Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы
2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

4-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсаттары

5-бап. Алып тасталды

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

6-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің құрылымы

6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

6-2-бап. Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

6-3-бап. Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

6-4-бап. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті

6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар

7-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері

8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар

9-бап. Шама бiрлiктерi

10-бап. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары

10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары

11-бап. Өлшем құралдары

11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері

11-2-бап. Стандартты үлгілер

11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері

12-бап. Өлшемдерді орындау әдістемелері

3-тарау. Алып тасталды

4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама

17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау

18-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу

19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру

20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу

5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау

20-1-бап. Метрологиялық сараптама

21-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты

22-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері

23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы

24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау

25-бап. Алып тасталды

26-бап. Алып тасталды

27-бап. Алып тасталды

28-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері

6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу

29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық

30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу

7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру

31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру

 

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша «уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылды (кушіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қадағалау», «қадағалауға», «қадағалауды», «қадағалаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау», «бақылауға», «бақылауды», «бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;

4) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) метрологиялық бақылап тексеру - өлшем нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтиже салыстырып тексеру мен калибрлеудің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен сәйкестендірілуі мүмкін;

5) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) метрологиялық сараптама - метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

5-2) метрологиялық сипаттама (өлшем құралдары) - өлшем нәтижесіне әсер ететін, өлшем құралы қасиеттерінің бірінің сипаттамасы;»;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

5-3) метрологиялық талаптар - өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының өлшем дәлдігінің нәтижесі мен көрсеткіштеріне әсер ететін сипаттамаларына (өлшемдеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (өлшемдер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) өлшем - шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) өлшем белгісіздігі - өлшем нәтижесімен байланысты және өлшенетін шамаға негізделіп жазылуы мүмкін мәндердің шашырап кетуін сипаттайтын параметр;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) өлшем бірлігі - өлшемнің жай-күйі, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілердің, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың электрондық дерекқоры;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі - сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

9-2) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемесі - шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және рәсімін белгілейтін құжат;

10) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау);

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

12-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

12-2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларға белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығының сипаты;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;

14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы;

15) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

16) өлшем құралы - өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

16-1) өлшем құралының типін бекіту - уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;

17) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

18) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы;

20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау);

20-1) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

21) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

21-1) стандартты үлгі - өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);

22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

23) шама бірлігі - бірлікке тең сандық мән шартты түрде берілген тіркелген мөлшердің шамасы және өзімен біртекті шамаларды сандық жағынан білдіру үшін қолданылатын шама;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - шама бірлігінің уәкілетті органның шешімімен танылған және мемлекеттік меншіктегі эталоны;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

24-1) шама бірлігінің мөлшерін беру - өлшем құралымен сақталатын шама мөлшерін осы шама бірлігінің эталонымен немесе дәлдік көрсеткіштері анағұрлым жоғары стандартты үлгімен жаңғыртылатын немесе сақталатын шама бірлігіне келтіру;

25) шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

26) шама бірлігінің эталонын немесе өлшем құралын калибрлеу - шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін айқындау мақсатында осы шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының көмегімен алынған шаманың мәні мен анағұрлым жоғары дәлдіктегі шама бірлігі эталонының көмегімен айқындалған тиісті шама мәні арасындағы арақатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

27) шама бірліктерінің эталондарын салғастыру - бір дәлдік деңгейіндегі шама бірліктерінің эталондарымен өлшем бірлігін жаңғыртқан және берген кезде өлшем нәтижелері арасындағы арақатынастарды белгілеу.

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

Осы Заң барлық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсаттары

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мүдделерін өлшемнің анық емес нәтижелерінен қорғау;

2) іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемнің анық нәтижелерін алу;

3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің халықаралық жүйесіне интеграциялау.

 

 

5-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

 

2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің құрылымы

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің құрылымына:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық;

5) жеке және заңды тұлғалар кіреді.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретіне:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау жатады.

3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6-2-бап. Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;

3) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;

5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындау;

6) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;

7) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

8) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;

9) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;

10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындау;

11) өлшем құралдарының типін бекіту туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;

12) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін айқындау;

13) өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;

14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;

15) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібін айқындау;

16) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

17) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

18) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындау;

19) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерге метрологиялық талаптарды мемлекеттік органдармен бірлесіп белгілеу;

20) өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындау;

21) өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу тәртібін айқындау;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

21-1) өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

21-2) дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау;

22) аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

23) стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;

24) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

25) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін айқындауға бағытталған жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

26) стандартты үлгілерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

27) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;

28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6-3-бап. Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;

2) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін уәкілетті органмен бірлесіп бекітуді;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-4-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6-4-бап. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыретіне:

1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың нәтижелеріне салғастыруды жүргізу;

3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;

5) шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құру;

6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу;

7) өлшем құралдарын шығару және жөндеу;

8) стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексерілетін газ қоспаларын шығару;

9) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізу;

10) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу;

11) метрологиялық сараптама жүргізу;

12) шама бірліктерінің эталондарын салғастыруды жүргізу және оған қатысу;

13) өлшем құралдарына типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау, сынақ жабдықтарына аттестаттау жүргізу;

14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу;

15) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау, қайта аттестаттау және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу;

16) салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды ұйымдастыру;

17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу;

18) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, Жердің айналу параметрлерін айқындау;

19) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды орындау;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-5-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар

Жеке және заңды тұлғалардың:

1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;

2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;

3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге;

4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге;

6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері мыналар болып табылады:

1) шама бірліктері;

2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

3) шама бірліктерінің эталондары;

4) өлшем құралдары;

5) стандартты үлгілер;

6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;

7) өлшемдерді орындау әдістемелері;

8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;

9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар

1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады.

2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:

салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;

өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;

аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;

Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.

 

9-бап. Шама бiрлiктерi

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Өлшемдер және салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.

Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі.

2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10-бап. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары

Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары құрайды, олардың құрылуын және ұстап-тұруын мемлекет жүзеге асырады.

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады және олардың мөлшерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.

Шама бірліктерінің мөлшерлерін беру - шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, ал Қазақстан Республикасында шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады.

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросы шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттер шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары

Шама бірліктерінің эталондары олардың мөлшерлерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.

Шама бірліктерінің эталондары - Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11-бап. Өлшем құралдары

Өлшем құралдары бірліктері белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды айқындау үшін пайдаланылады.

Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.

Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.

Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

11-2-бап. Стандартты үлгілер

1. Стандартты үлгілер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттар (материалдар) құрамының немесе қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналады.

Стандартты үлгілер өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.

2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері

1. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін белгілеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, оларды жасаушылар, иелері және (немесе) пайдаланушылар әзірлейді және бекітеді.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

12-бап. Өлшемдерді орындау әдістемелері

Өлшемдерді орындау әдістемелері осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есепке алу операцияларын жүргізу үшін зерттеу объектілерін сынау кезінде қолданылады.

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.

 

 

3-тарау. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында типін бекітуге жатады.

Уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелері негізінде қабылдайды және ол өлшем құралдарының типін бекіту туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Айналымға санаулы данада шығарылатын, осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары үшін метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтарды және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық, оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.

Өлшем құралдарының бекітілген типі және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі.

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдары өлшем құралдарының типін бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтарға жатпайды.

4. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы ақпарат және бекітілген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6. Типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланудағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары осы Заңның 19-бабының талаптары сақтала отырып, толық физикалық тозғанға дейін қолданылады.

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18-бап жаңа редакцияда

18-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу құқығына аккредиттеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау міндетті болып табылады.

Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу ерікті болып табылады.

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі.

2. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi электрондық есепке алуды және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берудi жүзеге асыруға тиiс.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушілері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. Физикалық шамалардың өзгерістерін олардың мәндерін нормаланған дәлдікпен шамалар бірліктерінде бағалаусыз байқау үшін қолданылатын өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.

Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына және шама бірліктерінің эталондарына калибрлеу жүргізіледі.

Типі бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптар өлшемдер кезінде қолданылатындарды қоспағанда, аккредиттеу субъектілері қолданатын өлшем құралдары калибрлеуге жатады.

Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.

Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндері, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

20-1-бап. Метрологиялық сараптама

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың (сәйкестік дәрежесі бірдей халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде әзірленетін стандарттарды қоспағанда) жобаларындағы стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.

2. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі және техникалық регламенттердегі стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

21-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты

Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырады.

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

22-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Мыналар мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылады:

1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

2) шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;

3) стандартты үлгілер;

4) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;

5) өлшемдерді орындау әдістемелері және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;

6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны;

7) кез келген түрдегі қаптамаларда өлшеніп-оралған өнімді өткізу кезінде оның саны.

2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын объектілерге қолданылады.

3. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

23-бап. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 24-бап жаңа редакцияда

24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау

1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:

1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар берген;

2) ақпараттық жүйелерден алынған;

3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) жасалады.

Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;

2) поштамен - тапсырысты хатпен;

3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.

3. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге мемлекеттік метрологиялық бақылау:

1) мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың іс жүзінде орындалуын айқындау үшін;

2) иеліктен шығарылатын өнімнің массасын, көлемін, шығысын немесе санын сипаттайтын басқа да шамаларды айқындаудың дұрыстығын тексеру мақсатында;

3) қаптамадағы өнім санының қаптамада белгіленген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

 

25-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

26-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

27-бап. 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)

28-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мыналар мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының басшысы;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;

3) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары;

4) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары.

2. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өгертілді

1) тексеру тағайындау туралы актіні, сондай-ақ қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;

2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;

3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша өгертілді (бұр.ред.қара)

5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, өлшем құралдарын салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұсынымдар, нұсқамалар жасауға, беруге;

 7) 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды

28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері

Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;

4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

 

 

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу

 

09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу

Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

 

 

7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру

 

09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді

31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Бюджет қаражаты есебінен:

1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелік жарналар төлеу;

2) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, мемлекеттік меншіктегі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және күтіп-ұстауға арналған шығыстар;

3) нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және олардың жобаларына міндетті метрологиялық сараптама жүргізуге арналған шығыстар қаржыландырылады.

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев