Қазақстан Республикасының Су Кодексі
(2003 ж. 9 шілде № 481-ІІ)

(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер                                              (1-21 баптар)
    1-тарау. Негізгі ережелер                                         (1-10 баптар)
    2-тарау. Су қатынастары объектілері                               (11-21 баптар)
 2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы            (22-32 баптар)
          құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
    3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы                         (22-23 баптар)
    4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге     (24-32 баптар)
             де құқықтар                                                        
 3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік       (33-63 баптар)
          реттеу                                                               
    5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы                (33-35 баптар)
             мемлекеттік басқару                                              
    6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен           (36-39 баптар)
             қорғауды басқару саласындағы құзыреті                           
    7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы                (40-43 баптар)
             бассейндік басқару                                             
    8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы                (44-47 баптар)
             мемлекеттік жоспарлау                                         
    9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау        (48-54 баптар)
             мен сараптама                                                
    10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның             (55-57 баптар)
              жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар    
    11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік              (58-61 баптар)
              есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су          
              объектілерінің мемлекеттік мониторингі. Су қорын
              ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми және
              инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету          
    12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы               (62-63 баптар)
              жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және 
              қоғамдық бірлестіктердің қызметі           
 4-Бөлім. Су пайдалану                                                (64-76 баптар)
    13-тарау. Су пайдалану құқығы                                     (64-76 баптар)
 5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру                                 (77-89 баптар)
    14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары                                 (77-80 баптар)
    15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы               (81-89 баптар)
              мемлекеттік нормалау                      
   Ерекше бөлік                                                       (90-146 баптар)
 6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану    (90-111 баптар)
    16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау    (90-92 баптар)
    17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар   (93-94 баптар)
              үшін пайдалану                           
    18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл     (95-102 баптар)
              шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану
    19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын        (103-104 баптар)
              өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
    20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, (105-106 баптар)
              ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану  
    21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын балық  (107-108 баптар)
              және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану  
    22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн    (109-111 баптар)
              пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен  
              тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану  
 7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы      (112-126 баптар)
          күресу                                             
    23-тарау. Су қорғау қызметі                                       (112-120 баптар)
    24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері   (121-122 баптар)
    25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу  және оларды жою        (123-124 баптар)
    26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен              (125-126 баптар)
              белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі        
 8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі           (127-131 баптар)
          шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері
    27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері            (127-131 баптар)
 9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің экономикалық      (132-136 баптар)
          тетігі
    28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері          (132-136 баптар)
 10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын      (137-140 баптар)
           бұзғаны үшін жауаптылық                                    
    29-тарау. Су дауларын шешу                                        (137-138 баптар)
    30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін      (139-140 баптар)
              жауаптылық                                               
 11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау               (141-146 баптар)
           саласындағы халықаралық ынтымақтастық                        
    31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау            (141-145 баптар)
    32-тарау. Қорытынды ереже                                         (146-146 баптар)
 

бүкіл мәтін бойынша:

"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның" , "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен" , "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен",  "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға"  деген сөздер тиісінше  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен",  "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға"

 деген сөздермен ауыстырылды;

"Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиісінше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға"  2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  деген сөздермен ауыстырылды  (бұр. ред. қара)

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекарамен шектелген су кеңiстiгi;

2) су объектiсiнiң бассейнi - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;

3) жер асты суларының бассейнi - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;

4) басқарудың бассейндiк принципi - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы өзендердiң, көлдердiң және басқа да су объектiлерiнiң бассейндерi шегiнде су ресурстарын бөлу кезiнде iске асырылатын су қорын гидрографиялық белгiлер бойынша басқару;

5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi - су тұтынушылар үшiн ауыз сумен жабдықтаудың бiрден-бiр көздерi, олардың ауыстырылуы мүмкiн емес және мақсатқа сай келмейдi;

6) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (лық толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;

7) жағалау белдеуi - су объектiлерi жағалауының бойындағы табиғат қорғау талаптарын сақтай отырып, навигациялық белгiлер мен жабдықтарды орнатуға арналған жағалау жиегiнен енi жиырма метр құрлық белдеуi;

8) су сервитуты - су объектiсiн шектеулi пайдалану құқығы;

9) сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;

10) су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi;

11) су жинау алаңы - шекарасы шегiнде су объектiсiнiң су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;

12) сулардың зиянды әсерi - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы нәтижесiнде судың шаруашылық және өзге де қызметке терiс әсер етуi;

13) су шаруашылығы - су объектiлерiн пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;

14) су режимi - су объектiлерi мен топырақ қабатындағы су деңгейiнiң, шығыстары мен көлемiнiң уақытқа қарай өзгеруi;

15) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектерi мен кешендерi - тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;

16) су тарту құрылысы - су объектiлерiнен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешенi;

17) ағын су - ойпаңды жер бетiнде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектiсi;

13) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметiнiң арнайы режимi белгiленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ;

19) су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану;

20) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;

21) су тұтынушы - су объектiлерiнен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерiн пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерiнен су алушы жеке немесе заңды тұлға;

22) су шаруашылығы ұйымдары - қызметi суларды реттеумен, жеткізумен, молайтумен, су дайындаумен, ағынды суларды бұрумен және су объектiлерiн пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;

23) су қорғау белдеуi - шектеулi шаруашылық қызметi режимi белгiленетiн, су объектiсiне және су шаруашылығы құрылыстарына iргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі енi кемiнде жиырма метр аумақ;

24) су шаруашылығы жүйесi - суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ағынды суларды бұруға арналған өзара байланысты су объектiлерi мен гидротехникалық құрылыстар кешенi;

25) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды бұру және судың зиянды әсерiн жою мақсатымен су объектiлерiнде жасанды құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;

26) гидромелиорациялық жүйе - жердi суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешенi;

27) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, суды дайындау, су пайдаланушыларға беру, тасымалдау және суды бұру, сондай-ақ олардың зиянды әсерiнiң алдын алу үшiн пайдаланылатын инженерлiк құрылыстар;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды

27-1) мемлекеттік бақылау - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңнаманы бұзушылықтың себептері мен жағдайларын анықтау және жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілерді дәл және біркелкі қолдану және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің міндетті талаптарын орындау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар жүйесі;

28) су қорының жерлерi - су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздеріндегі ағындыны реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулерiне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнiп берiлген жерлер;

29) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшiн сумен жабдықтау көзiн (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатымен белгiленген режим сақталуға тиiс сумен жабдықтау көзi мен су құбыры құрылыстарының төңiрегiнде арнайы бөлiнетiн аумақ;

30) су объектiсіндегі рекреация аймағы - жаппай демалыс, туризм және спорт үшiн пайдаланылатын су объектiсi немесе оның iргелес жағалауы бар учаскесi;

31) су пайдалану көзi - су пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн су объектiсi;

32) су объектiлерiн пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн су объектiлерiнiң пайдалы табиғи қасиеттерiн алу;

33) өзендерге теңестiрiлген каналдар - суды бiр бассейннен екiншiсiне, сондай-ақ бiр өзен жүйесiнен екiншiсiне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;

34) шегендеу құрылысы - табиғи шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетiне шығарылуын қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрылыс;

35) көлдете суару - гидротехникалық құрылыстар жүйесiнiң көмегiмен немесе оларсыз қар суын, тасқын суды және басқа да суларды ауыл шаруашылығы алқаптарына жайып жiберу үшiн пайдалану;

36) жер асты суларының көздерi мен учаскелерi - шегiнде жер асты суларын шығару мен алу үшiн қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердiң бөлiктерi;

37) минералды жерасты сулары - өзiнiң құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерiнiң мөлшерi бойынша оң бальнеологиялық әсер ететiн жерасты сулары;

38) ластаушы заттардың шоғырлануының жол берiлетiн шектi нормативтерi - адамның денсаулығын қорғау және өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне зиянды әсерiн болғызбау мақсатында белгiленетiн ластаушы заттардың су объектiлерiнде болуы мен табиғи факторлардың су ортасына әсер етуiнiң жол берiлетiн шамалары;

39) суару каналы - суару көздерiнен суаруды талап ететiн учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;

40) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерi - бiреуден артық елдi мекенге қызмет көрсететiн, басымдылығы мен әлеуметтiк маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Yкіметі топтық сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерiнiң санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық жүйелерi;

41) cу объектiлерiн қорғау - су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет;

42) жер үстi су объектiлерi - шекарасы, көлемi мен су режимi бар, құрлық бетiнде оның бедерi нысанындағы сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;

43) су жiберу - ағын судың төменгi учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейiн немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейiн реттеу үшiн су қоймасынан суды кезеңдеп немесе мезгiлдеп беру;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды

43-1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тексеру - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және (немесе) өңірлік және аумақтық органдардың лауазымды тұлғасының немесе лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлік субъектілерінің су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын іс-әрекеті;

44) өндiрiстiк-техникалық жерасты сулары - өзiнiң сапасы мен физикалық қасиеттерi бойынша өндiрiстiк-техникалық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты сулары;

45) су ағызу каналы - бөлу желісінiң жалғасы болып табылатын, пайдаланылған және артық суды өзеннiң арнасына немесе табиғи ылди жерге қарай ағызу үшiн пайдаланылатын жасанды құрылыс;

 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара)

46) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;

47) трансшекаралық әсер - табиғи көзi шектес мемлекеттiң немесе көршiлес мемлекеттердiң аумағында толық немесе iшiнара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметiнен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруi нәтижесiнде пайда болатын зиянды зардаптар;

48) құбырлы сүзгiш құдық - су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекітілетiн бiрқатар тесiктерi бар құбыр кесiндiсi;

49) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы басқару мен бақылау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

50) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестiк меншiк құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнiң құрамына кiретiн бiр гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерiмен суарылатын жеке меншiк немесе уақытша өтеулi пайдалану құқығында жер учаскесi бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

51) жерасты шаруашылық-ауыз сулары - өзiнiң табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейiнгi сапасы бойынша нормативтiк талаптарға сай келетiн және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетiне, не ауыз су өнiмдерiн өндiруге арналған жерасты сулары;

52) шахта құдығы - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетiнен атмосфералық және жер үстi суларын бұру мақсатында жерасты суларын алу үшiн құрылған тереңдiгi көлденең кесiктен үлкенiрек тiк тау-кен қазындысы.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

1. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткізу және қолдау болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) су қатынастарын реттеу;

3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;

4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;

5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.

 

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

 

5-бап. Су объектiлерi

Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

 

6-бап. Су ресурстары

Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.

 

7-бап. Су қорының жерлерi

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  1 тармақ жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара)

1. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.

2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.

4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.

 

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

1. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады.

2. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады.

3. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:

1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттік маңызын мойындау;

2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;

3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткізуi;

4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;

5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;

6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;

9) су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.

 

10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастар

1. Қазақстан Республикасының су заңдары су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы құрылыстарын басқару саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.

2. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi.

3. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.

4. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жер асты сулары мен жер асты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және, осы Кодекстiң 66-бабының 5 және 6-тармақтарын қоспағанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

5. Су объектiлеріндегі табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңдарымен реттеледi.

6. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.

7. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

8. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

 

2-тарау. Су қатынастары объектілері

 

11-бап. Су қатынастары объектiлерi

1. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.

2. Су объектiлерi:

1) жер үстi су объектiлерi;

2) жер асты су объектiлерi;

3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;

4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.

3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:

1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;

2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;

3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;

5) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi.

 

12-бап. Жер үстi су объектiлерi

1. Жер үстi су объектiлерi:

1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;

2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.

2. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.

 

13-бап. Жер асты су объектiлерi

Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:

1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;

2) жер асты суларының бассейнi;

3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;

4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;

5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.

 

14-бап. Теңiз сулары

1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

15-бап. Трансшекаралық сулар

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.

2. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртібі осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.

 

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.

2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.

 

17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.

2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.

3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша бередi.

5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.

2. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

 

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi

Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.

 

20-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi

1. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi деп танылады.

2. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi

Осы Кодекстiң 7-бабының 2-тармағында аталған жерлердi қоспағанда, су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

 

2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы.

Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және

өзге де құқықтар

 

3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы

 

22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша табыстайды.

2. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:

1) қысқа мерзiмдi пайдалану;

2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.

3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.

4. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.

 

23-бап. Су сервитуты

1. Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.

2. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртібін жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.

4. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.

5. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.

6. Қауымдық және жеке су сервитуттары:

1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;

2) суат және мал айдау;

3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

7. Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi.

 

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік

құқығы және өзге де құқықтар

 

24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

1. Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік не жеке меншiкте болуы мүмкiн.

2. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

 

25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

1. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және жекешелендiруге жатпайды.

2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

 

26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарына бекітілiп берiледi.

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.

 

27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары

Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарға бекітілiп берiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарынан басқалары, жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.

 

28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

1. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.

2. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.

Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттік және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.

3. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.

 

29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

1. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.

2. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.

 

30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқару

1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттік басқаруды енгізуi мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды және олармен мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу

1. Су шаруашылығы құрылыстарына және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

2. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттік тiркеу құрылысқа су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.

 

32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi

1. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады.

2. Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушiлердiң қамтамасыз етуiн қадағалауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

 

3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау

саласындағы мемлекеттік реттеу

 

5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау

саласындағы мемлекеттік басқару

 

33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:

1) мемлекетаралық;

2) мемлекеттік;

3) бассейндiк;

4) аумақтық.

3. Мемлекеттік органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн.

 

34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;

3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;

4) бассейндiк басқару;

5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.

 

35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi:

1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды айқындау;

2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;

3) су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөніндегі iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;

5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу;

6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу;

7) экологиялық талаптар мен шектеулердi жоспарлау және сақтау;

8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау;

9) мемлекеттік меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару;

10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту;

11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару.

 

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен

қорғауды басқару саласындағы құзыреті

 

36-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;

3) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу тәртібін белгiлейдi;

4) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнiң тiзбесiн бекiтедi;

5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін бекiтедi;

6) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн бекiтедi;

7) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекіту тәртібін белгiлейдi;

8) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртібін белгiлейдi;

9) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын белгiлейдi;

10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерiн бекiтедi;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

13) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

37-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

2) экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;

4) экономика салаларында су тұтынудың үлестiк нормаларын келiседi;

5) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат берудi, олардың күшiн тоқтата тұруды жүзеге асырады;

 ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;

8) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзiрлейдi;

9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

11) суды және оның пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;

12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткізуiн қамтамасыз етедi;

13) су объектiлерiн пайдалану және республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң режимiн, сондай-ақ тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн бекiтедi;

14) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

15) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының және су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзу жобаларын келiседi;

16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;

19) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;

21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;

22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

24) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердiң суармалы жерлердiң мониторингi мен мелиоративтiк жай-күйiн бағалауды жүргiзуiн ұйымдастырады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  25) тармақшамен толықтырылды   (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

25) судың бастапқы есебінің ережелерін бекітеді.

2. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;

2) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртібін белгiлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

5) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;

3) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға бередi;

4) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келісімге қатысады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

5) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды iске асыруды қамтамасыз етедi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

6) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі бассейндiк бағдарламаларды iске асыруды жүзеге асырады;

7) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiседi;

8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

9) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді.

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың айрықша маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі.

 

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы

бассейндік басқару

 

40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi бассейндiк басқармалар) - уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Бассейндiк басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру;

3) тиiстi бассейн шегiнде перспективалық жоспарлар мен даму бағдарламалары негiзiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер дайындау және iске асыру;

4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргізу;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, олардың күшiн тоқтата тұру;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

7) мүдделi мемлекеттік органдардың қорытындыларын:

тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту жобаларын;

су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды;

су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөніндегі iс-шаралар жоспарларын келiсу;

8) судың жай-күйiне әсер ететiн өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;

9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

10) жер асты суларының қорларын бекітуге қатысу;

11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;

19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

20) су қорын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;

21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

22) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  23) тармақшамен толықтырылды   (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тіркеу.

 

41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның

аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруда:

1) жасалған су шаруашылығы баланстары, тиiстi бассейннiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары негiзiнде су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге;

2) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп тиiстi бассейннiң су объектiлерiнiң мониторингiн жүргiзуге;

3) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

4) бассейндiк келісімдер әзiрлеуге және ведомстволық бағыныстағы аумақтарда олардың жүзеге асырылуын бақылауға;

5) су объектiлерiн пайдалану, ұдайы молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (аймақтық және бассейндiк) бағдарламалар үшiн ұсыныстар әзiрлеуге қатысады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бекітілген бас схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн жүзеге асыруға қатысады.

 

42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер (бұдан әрi - бассейндiк келісімдер) бассейндiк басқармалардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады.

2. Бассейндiк келісімдерде тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөніндегі мiндеттемелер болады.

3. Бассейндiк келісімдердi дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғау схемалары, су объектiлерiн пайдалану, қалпына келтiру және қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, ғылыми және жобалық әзiрлемелер, даму болжамдары және өзге бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Бассейндiк келісімдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкін.

 

43-бап. Бассейндiк кеңес

1. Бассейндiк кеңес бассейндiк келісім шеңберiнде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Тиiстi бассейндiк басқарманың басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң әзiрлiк жұмысын ұйымдастыру бассейндiк басқармаға жүктеледi.

3. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келісімге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.

 

8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы

мемлекеттік жоспарлау

 

44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi:

халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;

сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.

 

45-бап. Су шаруашылығы баланстары

1. Су шаруашылығы баланстары су объектiлерiнiң бассейндерi, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалауға арналған.

2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары

1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.

2. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi.

3. Кешендi схемаларда көзделетiн iс-шаралар:

1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;

2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;

3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;

4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;

5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

 

47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы

1. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемалары құрамында су объектiлерiне экологиялық жағынан жол берiлетiн деңгейде су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су ресурстарын өндiргiш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында пайдалану және қорғау болжамын орталық атқарушы органдар әзiрлейдi.

3. Орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органда келiсуден өтедi.

 

9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау

саласындағы бақылау мен сараптама

 

48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:

шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;

су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;

3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;

4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;

5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;

6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:

1) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерінің, олардың жұмысының белгіленген режимінің сақталуын бақылау;

2) су пайдаланушылар мен кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының су заңнамасын, трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды регламенттейтін Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды сақтауын инспекторлық тексеру.

Тексерудің түрлері:

жоспарлы тексеру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезеңділікке сәйкес жүргізілетін, бақылаушы орган алдын ала жоспарлаған тексеру;

жоспардан тыс тексеру - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;

кешенді тексеру - уәкілетті орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін тексеру;

қарсы тексеру - тексеру жүргізу кезінде бақылаушы органдарда үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

 

49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;

2)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган;

4) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;

6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган;

7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.

2. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiредi.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның бассейндік су шаруашылығы басқармасы:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;

2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;

3) су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен ережелерінің, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;

4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;

5) су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;

7) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;

8) су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;

9) белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;

10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;

11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкілетті органдар, карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар:

1) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) су қорының сапалық және сандық жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;

4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;

5) су объектілеріне белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін жекелеген өндіріс объектілерінің, цехтар мен кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 49-1 баппен толықтырылды

49-1-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласында

мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және

жүргізудің тәртібi

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру мақсатында осы Кодекстің 49-бабында аталған мемлекеттік органдардың аумақтық органдары тиісті бассейннің су шаруашылық басқармаларымен бірлесіп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауы бойынша тексерулер жүргізудің жылдық жоспарларын әзірлейді. Қажет болған кезде тексеру жүргізудің жоспарлары түзетіледі.

Бір жылға арналған тексерулердің келісілген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейін бекітуге беріледі.

Бір жылға арнап бекітілген тексерулердің келісілген жоспары жоспарлы тексерулерді жүргізуге негіз болып табылады.

2. Су қорғау іс-шараларын әзірлеу және сақтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру мақсатында уәкілетті орган:

1) оларды бассейндік кеңестердің жұмысына қатысуға тартады;

2) бассейндік кеңестердің мәжілістерінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарайды.

Мемлекеттік бақылау су объектілерін пайдалануға, су қорының мемлекеттік кадастры мен мониторингін жүргізуге байланысты схемалар мен жобаларды дайындау кезінде де жүзеге асырылады.

3. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірлескен кешенді тексерулерді жоспарлауы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленбеген тексерулердің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

5. Тексеру бақылаушы орган шығаратын тексеру тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің алдында уәкілетті орган шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру тағайындау туралы акті шығарады.

6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеруді тағайындау туралы актіні тексеру жүргізуші лауазымды адам дара кәсіпкерге, заңды тұлғаның (филиалының немесе өкілдігінің) басшысына немесе өзге де лауазымды адамына, қызметтік куәлікті көрсете отырып табыс етеді.

Тексеруді су заңнамасының сақталуына тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адамдар (тұлғалар) ғана жүргізеді.

Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы бір актінің негізінде тек бір ғана тексеру жүргізуге болады.

7. Жеке және заңды тұлғаларды тексеруді уәкілетті орган міндетті түрде Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексеру актісін жасай отырып жүргізеді.

Тексеру актісі тексерілетін кәсіпкерлік субъектісі өкілінің қатысуымен жасалуға тиіс.

Тексеру актісінің кіріспесінде тексерілетін объектінің негізгі сипаттамалары, шаруашылық қызметінің түрі, рұқсат, нормалау және өзге де құжаттарының болуы, бөлінген лимиттер көлемі, алынған судың және ағызылған ағынды судың көлемі, су қорғау іс-шараларының бар болуы және олардың орындалу барысы, айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйесінің болуы мен оның көлемі және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Жоғарыда атап көрсетілген деректер жазылғаннан кейін тексеру актісінде анықталған Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтар тиісті нормативтік құқықтық актілердің баптарына сілтеме жасала отырып көрсетіледі.

 

2006.31.01. 125-III ҚР Заңымен 49-2 баппен толықтырылды

49-2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын

бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау

1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау мен жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, тексеру актісінің негізінде мемлекеттік инспектор (оған берілген құқықтар шегінде) бұзушылықтың ауырлығына қарай бұзушыға бір немесе бір уақытта бірнеше ықпал ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды:

1) су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау ережелерінің анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқама шығарады;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;

3) әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарады;

4) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар қояды;

5) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды жібереді.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 49-3 баппен толықтырылды

49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік

бақылаудың мерзімдері мен кезеңділігi

Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Арнайы зерттеулер (сынақтар), тексерудің көлемділігіне, сараптамалар жүргізу қажеттігіне байланысты ерекше жағдайларда уәкілетті органның басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру жүргізудің мерзімдерін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті орган хабардар етіле отырып, тексеруді тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы тексеру белгілі бір уақыт кезеңіне не белгісіз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкін. Белгісіз уақытқа уақытша тоқтатылған тексеруді уәкілетті орган құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта бастайды. Тексеру жүргізудің мерзімін есептеу оны қайта бастаған күннен бастап жалғастырылады.

 

50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Осы Кодекске сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;

тиiстi бассейннiң су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және олардың орынбасарлары, тиiстi бассейн басқармасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және тиiстi бассейн басқармасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

2. 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдар cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiленген үлгiдегi тиiстi қызметтiк куәлiкпен, омырауға тағатын белгімен, техникалық құралдармен қамтамасыз етiледi.

 

51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

1) мемлекеттік органдарға, жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға олар үшiн Қазақстан Республикасы су заңдары нормаларының орындалуы мiндеттi талаптар қоюға, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген көлемдерде, коллекторлық-сорғыту және ағынды суларды ағызудың жол берiлетiн шектi нормаларын сақтау жөнiнде тиiстi шаралар жүргiзуге және су ресурстары мен ағынды сулардың сапасын зертханалық бақылауды ұйымдастыруға;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру және оларды қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізуге;

3) нұсқамалар негiзiнде қызметтiк куәлiгiн көрсете отырып ұйымдарға және өзге де объектiлерге баруға, су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн тексерудi жүзеге асыруға, су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау ережелерiнiң анықталған заң бұзушылықтарын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге құқығы бар. Су объектiлерiнде өз бетiмен су алу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезiнде су пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізуге;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйiн анықтауға қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде зертханалық талдау деректерiн алуға;

5) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

6) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiн тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) лауазымды адамдарға, ұйымдардың басшыларына су объектiлерiн пайдалану мен қорғаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзуға жол берген адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-1 тармақшамен толықтырылды

7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оған жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға болады.

 

52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;

3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактілері туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарды хабардар етуге;

4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.

5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);  2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, өнеркәсiп қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн судың бастапқы есебінің ережелерінің  негiзiнде жүзеге асырылады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   2-тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   3-тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аттестатталған су есебін жүргізу аспаптарының негізінде жүзеге асырылады.

 

54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік сараптама

1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:

1) су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттік сараптама;

2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және қайта жаңғыртуға, пайдалануға, консервациялауға және таратуға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама;

3) жер асты суларының қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама;

4) су шаруашылығы және өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлардың талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттік сараптама;

5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар.

2. Су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттік сараптама осы қызметтiң қоршаған ортаға әсерiн және қабылданатын басқару және шаруашылық шешiмдерiн бағалау үшiн жүзеге асырылады. Су объектiсiнiң жай-күйiне әсер ететiн қызметке мемлекеттік сараптама мiндеттi болып табылады.

3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және қайта жаңғыртуға, пайдалануға, консервациялауға және таратуға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен бастапқы деректерге, нормативтiк құжаттардың техникалық шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн тексеру мақсатымен жүзеге асырылады.

4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптаманы жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган  жүзеге асырады.

5. Су шаруашылығы объектiлерi мен өнеркәсiптiк гидротехникалық құрылыстардың төтенше жағдайлар талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттік сараптаманы өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган  жүзеге асырады.

7. Мемлекеттік сараптаманы жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

 

10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның

жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар

 

55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі табиғат қорғау талаптары

1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.

2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, қайта жаңғырту, пайдалану, консервациялау, тарату  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.

 

56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар

1. Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.

2. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткізу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.

3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бiрлесе отырып, су объектiсiнiң әрбiр бассейнi үшiн судың жай-күйi мен сапа өлшемдерiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеуге мiндеттi.

4. Бассейн iшіндегі су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезеңдеп көшу мерзiмдерiн бассейндiк басқармалар мен  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның  аумақтық органдары және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен  және  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесе отырып бекiткен әдiстеменiң негiзiнде белгiлейдi.

 

57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу

1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және табиғат қорғау талаптарын қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.

2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.

3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.

4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.

5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсіндегі судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.

 

11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік

есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің

мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану

мен қорғауды ғылыми және инновациялық-ақпараттық

қамтамасыз ету

 

58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу

1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.

2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.

3. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен  бiрлесiп су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жер үстi және жер асты суларын пайдалану есебiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырады.

 

59-бап. Мемлекеттік су кадастры

1. Мемлекеттік су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.

2. Мемлекеттік су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттік есепке алу деректерiне негiзделедi.

3. Мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.

4. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен , қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.

5. Су пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға  мемлекеттік су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.

6. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi

1. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

2. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi олардың жай-күйiне гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштердi тұрақты қадағалау, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады.

3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша бiрлесiп жүзеге асырады.

 

61-бап. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;

2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;

3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;

4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;

5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:

1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;

2) жалпы ұлттық сипаты бар инновациялық су шаруашылығы мен су қорғау бағдарламалары үшiн тiкелей мемлекеттік инвестициялар бөлу арқылы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етiледi.

4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.

5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.

6. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы

жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және

қоғамдық бірлестіктердің қызметі

 

62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Жеке тұлғалардың:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су объектiлерiн пайдалануға, оларды қорғау мен ұдайы молайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

2) су объектiлерiн пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтiнiштермен және ұсыныстармен жүгiнуге;

3) су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге және оған қатысуға;

4) әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектiлерiне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды талап етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де құқықтарды iске асыруға құқықтары бар.

2. Жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi.

 

63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатыса алады.

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы бойынша жүргiзе алады.

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртібін қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң жарғыларына сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.

 

4-Бөлім. Су пайдалану

 

13-тарау. Су пайдалану құқығы

 

64-бап. Су пайдалану түрлерi, су пайдалану құқығының туындауы

1. Су пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бiрлескен, бастапқы, қайталама, тұрақты және уақытша болып бөлiнедi.

2. Ортақ су пайдалану құқығы азамат үшiн ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды.

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап туындайды.

 

65-бап. Ортақ су пайдалану

1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшiн арнайы рұқсат талап етiлмейдi.

3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

 

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

66-бап. Арнайы су пайдалану

1. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:

суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;

жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;

ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;

бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);

гидравликалық электр станцияларын;

сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;

суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерін;

жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;

ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар);

шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;

су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта құдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;

өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;

көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;

судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде сонда айқындалған мақсаттар үшін ғана жүзеге асырады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

3. Жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

4. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етілмейді.

 

67-бап. Оқшау су пайдалану

1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.

 

68-бап. Бiрлесiп су пайдалану

1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.

2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бiрлесiп су пайдаланатын су пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.

 

69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

2. Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады.

3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негiзгi талаптары көрсетiлiп, бастапқы су пайдаланушы үшiн белгiленген лимит шегiнде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепiлдiк берiледi.

4. Бастапқы және қайталама су пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуы үшiн екiжақты жауапкершiлiкте болады.

 

70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.

2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.

3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.

4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.

5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.

6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады.

 

71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары

Су пайдаланушылардың:

1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;

2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;

4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;

6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;

7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;

8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;

9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi

Су пайдаланушылар:

1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;

2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;

3) белгiленген су пайдалану лимиттерi мен режимдерiн сақтауға;

4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;

5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға;

6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

7) арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;

8) белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;

9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;

10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгізуге шаралар қолдануға;

11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;

12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;

13) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның  тиiстi негiздемесi мен шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермеуге;

14) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң талабын сақтауға;

15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдарына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;

17) су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   17-1)-тармақшамен   толықтырылды 

17-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде экологиялық pұқсaт алуға;

18) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.

 

73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

1. Су пайдалану құқығы заңмен қорғалады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында аталған негiздерден өзгеше ешкiмдi де су пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, су пайдаланушылардың су пайдалану құқығына қысым көрсетумен байланысты олардың қызметiне мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға тыйым салынады.

 

74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу

1. Мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су пайдалану құқығы шектелуi мүмкiн.

2. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиiс.

 

75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату

1. Арнайы су пайдалану құқығы:

1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;

2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;

3) су пайдаланушы жеке адам қайтыс болған;

4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;

5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;

6) су объектiлерiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға тиiс.

2. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

1) су ресурстары нысаналы мақсатында пайдаланылмаған;

2) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;

3) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;

4) су ресурстарын мемлекеттік мұқтаждар үшiн пайдалану қажеттiгi туындаған;

5) су пайдаланушы Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген шарттар мен талаптарды сақтамаған;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6) су ресурстарын пайдалануға тыйым салу үшiн негiздер туындаған жағдайларда арнайы су пайдалануға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу арқылы тоқтатылады.

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3. Арнайы су пайдалануға берiлген рұқсатты керi қайтарып алу су пайдалану шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.

4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.

 

76-бап. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

 

 

5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру

 

14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары

 

77-бап. Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдары

Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай жұмыстарды орындау мақсатында құрады:

1) су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу;

2) мемлекеттік су кадастрын жасау;

3) су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылау әдiснамасын әзiрлеу мен жетiлдiру;

4) су пайдалану технологиясын әзiрлеу мен жетiлдiру және экономиканың әртүрлi салаларында оның тиiмдiлiгiн арттыру;

5) су шаруашылығы нормативтерiн әзiрлеу;

6) республикалық меншiктегi су шаруашылығы объектiлерi мен құрылыстарын ұстау және пайдалану;

7) республикалық меншiктегi трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;

8) мемлекетаралық су объектiлерiн жөндеуге шектес мемлекеттермен үлес қосып қатысу.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары

Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мынадай жұмыстарды орындау мақсатымен құрады:

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын ұстау және пайдалану;

2) су объектiлерiнен су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;

3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ұйымдасып ағызу.

 

79-бап. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдары

1. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдарын жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк тұлғалар су шаруашылығы құрылыстарына су жеткізу, техникалық қызмет көрсету және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсету үшін құрады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) пайдалану үшiн су ресурстарын алып қою;

2) су пайдаланушыларға жеткізу үшiн су ресурстарын алып қою;

3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ағызу;

4) су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалану;

5) сулардың сапасын және су объектiлерiнiң жай-күйiн жақсарту жөніндегі қызмет;

6) су шаруашылығы-экологиялық маркетинг саласында қызметтер көрсету;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет түрлерi.

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар

1. Су шаруашылығы ұйымдары табиғи монополия субъектiлерi болып табылады және өз қызметiн осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, ұйымның жарғысына және тараптардың шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Су шаруашылығы ұйымдары:

1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының тиiстi техникалық жай-күйiн қамтамасыз етуге;

2) шартқа сәйкес су пайдаланушыларды белгiленген мерзiмде сумен қамтамасыз етуге;

3) су пайдаланушылармен келісім бойынша су бөлетiн орындарда cу өлшеу аспаптарын орнатуға;

4) су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, судың зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар қолдануға;

5) су шаруашылығы құрылысының паспортына ие болуға мiндеттi.

 

15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау

саласындағы мемлекеттік нормалау

 

81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы нормалау

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесi судың сандық және сапалық көрсеткiштерiне, олардың көрсеткiштерiн дәл өлшеу нормаларына қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында белгiленедi әрi өндiрiстiк және өзге қызметтiң су объектiлерiне ықпал ету шегiн реттейдi.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы нормалауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

 

82-бап. Су пайдалану лимиттерi

1. Өзен бассейндерi бойынша су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар мен су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi негiзiнде белгiленедi және оларды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен  келісім бойынша бекiтедi.

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Су пайдалану лимиттерін уәкілетті орган жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын нақтылайды.

Барлық су пайдаланушылар үшін айлар бойынша лимиттерді бөлуді олардың мәлімдеген су алу және (немесе) су ағызу қажеттіліктерінің негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

3. Су шаруашылығының жағдайы, су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi өзгерген жағдайда су пайдалану лимиттерi қайта қаралуға тиiс.

 

83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету

1. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттік стандарттарды, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерін қамтиды.

2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.

3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келісіледi және бекітіледi.

 

84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi

1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен ,  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.

2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:

1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;

2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.

3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекітіледi және тiркеледi.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.

3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа ыдыстарда) тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.

 

86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар

1. Су объектiлерiнен су алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткiзiледi.

2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға:

1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесіндегі шығындар мен ысыраптарды қысқарту;

2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгізу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Мемлекеттік органдар, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар судың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелеріндегі судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға және су пайдалану көлемдерiн қысқарту мақсатымен кемiнде бес жылда бiр рет экономиканың барлық салаларындағы әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарауға мiндеттi.

 

87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар

Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган басқа мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды әзiрлейдi, олар:

1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;

2) су беру және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;

3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;

4) тұтынылатын судың нормативтерi мен мемлекеттік стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.

 

88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу

1. Мыналарды:

1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;

2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;

3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;

4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;

5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;

6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;

7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.

2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.

3. Су шаруашылығы объектiлерiн - жердi қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында - олардың табанын су басуға әзiрлеу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.

4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.

 

89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.

2. Ағынды суды жер үстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган  және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазартылған жағдайда су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатымен жол берiледi.

3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi.

 

Ерекше бөлік

6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы

құрылыстарын пайдалану

 

16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық

сумен жабдықтау

 

90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыз сумен және шаруашылық- тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдалану

1. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген мемлекеттік стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.

2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.

3. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.

5. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

6. Жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi негiздеме болған жағдайда су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен,  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен  келісім бойынша осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат бере алады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.

 

91-бап. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау

1. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды халыққа ауыз су беруге арналған тиiстi су құбырлары желісі бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Орталықтандырылған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі су сапасының белгiленген мемлекеттік стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға,қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ,  жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға мiндеттi.

 

92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында мiндеттi түрде тiркеп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектiлерiне оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алуға құқылы.

Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

 

17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және

рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

 

93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану

1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның  ұсынысы бойынша:

1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

1. Әлеуеттi мақсатты қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалануға оған арнаулы рұқсатсыз жол берiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi қоршаған ортаны қорғау және адам өмiрiнiң қауiпсiздiгi талаптарын сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары рұқсат бepeдi.

 

18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын

ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану

 

95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану ортақ және арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Бастапқы су пайдаланушылар қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану жоспарларының негiзiнде су көлемдерiн алуға жыл сайынғы өтiнiмдерiн жасайды. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жылдың жоспарланған сулылығын ескере отырып және бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде олар үшiн су пайдалану лимиттерiн белгiлейдi. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су жеткізу көлемдерi белгiленген лимиттер ескерiле отырып, бастапқы және қайталама су пайдаланушылардың арасында жасалған шарттармен айқындалады.

3. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатымен ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғаларда су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болуға мiндеттi.

4. Жер үстi және жер асты су объектiлерiн жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол берiледi.

6. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бағбандықпен және бақша өсiрумен айналысатын жеке тұлғаларға суару үшiн су белгiленген лимиттерге сәйкес арнайы су пайдалану тәртібімен бөлiнедi. Жеткiлiктi су ресурстары болмаған жағдайда суару үшiн су басқа су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

7. Суару, құрғату және басқа да мелиорациялық жұмыстар су объектiлерiн және олардың су жинау алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететiн табиғат қорғау iс-шараларымен бiр кешенде жүзеге асырылуға тиiс. Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттік мекемелер жүргiзедi.

8. Ағынды суды суару үшiн пайдалану белгiленген экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

9. Суармалы аймақта су пайдаланушылар қайталама сулардың көлемi мен сапасына болжам жасайды, су объектiлерiне ағызу көлемдерiн, жинақтағыш су қоймаларын жасауды немесе оларды жасалған жерiнде пайдалануды жоспарлайды.

 

96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум

1. Гидромелиорациялық кондоминиум - бiртұтас мүлiктiк кешен (бұдан әрi - гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi) ретiнде жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелерiне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелiгiнде, ал гидромелиорациялық жүйе немесе оның элементтерi ортақ үлестiк меншiк құқығында олардың иелiгiнде болады.

 

97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату

1. Гидромелиорациялық кондоминиум екi және одан көп жер пайдаланушыларға немесе жер учаскелерi меншiктенушілерiне тиесiлi бiр суару каналында немесе оның бөлiгiнде орналасқан суармалы алқаптарының жер учаскелерiнде құрылуы мүмкiн.

2. Жер учаскелерiне заттық құқық иелерiнiң әрқайсысы өз қалауы бойынша гидромелиорациялық кондоминиумға өзiнiң қатысу-қатыспауына қарамастан жер учаскесiне өз құқығын iске асыруға құқылы.

Гидромелиорациялық кондоминиумның құрамына кiретiн су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жер учаскелерi бұру белдеулерiне жатады және ортақ үлестiк меншiк құқығында гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушыларға тиесiлi болады.

3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi осы қатысушы құқығын иеленген суармалы жер учаскесiнiң бүкiл суару алқабының жалпы алаңына қатынасымен айқындалады. Гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі мұндай үлестi заттай түрде бөлуге болмайды (мiнсiз үлес).

4. Гидромелиорациялық кондоминиумның барлық қатысушыларының келісімiнде ортақ мүлiктегi үлестiң мөлшерi айқындалмауы мүмкiн, бұл жағдайда гидромелиорациялық кондоминиумның мүлкi үлестi бөлiнуге жатпайтын ортақ меншiкте болады.

5. Суармалы жер учаскесiне заттық құқығының (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығының тоқтатылуын қоспағанда) басқа тұлғаға ауысуы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі үлестiң де алушыға ауысуына әкеп соғады.

6. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі өз үлесiн суармалы жер учаскесiне құқығынан бөлек иелiктен айыруға құқылы емес.

7. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкi оның барлық қатысушыларының келiсуiмен кепіл ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

8. Бiр гидромелиорациялық кондоминиум қызмет көрсететiн барлық суармалы жер учаскелерiне заттық құқығы (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығын қоспағанда) және гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiне меншiк құқығы бiр тұлғаға ауысқан жағдайда гидромелиорациялық кондоминиум жойылуы мүмкін.

 

98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу

1. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы заңдарына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.

2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың барлығының ортақ мүлiктi олардың гидромелиорациялық кондоминиумға қатысудағы үлесiне мөлшерлес басқаруға құқығы бар.

2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiктi пайдалануға құқығы бар. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкiн пайдалану тәртібі қатысушылардың келісімiмен айқындалады.

Жер учаскесiн басқа тұлғаларға жалға беру (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығы) жалға берушiнiң гидромелиорациялық кондоминиумға қатысуын тоқтатуға әкеп соқпайды.

3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарға ие болуы мүмкiн.

 

100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:

1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;

2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.

 

101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi

1. Ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi, егер гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың келісімiмен өзгеше көзделмесе, қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлес белгiленедi.

2. Егер гидромелиорациялық кондоминиумдағы суармалы жер учаскесiн оған қатысушы пайдаланбаған жағдайда, ол ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардан босатылмайды.

3. Суармалы жер учаскелерi жалгерлерiнiң дауыс беру құқығы болмайды және олар гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге түрде қатыса алмайды, бiрақ гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар үшiн ортақ ережелердi сақтауға мiндеттi.

4. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумның ортақ мүлкiн өз атынан иелiктен айыруға құқығы жоқ.

 

102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар гидромелиорациялық кондоминиум объектi тiркелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде оны басқару нысаны туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қатысушылардың келісімiмен айқындалады.

 

19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы

құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика

үшін пайдалану

 

103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдары айналымдық сумен жабдықталымға ие болуға мiндеттi. Айналымдық сумен жабдықталымы жоқ ұйымдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықталымға көшу жоспарын беруге мiндеттi.

3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары жер асты суларын ұтымды пайдалану мен қорғау талаптарын сақтай отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша белгiленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетикасы кәсiпорындарының су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.

 

104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Су объектiлеріндегі гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:

1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;

2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелеріндегі балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;

3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;

4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.

 

20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы

құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке

қарсы мұқтаждар үшін пайдалану

 

105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану

1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

2. Кеме қатынасы, әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін, кеме қатынасы үшiн ашық кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану ережелерiн бекітудi Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртібін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:

1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;

2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;

3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;

4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;

5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.

 

106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану

1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық көрсеткiштерi) таңдауды, оны жайластыруды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоятын шарттарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органының аумақтық органдары жүзеге асыруға тиiс.

3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.

4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады.

 

21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы

құрылыстарын балық және аңшылық

шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану

 

107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшiн (соның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөлiктерi, сондай-ақ су қорғау белдеулерiнiң учаскелерi балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен балық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалануға берiлуi мүмкiн.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.

3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су объектiлерi және cy шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;

2) су объектiлерiнiң жағалауларын және су шаруашылығы құрылыстарын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.

4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.

 

108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi органмен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.

2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.

3. Мелиорациялық-техникалық жұмыстар жүргiзу мен балық аулауды, су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктер өсiру су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы молайту мен қорғау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн және аңшылық шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да iс-әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.

 

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су

объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда

су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық

құрылыстарды пайдалану

 

109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.

 

110-бап. Су қоймаларын пайдалану

1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.

2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.

4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.

5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.

6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.

 

111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстіндегі ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен  және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.

 

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың

зиянды әсеріне қарсы күресу

23-тарау. Су қорғау қызметі

 

112-бап. Су объектiлерiн қорғау

1. Су объектiлерi:

1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;

2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;

3) сарқылудан қорғалуға тиiс.

2. Су объектiлерi:

1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;

2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;

3) балық қорлары мен басқа да су жануарларының азаюын;

4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;

5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;

6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;

7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.

3. Су объектiлерiн қорғау:

1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;

2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;

3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;

4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;

5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргiзу;

6) су объектiлерiн қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   5-тармақ   өзгертілді  (бұр. ред.  қара)   

5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

 

113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау

1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.

2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.

3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:

1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүргiзiледi;

2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;

3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;

4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;

5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.

 

114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау

1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.

2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.

3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.

 

115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау

1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.

2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:

1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;

3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.

3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен  және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен  алдын ала келісіледi.

 

116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен,  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аудандарда - қосымша Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен келісілiп бекітілген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.

3. Су қорғау аймақтары мен жағалаудағы қорғау белдеулерiнде орналасқан ормандарда негiзгi пайдаланудағы ағаш кесудi жүзеге асыруға тыйым салынады. Су объектiлерiн қорғауды қамтамасыз ететiн аралық пайдаланудағы ағаш кесудi және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге рұқсат етіледі.

4. Су қорғау аймақтарының ормандарын пайдалануға беру Қазақстан Республикасының орман және су заңдарына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.

 

117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.

2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

 

118-бап. Су объектiлеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары

1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерістер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.

2. Cу объектiлеріндегі немесе өзен бассейндеріндегі және жер асты су көздеріндегі төтенше экологиялық жағдайды Қазақстан Республикасының Үкіметі жариялайды.

 

119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерiн уақытша пайдалануға беру және олардың пайдаланылуын бақылау

1. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.

2. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган,  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган , жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

 

120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.

2. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жер асты суларының су жинау алаңдарында радиоактивтi және химиялық қалдықтар көмудi, үйiндiлердi, зираттарды, мал қорымдарын және жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға тыйым салынады.

3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.

4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиіс.

5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға,  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен , жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөніндегі басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.

6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.

7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cy пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.

8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.

9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.

 

24-тарау. Шағын су объектілері және

оларды қорғау ерекшеліктері

 

121-бап. Шағын су объектiлерi

1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:

тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.

2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.

 

122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөніндегі шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен  және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар аймақтарда - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен келісім бойынша белгiлейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк бағдарламаларында және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларында оларды қорғау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шаралар кешенi жеке көзделедi.

3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.

 

25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу

және оларды жою

 

123-бап. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi

Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:

су тасу, су басу, топан су басу;

жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;

жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;

топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

 

124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі

1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елдi мекендердi, өнеркәсiп объектiлерiн, ауыл шаруашылығы жерлерiн, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерiнен қорғау жөніндегі алдын алу және ағымдағы iс-шараларды жоспарлауға және жүргiзуге мiндеттi. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу мен ағымдағы iс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың және мемлекеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен

белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі

 

125-бап. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындарды, объектiлердi және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру шарттары

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру шарттары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен , жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiнде - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен, кеме қатынасына жатқызылғандарында - су көлiгi органдарымен келісіледi.

2. Жаңадан құрылатын және қайта жаңғыртылатын кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды жобалау және салу кезiнде, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгізу кезiнде техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерiн жасауды көздеу қажет.

3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды қайта бейiмдеу, консервациялау және тарату су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен,жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қоршаған ортаға әсердi, анықталған заң бұзушылықтардың жойылуын және келтiрiлген зиянның өтелуiн бағалай отырып жүргiзiледi.

4. Судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу жобалары су объектiлерiн демалыс пен спорт үшiн пайдалану мүмкiндiктерiн ескере отырып жасалады.

5. Cу объектiлерi арқылы коммуникациялар салу жобалары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен , халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен келісілуге жатады және тасқын сулар өткізудi, су объектiлерiн пайдалану режимiн, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн iс-шаралардың жүргiзiлуiн көздеуге тиiс.

6. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде құрылыс салуға бөлiнген жердi қайта өңдеу, аумақтарды абаттау және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылуға тиiс.

 

126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлеріндегі немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде - қосымша су көлiгi органдарымен де келісім бойынша жүргiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртібі су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен,қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.

 

8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су

объектілеріндегі шаруашылық қызметті

құқықтық реттеу ерекшеліктері

 

27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы

бар су объектілері

 

127-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:

1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

2) табиғи су кешенiнiң су объектiлеріндегі судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;

3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;

4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;

5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;

6) балық ресурстарын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;

7) рекреациялық кешендi дамыту;

8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртібін нығайту.

 

128-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:

1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;

2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;

4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;

5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;

6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;

7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.

 

129-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;

2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;

3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.

 

130-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:

1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;

2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;

3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;

4) мiндеттi мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.

 

131-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) аймақтық және салалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

2) су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.

2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкін.

 

9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің

экономикалық тетігі

 

28-тарау. Су пайдалануды реттеудің

экономикалық әдістері

 

132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi

Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:

1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;

2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзiрлеу және қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгізуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;

4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.

 

133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

 

134-бап. Су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

1. Суды алуға, суларды тасымалдауға, бөлуге, тазартуға, су пайдаланушыларға су беру кезіндегі жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Су шаруашылығы жүйелерiнiң қызметтерi үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.

3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.

 

135-бап. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясаттың принциптерi

1. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негiзгi түрлерi:

1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерiн ұстау;

2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі шығындарды қаржыландыру;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру;

4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзiп беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды сумен жабдықтау топтық жүйесiнен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру болып табылады.

2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi принциптерi:

1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;

2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;

3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;

4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттік бақылау болып табылады.

3. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.

2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келісімдермен айқындалады.

 

10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының

Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

 

29-тарау. Су дауларын шешу

 

137-бап. Су даулары

1. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi.

 

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару

Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиян өтелiп, иесiне қайтарылады. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерiн қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

30-тарау. Қазақстан Республикасының

су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

 

139-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар

1. Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар мыналар болып табылады:

1) су объектiлерiн өз бетiнше басып алу, өз бетiнше су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау, лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiнше жүргiзу, су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын қырсыздықпен пайдалану, су қорғау және су шаруашылығы белгiлерiн жою;

2) жер үстi және жер асты суларының, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң ластануы, қоқыстануы және сарқылуы, су жиналымдарында олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiнiң бұзылуы;

3) судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстары мен қондырғылары жоқ кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру;

4) судың ластануынан, қоқыстануынан және сарқылуынан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi;

5) су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларының, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң зақымдануы;

6) су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларын пайдалану ережелерiнiң бұзылуы;

7) өзендердiң және басқа да су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi өз бетiнше салу;

8) өз бетiнше су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу;

9) сулардың және оларды пайдаланудың бастапқы есебiн жүргiзу ережесiнiң бұзылуы;

10) мемлекеттік су кадастрының есебi мен есептiлiгi деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау;

11) су ресурстарын оларды кешендi пайдалану, экология мен су бөлу мүдделерiнде реттеуге кедергi жасау.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де заң бұзушылықтар үшiн жауаптылық белгiленуi мүмкiн.

 

140-бап. Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау

саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану

және қорғау

 

141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары

Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары:

1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасасу негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;

2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау;

3) шекаралас елдердiң трансшекаралық сулар бойынша мемлекетаралық қатынастары бөлiгiнде су заңдарын үйлестiру мен жақындастыруға қатысу;

4) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық, бағдарламаларды, нормаларды, стандарттарды, жобаларды және мониторингтi бiрлесiп әзiрлеу және iске асыру болып табылады.

 

142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi

Қазақстан Республикасы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы өз саясатында мынадай принциптердi басшылыққа алады:

1) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын дамыту;

2) халықаралық су құқығының жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларын ескере отырып, трансшекаралық ағын судың барлық елдерiнiң су ресурстарын әдiл, ақылға қонымды және өзара тиiмдi пайдалану құқығын қамтамасыз ету;

3) болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiне зиян келтiрмей қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды ескере отырып, су ресурстарын басқару;

4) адамның экологиялық құқықтарының, мүдделерiнiң және трансшекаралық өзендер бассейндерiнiң су шаруашылығы жүйелерiнiң экономикалық даму балансын сақтау;

5) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу кезiнде өзара көмек көрсету және даулы мәселелердi бейбiт түрде реттеу;

6) трансшекаралық сулардың жай-күйiне ықтимал трансшекаралық әсер етудiң алдын алу жөніндегі сақтық шараларын қамтамасыз ету;

7) халықаралық жауапкершiлiк және трансшекаралық әсер етуден туындаған залалды өтеу.

 

143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi

Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi:

1) трансшекаралық әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде трансшекаралық суларды олардың трансшекаралық сипатын ескере отырып, ақылға қонымды және әдiл түрде пайдалануды қамтамасыз етудi;

2) трансшекаралық суларды экологиялық жағынан негiзделген түрде және ұтымды басқару, қоршаған ортаны сақтау және қорғау негiзiнде пайдалануды;

3) ластауды қоршаған ортаның басқа құрамдас бөлiктерiне ауысуға әкелмеуге тиiс болатын трансшекаралық суларды ластауды тыю, оны болғызбау, шектеу және қысқарту жөніндегі шараларды;

4) трансшекаралық әсер етуден бұзылған экологиялық жүйелердi сақтауды және, қажет болған жағдайда, қалпына келтiрудi;

5) ағынды суларды ағызудың шектi нормаларын белгiлеудi, су пайдаланудың қазiргi заманғы техникалық жетiстiктерiне және экономикалық ықтимал жағдайларына сәйкес келетiн су сақтаудың қатаң нормаларына бағдарлауды;

6) трансшекаралық сулар мен су объектiлерiнiң мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу мен келiсудi және оларды iске асыруға қатысуды;

7) трансшекаралық суларды басқаруға, реттеуге және қорғауға қаржылық және техникалық жағынан бiрлесiп қатысуды;

8) трансшекаралық өзендердiң бассейндеріндегі су шаруашылығы ахуалы туралы ақпарат алмасуды, төтенше су жағдайлары кезiнде шұғыл хабардар етудi және өзара көмек көрсетудi;

9) нормативтiк-құқықтық базаны бiрегейлендiру, трансшекаралық суларды және оларға байланысты экологиялық жүйелердi қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрлескен бағдарламалары мониторингiнiң, оларды әзiрлеудiң және iске асырудың бiрыңғай жүйелерiн құру саласында шекаралас елдермен ынтымақтастықты, осы мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды;

10) трансшекаралық сулар мен су шаруашылығы құрылыстарын бiрлесiп пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi, келiсудi және жүзеге асыруды;

11) Қазақстан Республикасы бекiткен трансшекаралық суларды пайдалану және қopғaу саласындағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердi бiрлесiп iске асыру үшiн қажет болған жағдайда трансшекаралық суларды басқару жөніндегі мемлекетаралық орган құруды;

12) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiнде аймақтық және ұлттық деректер базасын құруды;

13) су проблемаларын шешу жөнiнде бiрлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзудi;

14) трансшекаралық суларды ұтымды пайдалануға және қорғауға байланысты өзге де қызметтi көздейдi.

 

144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi

Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi:

1) осы су объектiсiнде және оған iргелес аумақта биологиялық тепе-теңдiктi ұстап тұру, ұдайы молайту және сақтау мақсатында трансшекаралық суларды тиiмдi және ұтымды пайдалануды;

2) трансшекаралық әсер ету нәтижесiнде кiнәлi тарап келтiрген залал үшiн өтемдiк жауапкершiлiктi;

3) пайдаланылатын су ресурстарына үлес қосып қатысу принципiнде басқа мемлекеттер пайдаланатын трансшекаралық суларды басқару, реттеу және қорғау жөніндегі су шаруашылығы объектiлерiн бiржақты пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетке шығындарын өтеудi;

4) мемлекеттердiң бiрiнiң тиiстi бекітілген халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өзiнiң трансшекаралық сулар үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) өтемдiк негiзде екiншi мемлекетке беруiн көздейдi.

 

145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөніндегі дауларды реттеу

1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша даулар ізгi ниет, өзара сыйластық және тату көршiлестiк қатынастар негiзiнде келiссөздер жүргiзу арқылы немесе дауға қатысушы тараптар үшiн қолайлы басқа әдiспен шешiледi.

2. Келiссөздерде өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткізу мүмкiн болмаған жағдайда, егер трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, су дауларын шешудiң төрелiк процесi орынды деп танылады.

 

32-тарау. Қорытынды ереже

 

146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 22, 408-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

"Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 150-құжaт).

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев