде, әдетте, Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасап басып кiрудi тойтару, қарулы адамдардың жолын кесу мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қарулы бұзушылармен бетпе-бет жүздесуден басқа жағдайларда, шектес мемлекеттердiң аумағына оқ пен снарядтардың ұшуына жол берiлмейдi.

Қаруды заңсыз қолданған адам Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тәртiпке шақыратын, қылмыстық немесе өзге жауапкершiлiкке тартылады.

56. Мемлекеттік шекараны тiкелей қорғайтын шекара әскерлерiнiң бөлiмшелеріндегі қару мен оқ-дәрiнi сақтаудың, берудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетi айқындайды.

57. Қажет жағдайда, шекара әскерлерi құрамалары мен бөлiмдерi командирлерiнiң қарауы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауға тартылған жекелеген азаматтарға шекараны қорғау жөніндегі әрекеттер кезеңiнде оқ ататын, суық қарулар берiлуi мүмкiн, бұл орайда шекара әскерлерiнiң құрамалар (бөлiмдер) командирлерi бұл азаматтардың қаруды қолданудың тәртібі туралы осы Ережеде көзделген талаптарды орындауын қамтамасыз етуге мiндеттi.

58. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мiндеттерiн орындаған кезде шекара әскерлерiне арнаулы құралдарды (қол кiсен, резеңке таяқ, көзден жас ағызатын, қолдануға рұқсат етiлген және басқа заттар (газдар), назарды басқа жаққа аударып жiберетiн жарық-дыбыс қондырғысы, көлiктi күшпен тоқтатуға арналған қондырғы, күрестiң жауынгерлiк әдiстерi мен қызметтiк иттер) қолдану құқы берiледi.

Бұл құралдарды қолдану мен пайдаланудың тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетi айқындайды.

59. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмаса және шектес мемлекеттердiң шекарадағы өкiлiне берiлмесе, Қазақстан Республикасында құруға қалдырылуы немесе одан қуылуы мүмкiн.

Бұл шараларды жүзеге асырудың тәртібін Сыртқы iстер министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi айқындайды.

60. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, шекара әскерлерiнiң басшылығына, күзетшi кемелердiң (катерлердiң) отрядтарына, бригадаларына, жекелеген бақылау - өткізу бекеттерiне, КХР-дың шекараны қорғау өкiлдерiмен уағдаластық бойынша мемлекеттік шекараның қолданылып жүрген режимiн ұстау, қақтығыстарды реттеу, қылмысты-элементтердiң шекараны бұзғаны, зiлзала, қауiптi аурулар, азаматтардың жоғалуы туралы хабарлау жөніндегі шараларды үйлестiру үшiн олармен шекара өкiлдерiнiң кездесуiн өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және басқа мүлiктердi өткізудi жүзеге асыру жөніндегі жұмыста байланыс пен өзара iс-қимылды қолдану отыруға рұқсат етiледi.

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1993 жылғы 30 маусымдағы

№ 552 қаулысымен

Бекiтiлген

 

 

Аумағының шегiнде шекара аймағы белгiленетiн

аудандардың, қалалардың, селолық, ауылдық кеңестердiң, темір жол

стансаларының, әуе-жайлардың және өзен кеме айлақтарының

ТIЗБЕСI

 

картасы 1: 200000

1974 жылғы басылымы

 

Алматы облысы

Райымбек ауданындағы Нарынқол, Жамбыл, Текес, Тегiстiк, Көкбек, Қайнар, Сарыжаз, Шалкөде, Қарасаз, Сарыбастау, Сүмбi, Қызылшекара, Шибүтiн, Көмiршi селолық кеңестерi шегiнде.

Ұйғыр ауданындағы Көлжат, Кiшi Диқан, Кетмен, Дардамты селолық кеңестерi шегiнде

Талдықорған облысы

Панфилов ауданы - толығымен.

Гвардия ауданындағы Калиновка, Чкалов, Көксу селолық кеңестерi шегiнде.

Көксу ауданы - толығымен.

Талдықорған ауданы - толығымен.

Қапал ауданындағы Арасан, Суықсай селолық кеңестерi шегiнде.

Сарқанд ауданындағы Аманбөктер, Покатилов селолық кеңестерi шегiнде.

Үйгентас ауданындағы Лепсi селолық кеңесi шегiнде.

Алакөл ауданындағы Достық поселкелiк кеңесi және Арғайты селолық кеңесi шегiнде.

Семей облысы

Мақаншы ауданы - толығымен.

Ақсуат ауданындағы Ойшiлiк, Құмкөл, Екпiн, Ақсуат селолық кеңестерi шегiнде.

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы - толығымен.

Зайсан ауданы - толығымен.

Марқакөл ауданы - толығымен.

Катонқарағай ауданы - толығымен.

Темір жол стансалары

Талдықорған облысы

Алматы темір жолының Достық, Жалаңашкөл, Көктұма, Ақши стансалары мен № 13, 16, 19 разъездерi.

Әуежайлар (АӘФ-ның жергiлiктi әуе жолы)

Талдықорған облысы

Панфилов ауданының Жаркент қаласы

Семей облысы

Ақсуат ауданының Ақсуат селосы

Мақаншы ауданының Қабанбай селосы

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданының Зайсан қаласы

Тарбағатай ауданының Ақжар қаласы

Марқакөл ауданының Алексеевка селосы

Марқакөл ауданының Боран селосы

Катонқарағай ауданының Катонқарағай селосы

Өзен айлақтары

Iле пароходствосының Борахұдзыр және Дүбүн айлақтары,

Жоғарғы Ертіс пароходствосының Приозер, Боран айлақтары

Республиканың шекара маңындағы облыстарының жоғарыда көрсетiлген аудандарының, қалаларының, поселкелерiнiң, селолық (ауылдық) кеңестерiнiң барлық автобекеттерi (автостансалары) шекара аймағына