Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 мамырдағы № 609 Қаулысы

(2014.16.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 17 мамырдағы

№ 609 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне

енгiзiлетiн өзгертулер

 

1. ҚР Үкіметінің 1999.01.29.№ 68 Қаулысымен күші жойылды

2. ҚР Үкіметінің 1999.01.29.№ 68 Қаулысымен күші жойылды

3. ҚР Үкіметінің 2014.16.04. № 356 Қаулысымен күшi жойылды (бұр.ред.қара)

4. «Балық» мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 ақпандағы № 157 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,№ 7, 73-бап):

2-қосымшаның атауындағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет» деген сөздер «Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. ҚР Үкіметінің 1997.04.30 № 689 Қаулысымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 17 мамырдағы

№ 609 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң

тiзбесi

 

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1992 жылғы 6 мамырдағы № 112 өкімі.

2. «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 19 мамырдағы № 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 20, 320-бап).

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1993 жылғы 12 сәуірдегі № 139 өкімі.

4. «Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 49, 555-бап).

5. «Балық» мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 ақпандағы № 157 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 7, 73-бап).

6. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30 наурыздағы № 369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 11, 127-бап).

7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 719 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 18, 205-бап).

8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 шiлдедегi № 948 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар деген 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1995 ж., № 24, 271-бап).

9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясы туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 шiлдедегi № 1013 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 293-бап).