Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 Қаулысы

(2008.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 30 маусым мен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жыл сайын 20 қаңтар мен 20 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 7 маусымдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын

дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған

бағдарламасы

 

Мазмұны

 

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Телекоммуникация саласының қазіргі кездегі жай-күйін талдау

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктерi

5.1. Телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

5.1.1. Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту жөніндегi зерттеулер

5.1.2. Байланыс операторларын қосу

5.1.3. Тіркелген және ұялы байланысты дамыту

5.1.4. Интернетті дамыту

5.1.5. Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну

5.2. Телекоммуникация саласын инновациялық-технологиялық және

техникалық қамтамасыз ету

5.2.1. Телекоммуникация саласын инновациялық дамыту

5.2.2. Нөмірлеудің телекоммуникациялық ресурсын бөлу

5.2.3. Радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру

5.2.4. Ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту

5.2.5. Стандарттаудың және сертификаттаудың салалық жүйесін

жетілдіру

5.2.6. Телекоммуникация саласында кадрлар даярлау мен қайта

даярлау жүйесін ұйымдастыру

5.2.7. Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын

жүргізуді қамтамасыз ету

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарлама-

ның атауы

   Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу

үшін

негіздеме

   Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесінің 48-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әзірленді.

Негізгі

әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Бағдарлама-

ның мақсаты

мен

міндеттері

   Бағдарламаның мақсаты 2012 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін акпараттық-технологиялық алғышарттар жасауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың шарттары мен тетіктерін жасау болып табылады.

   Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай бірінші кезектегі міндеттерді орындау қажет.

   1. Мына салаларда телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру:

   телекоммуникация саласын одан әрі дамыту жөніндегі зерттеулер;

   байланыс операторларын қосу;

   тіркелген және ұялы байланысты дамыту;

   Интернетті дамыту;

   халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну.

   2. Телекоммуникация саласын инновациялық-технологиялық және техникалық қамтамасыз ету:

   телекоммуникация саласын инновациялық дамыту;

   нөмірлеудің телекоммуникациялық ресурсын бөлу;

   радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру;

   ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту;

   стандарттаудың және сертификаттаудың салалық жүйесін жетілдіру;

   телекоммуникация саласының кадрларын даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру;

   телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу.

Іске асыру

мерзімі

2006-2008 жылдар

Қажетті

ресурстар

және

қаржыландыру

көздері

   Қаржыландыру көздері:

   222,3 млн. теңге сомасындағы республикалық бюджеттің қаражаты:

   2006 жылы - 25,3 млн. теңге;

   2007 жылы - 153 млн. теңге;

   2008 жылы - 44 млн. теңге.

   Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады

Бағдарламаны

іске

асырудан

күтілетін

нәтиже

   Ақпараттық қоғамның технологиялық негізі ретінде телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы, тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым.

   Бағдарламаны іске асыру 2008 жылдың соңына қарай мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталатын болады:

   тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 23;

   ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 50;

   Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 10;

   жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі - 80 %;

   байланыс операторлары кірістерінің көлемі - жалпы ішкі өнімнің 4-5 %;

   бір тұрғынға телекоммуникация қызметінен түсетін кірістер 150-200 АҚШ доллары;

   бір тұрғынға телекоммуникация саласына инвестициялар 70-100 АҚШ доллары

 

 

2. Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесінің 48-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әзірленді.

2004 жылы «Байланыс туралы» жаңа Заңды (бұдан әрі - Заң) қабылдағаннан бастап ашық және мөлдір бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін жағдай жасала отырып, телекоммуникация нарығын толық ырықтандыруға бағытталған телекоммуникация саласын дамытудың кезекті кезеңі басталды.

Қазіргі кезде Қазақстанда саланың оның жаңа жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базасы құрылды, сондай-ақ республиканың телекоммуникация нарығын ырықтандырудың дайындық сатысы мен ішінара ырықтандыру кезеңінде телекоммуникация саласының дамуын айқындаған бірінші кезектегі бірқатар жүйелік іс-шаралар іске асырылды.

Ырықтандырудың ағымдағы процесі саланың дамуындағы өтпелі кезең ретінде саланы басқарудың ұйымдастыру-құқықтық құрылымын, нарық субъектілерінің өзара және мемлекетпен арадағы өзара іс-қимыл жасау, телекоммуникациялық инфрақұрылымды техникалық-технологиялық дамыту ережелерін жетілдіру жөніндегі оңтайлы шешімдерді тұрақты түрде іздестірумен қатар жүреді.

Осыған байланысты алдағы кезеңде телекоммуникация саласын ырықтандыруды толығымен аяқтау және оны әлемдік ашық бәсекелес нарық жағдайында серпінді дамуға дайындауды қамтамасыз ету көзделеді. Бұл ретте телекоммуникация саласы республика дамуының жекелеген әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге тиіс.

Саланы дамытудың маңызды шарты мемлекет пен қоғамның мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қылмыстық және қоғамға қарсы қызметті анықтау мен оның жолын кесу құралдарын дамыту жөнінде бірқатар іс-шараларды орындау қажеттігі бар.

Осыған байланысты телекоммуникация саласын одан әрі дамытуға, бәсекелестік туғызуға, инвестициялар тартуға ықпал ететін жаңа бағдарламаны әзірлеу қажеттігі пісіп жетілді, бұл 2012 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

 

 

3. Телекоммуникация саласының қазіргі кездегі жай-күйін

талдау

 

Қазіргі уақытта телекоммуникация саласы әлемдегі ең серпінді дамушы салалардың бірі болып табылады, телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы берілетін ақпарат көлемі әр 2-3 жыл сайын екі еселеніп отырады.

Батыс елдерінде телекоммуникация саласына инвестициялардың өсу қарқыны қайта өңдеу және өндіру салаларына инвестициялардың өсу қарқынынан асып түседі.

Телекоммуникация саласынан түсетін ЖІӨ құрамындағы кірістердің үлесі, сондай-ақ онда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны тұрақты түрде өсіп отырады.

Ақпараттық индустрияның жаңа салалары пайда болып, табысты дамуда, нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігінің ақпараттық құрауышы және қоғамның тіршілік ету қызметінде ақпараттық ресурстардың айрықша рөлін өзекті ете отырып, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық, зияткерлік әлеуетке әсері елеулі түрде өсіп отыр.

Республиканың телекоммуникациялық секторының дамуына әсер ететін факторлар:

1) ұлттық нарықтың ауқымы.

Көбіне ел экономикасының жай-күйімен айқындалатын тұтынушылардың төлемге қабілетті сұранысы телекоммуникациялық қызметтер нарығын дамытудың негізгі факторы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан халықтың ел аумағында біркелкі бөлінбеуінен клиенттік базаны кеңейтудің жеткілікті әлеуетін иеленбей отыр.

Жергілікті телефон байланысының ағымдағы көлемі 2,6 млн. желіден асады, бұл жергілікті телефон байланысы қызметтері нарығының ең көп сыйымдылығының - барлық ықтимал тұтынушылардың олардың төлем қабілеттілігін ескерместен санын сипаттайтын және 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шамамен 4 млн. желіні құрайтын көрсеткіштің 65 %-ын құрайды.

2008 жылдың аяғына қарай негізгі телефон аппараттарының жалпы санын шамамен 3,4-3,5 млн-ға жеткізу болжанып отыр.

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің телекоммуникация нарығын ырықтандыруға арналған бағытын іске асыру.

2004 жылдың аяғында басталған телекоммуникациялық қызметтер нарығында кезең-кезеңмен ырықтандыру нәтижесінде нақты бәсекелестік ортаны дамыту үшін алғы шарттар жасалды. Телекоммуникация нарығын ырықтандыру барысында тарифтерді қайта теңгерімдеу және тоғыспалы субсидиялаудың шарттарын жою жөніндегі, телекоммуникация қызметтері нарығының әрбір сегментінде, оның ішінде ауылда да бәсекелестікті дамытудың экономикалық стимулдарын жасау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.

3) Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіру жөніндегі іс-шаралар.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне дайындық және осы ұйым регламенттейтін қағидаттары нарықты реттеу жүйесін қалыптастыру, телекоммуникация қызметтері нарығына қол жетімділік кедергілерін алып тастау, сыртқы бәсекелестік үшін нарықтың ашықтығы. Бұл іс-шаралар Қазақстанның телекоммуникация қызметтері нарығына жаңа қатысушылардың шығуына ықпал ететін болады, бұл бәсекелестіктің күшеюіне әкеп соғады.

Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігінен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу көбіне осы ұйымға кіретін шарттарға және тауарлар мен қызметтердің отандық нарықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан қабылдайтын міндеттемелердің деңгейіне байланысты болады. Телекоммуникация секторында ел қабылдайтын міндеттемелер оның одан әрі дамуына ықпал етуге тиіс, оның міндетті факторларының бірі қызметтер мен тауарларды отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

4) Қазақстан Республикасының телекоммуникация қызметтері нарығын дамытудан күтілетін технологиялық үрдістер.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация қызметтерінің нарығы жалпы әлемдік телекоммуникация кешенінің бөлігі ретінде мынадай негізгі үстем үрдістердің әсерімен дамып келеді:

жылжымалы байланысты, жерсеріктік және кабелді теледидарды, дауыстарды, бейне және пакеттік технологиялар негізіндегі деректерді беру бойынша конвергирленген шешімдерді белсенді түрде дамыту;

дәстүрлі желілерді дамытудан шешімдер негізінде жаңа буын желілерін дамытуға көшу;

телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың конвергенциясы.

Ағымдағы үрдістерде ХХІ ғасырдың басы даму қарқыны өзінің тиімді дамуы үшін тұтастай экономиканың даму қарқынына қатысы бойынша озық болуға тиіс жаhандық телекоммуникациялық инфрақұрылым құруды ықпал ететін ақпараттық қоғам дәуірі ретінде қарастырылады.

Дамыған және дамушы елдерде экономикалық өсімнің 1 %-ын қамтамасыз ету үшін телекоммуникация саласының өсімінің кемінде 3 %-на қол жеткізу қажет.

Осы жағдайда дамыған және дамушы елдердің экономикалық көрсеткіштерінде телекоммуникация саласының мәні оның жалпы ішкі өнімдегі (бұдан әрі - ЖІӨ) үлесінің үнемі өсіп отырғанынан байқалады. Өнеркәсібі дамыған елдерде телекоммуникация қызметтерінің көлемі ЖІӨ-нің 5-8 % дейін жетеді, ТМД елдері бойынша осы көрсеткіш өсу қарқынының жоғарлығына қарамастан орта есеппен ЖІӨ-нің 2,8 %-ын құрайды (Қазақстанда - 2,9 %).

Жоғарыда көрсетілген статистиканы негізге ала отырып, Қазақстанға телекоммуникация саласын дамыту үшін жалпы әлемдік өсу үрдісі тән деп қорытынды жасауға болады.

Республикада соңғы бес жылда телекоммуникация саласының серпінді дамуы байқалады, әрі оның даму қарқыны елдің ЖІӨ-нің өсу қарқынынан асып түседі және жыл сайын орта есеппен 25-30 %-ды құрайды.

Сала дамуының сақталып отырған оң серпіні қоғамның дамуы мен ел қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге тұрақты экономикалық өсудің аса маңызды көзі де болатындығын атап өту қажет.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының болжамдарына сәйкес ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 8,1 %-ды, нақты еңбек ақының өсімі 4,6 % құрайтынын, яғни халықта ұтқыр, Интернет және т.б. сияқты байланыс қызметтері түрлерін сатып алу мүмкіндігі пайда болатындығын ескерсек, алдағы уақытта байланыс қызметтері өскелең сұранысқа ие болады.

Бұдан басқа таяудағы үш жылда саланың орташа жылдық өсу қарқыны 31 %-ды құрайды, бұл мынадай бірнеше маңызды факторлармен: жергілікті байланысқа тарифтердің қайта теңгерімделуімен, тарифтердің қалааралық (ішкі аймақтық) телефон байланысына теңестірілуімен және байланыстың осы түріне трафиктің өсуімен және ұялы байланыс қызметтері, басқа да жоғары кірісті қызметтер үлесінің ұлғаюымен және телекоммуникация қызметтерінің жаңа түрлерінің, оның ішінде отандық жерсеріктік байланыстың пайда болуымен түсіндіріледі.

2005 жылы телекоммуникация саласының кірісі 216704 млн. теңгені құрады және өткен жылдың көрсеткішінен 27 %-ға асып түсті. Бұл ретте баламалы байланыс операторлары кірістерінің өсуі байқалады. Егер 2003 жылы "Қазақтелеком" АҚ дәстүрлі операторының үлесіне барлық телекоммуникация кірістерінің 51 %-ы келсе, 2005 жылы осы оператордың жалпы кірістегі үлесі 48 %-ға дейін төмендеді, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсыну бойынша "Қазақтелеком" АҚ бұрынғыдай үстемдікке ие.

Саланың техникалық дамуы жоспарында ұлттық экономиканы көтерудің, қоғамның іскерлік және зияткерлік белсенділігі өсуінің, елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделінің нығаюының аса маңызды факторы ретінде ақпараттандыру процестерін қолдау, осы заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және оны басқа мемлекеттердің инфрақұрылымдарымен біріктіру үшін цифрлы көліктік орта жасау республикадағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

2005 жылдың соңында қалалық байланысты цифрландыру деңгейі 77,01 % болғанда, ауылдық байланысты цифрландыру деңгейі 52,64 %-ды құрайды.

Сонымен бірге, 100 адамға телефон аппараттарының саны бойынша Қазақстан (17,7 телефон аппараты) телефон тығыздығы 100 тұрғынға 60-тан 70-ке дейінгі телефон аппаратын құрайтын жоғары дамыған - Дания, Норвегия, Швейцария, АҚШ, Германия сияқты елдерден 4 есе артта қалып отыр. ТМД аумағында осы көрсеткіш орта есеппен 21,4-ды құрайды.

Салаға инвестициялар өсуінің қалыптасқан қарқыны орта есеппен кірістің 25 % - 52 %-ына дейін құрайды, бұл саланың инвестициялық тартымдылығының ұлғайғандығы және бизнес-сектор тарапынан телекоммуникациялық қызметтерге сұраныстың өскендігі туралы куәландырады. Инвестициялардың өсуі жаңа қызметтерді дамыту және оларға сұранысты қанағаттандыру мақсатында байланыс желілерін, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған телекоммуникация жабдықтарын жаңғырту қажеттілігімен түсіндіріледі. Сол сияқты Қазақстандағы шетел инвесторларының өсіп отырған қызығушылығына қарамастан, капиталдық салымдар құрылымында компанияның меншіктік қаржысы инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі болып қалып отыр. Сонымен бірге Әзербайжанда, Арменияда, Тәжікстанда және Өзбекстанда инвестицияның 50% астамы шетелдік инвестициялар.

Ұйымдастыру-құқықтық шарттарды құра отырып, ТМД-ның көпшілік елдері жүргізіп жатқан және дамыған елдерде жүзеге асырылған республиканың телекоммуникациялық нарығын ырықтандыру шеңберінде нарық құрылымын оңтайландыру жүруде, байланыс қызметтерін тұтынуда үйлесімсіздікті азайту жөніндегі мәселелер шешілуде және нарықтың ішінде де, сондай-ақ оның сегменттерінің арасында да шынайы бәсекелестік байқалады.

Қазіргі уақытта республикада телекоммуникация қызметтері нарығының мынадай негізгі сегменттері қалыптасты: ұялы байланыс, жергілікті телефон байланысы, қалааралық және халықаралық байланыс, деректер беру (Интернетті қоса алғанда). 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша байланыс кәсіпорындары кірістерінің көлемін: сымсыз байланыс (48,7 %), қалааралық, халықаралық телефон байланысы (27,3%), жергілікті телефон байланысы (12,9 %) құрады.

Салынған капиталға кірістің жоғары деңгейі тіркелді. Ұялы және тіркелген байланыс қызметтеріне сұраныс азаймай отыр.

 

Қазақстандағы байланыс қызметтері нарығының

және бәсекелестіктің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

 

Қызметтер

нарығының

сегменті

Опера-

торлар-

дың

саны

Операторлар-

дың атауы

Қызмет

көрсету

аумағы

Бәсекелес-

тік

сипаты

Ұялы

байланыс

4

"GSM Қазақстан"

ЖШС

"Қазақтелеком"

ААҚ

"Кар-тел"» ЖШС

"Алтел" АҚ

"Мобайл-Телеком-

Сервис" ЖШС

Қазақстан

Республикасы

ҮБН

Жергілікті

телефон

байланысы

135

Жаңа операторлар

және

"Қазақтелеком"»АҚ

Қазақстан

Республика-

сының

жекелеген

өңірі

ҮБН-халыққа

арналған

қызметтер,

ҮБН-ұйымдар-

ға арналған

қызметтер

Қалааралық

және

халықаралық

байланыс

7

"Қазақтелеком" АҚ

"Транстелеком" АҚ

"KazTransCom"»АҚ

"Арна" АҚ

"Нұрсат" АҚ

"Astel" АҚ

"TNS-Plus" АҚ

Қазақстан

Республикасы

ҮБН

Деректер

беру

(Интернетті

қоса

алғанда)

62

«"Қазақтелеком"

АҚ-тың жаңа

операторлары

Қазақстан

Республика-

сының

жекелеген

өңірі

ҮБН-халыққа

арналған

қызметтер,

ҮБН-ұйымдар-

ға арналған

қызметтер

 

Қазақстандық ұялы байланыс нарығының негізгі сипаттамалары мынадай: онда 4 байланыс операторы жұмыс істейді, бұл ретте радиожиілік ресурсы сыйымдылығының жетіспеушілігінен нарыққа кіру кедергісі өте жоғары. Қазақстанның ұялы байланыс нарығы мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: барлық ұялы байланыс операторларында ұсынылатын қызметтер тізбесі іс жүзінде бірдей, компаниялар - байланыс операторлары көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер бөлігінде өзара бәсекелеседі. 2004 жылмен салыстырғанда ұялы байланыс абоненттерінің саны 2,5 есеге ұлғайды.

Ұялы байланыс абоненттерінің саны тіркелген байланыс абоненттерінің санынан асты. Тіркелген абоненттердің саны шамамен 2,5 млн-ды, ұтқыр байланыс абоненттерінің саны 5,5 млн-нан астамды құрайды. «GSM Казахстан» ЖШС «Қазақтелеком» ААҚ абоненттердің барынша көп санын-шамамен 3,3 млн-ды иеленеді, «Кар-Тел» ЖШС абоненттерінің саны 2 млн-нан астам адамды құрайды.

Осы стратегиялық маңызды және жылдам өсетін нарықта шетелдік компаниялардың үстемдік етіп отырғандығын атап өту қажет - ұялы байланыс нарығының ірі компанияларында түрік және ресей капиталдары ұсынылған.

Осы сегмент үшін серпінді өсу тән, алайда бәсекелестік сипатын орташа деп бағалауға болады. Нарықтың жаңа қатысушыларының пайда болуы есебінен бәсекелестіктің дамуы негізінде осы байланыс түріне тарифтердің төмендеуі шартымен ұялы байланыс нарығының өсу әлеуетін жоғары деп бағалауға болады.

Жергілікті телефон байланысын «Қазақтелеком» АҚ-тың дәстүрлі байланыс операторлары және 130-ға жуық байланыс операторлары қамтамасыз етеді. Алайда жергілікті байланыс қызметтері нарығындағы жаңа операторлардың үлесі тұтастай алғанда республика бойынша төмен болып отыр және 9-дан 10% дейін құрайды. Осы байланыс қызметтері нарығында «Қазақтелеком» АҚ дәстүрлі операторларының үлесі 90 % құрайды.

Қалалардағы жергілікті байланыс нарығында бәсекелестікті дамытудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, тұтынушыға дейін жеткізудің "соңғы милі" мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) 2004-2005 жылдары 5,2-5,9 ГГц жиілік диапазондарында сымсыз радиожетімділіктің кеңжолақты жүйелерін пайдалану жөнінде пилоттық жоба өткізді.

Жобаның нәтижелері бойынша 11 байланыс операторына көрсетілген жиілік диапазонын Астана қаласы бойынша пайдалануға рұқсат берілді.

Ішкі тоғыспалы субсидиялауды мемлекеттік субсидиялаудың ашық тетігіне ауыстырудың нәтижесінде қазіргі кезде ауылдық жерлерде жергілікті телефон байланысын дамыту жөніндегі қызмет экономикалық жағынан тиімді болып отыр. Бұл ретте субсидиялаудың мемлекеттік қорын қалыптастыру жөніндегі жүктеменің қалааралық және халықаралық байланыс операторларына жүктелетінін атап айту қажет.

Республикада ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - АЕМ) жалпы саны 7400-ге жуық. 2006 жылғы 1 қаңтарда 50-ден астам халқы бар 650-ге жуық ауылдық елді мекенге телефон тартылмаған.

Ауылдағы телекоммуникация қызметтерін негізінен 500 мың абоненттерге қызмет көрсететін «Қазақтелеком» АҚ ұсынады, басқа байланыс операторлары 8 мыңнан астам абоненттерді қамтамасыз етеді. Олардың ішіндегі ең ірісі «Транстелеком» АҚ - 4 мыңнан астам абонент, «Қазақмыс» АҚ - 1300 абонент, қалғандары - «Арғын» ЖШС, «Мұнайтелеком» ЖШС, «KazTransCom» АҚ және «Арна» АҚ.

2005 жылғы 1 желтоқсанда 7880 мектептің 6760 мектебі (85,8 %) телефондандырылды, оның ішінде 6030 ауылдық мектептің 4986 мектебі телефондандырылды (82,7 %), мектептердің 82,2 %-ының, оның ішінде ауылдық мектептердің 80,1 %-ының Интернет желісіне қолжетімділігі бар.

Ауылдарды дәстүрлі тәсілмен телефондандыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде айқындалған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында республикалық бюджет не "Қазақтелеком" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтерді қайта инвестициялау есебінен 2006 жылы 540,1 млн. теңге бөлу көзделген.

"Қазақтелеком" АҚ-ы телефондалмаған АЕМ-дерді телефондандырумен бір мезгілде ауылдық байланысты жаңғырту мен дамытуды жүзеге асыратынын атап өту қажет, бұл қолданыстағы аналогтық АТС-терді цифрлыға ауыстыруды, қосушы желілерді цифрландыруды, әуе байланысы желілерін радио релелі және талшықты-оптикалық байланыс желілеріне (бұдан әрі - ТОБЖ) айырбастауды көздейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 690 қаулысымен бекітілген "Қазақтелеком" акционерлік қоғамын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған жоспарына сәйкес бұл мақсаттарға 2006 жылы - 1300 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл ауылдық байланыстың цифрландыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, егер 2004 жылы аудан орталықтарын цифрландыру деңгейі 66 %-ды құраса, 2005 жылы - 77 %-ды, 2006 жылы - 82 %-ды, 2007 жылы - 88 %-ды және 2008 жылы - 100 %-ды құрайды.

Қазақстанның телекоммуникация саласын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ауылдық байланыстың экономикалық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін ауылдық жерлерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларына шығындарын өтеуге қаражат бөлу жүргізіледі.

Қазіргі кезде Қазақстанның барлық қалааралық және халықаралық трафигінің 90 % жуығын өткізетін «Қазақтелеком» АҚ қалааралық және халықаралық байланыс қызметтері нарығында бұрынғыдай үстемдік етуде. Бұл қызмет нарығы сегментінде «Қазақтелеком» АҚ үлесі бәсекелестік жағдайында біртіндеп төмендейтін болады. Қызметтердің осы түрін көрсетуге лицензия алған жаңа байланыс операторларына (»Транстелеком» АҚ, «KazTransCom» АҚ, «Арна» АҚ, «Нұрсат» АҚ, «Аstel» АҚ, «TNS-Plus» АҚ) баға саясаты саласында «Қазақтелеком» АҚ-мен бәсекелесу мүмкіндігі беріліп отыр.

Жаңғырту процесі ұлттық телекоммуникация желісінің барлық деңгейлері мен құрамдас элементтерін қозғады. Соңғы жылдар ішінде желіні толық ауқымда жаңарту мен кеңейтуге негіз болған елеулі өзгерістер болып өтті.

"Қазақтелеком" АҚ-тың Ұлттық ақпараттық супер магистралының құрылысы (бұдан әрі - ҰАСМ) жалғасуда. ҰАСМ-ның Астана - Өскемен - Талдықорған шығыс тармағын пайдалануға енгізу жүзеге асырылды. Атырау - Орал, Мақат - Құлсары - Теңіз цифрлы радиорелелі желілерін, Ақтөбе қаласында Халықаралық коммутация орталығын пайдалануға тапсыру жүзеге асырылды, Петропавл - Қостанай - Ақтөбе Солтүстік ТОБЖ құрылысы аяқталды.

Сыйымдылығы 276 станцияны құрайтын DАМА Ұлттық жерсеріктік желінің құрылысы жалғасуда.

"Транстелеком" АҚ "Астана - Алматы" ТОБЖ құрылысын аяқтады және бұдан әрі қарай Алматы - Достық, Алматы - Петропавл бағыты бойынша жаңа магистралды желілерінің құрылысын одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.

"KazTransCom" АҚ Атырау - Ақтау ТОБЖ-ын салды. Атасу - Алашаңқу желісінің құрылысы жүріп жатыр.

Қазіргі кезде деректер беру (Интернетті қоса алғанда) жөніндегі нарық сегментінде 379 лицензия берілді. 2005 жылы қызметтердің осы түрі бойынша өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ең жоғары өсу қарқыны тіркелді - 85 %. Деректер беру қызметтеріне тән жоғары өсу қарқыны нарықтың осы сегментін телекоммуникациялық нарықтың барынша жылдам дамитын сегменті ретінде сипаттайды.

2004 жылы тарифтік саясатта өзгерістер болды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарына сәйкес 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қалалық жердегі жеке тұлғалар үшін абоненттік төлем 20 пайызға жоғарылады. Тарифтерді қайта теңгерімдеуге байланысты тіркелген телефон үшін жергілікті қалалық телекоммуникация желісіне қосылған әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысы құрамында өтемақы төлеу жүргізілуде. Тарифтерді қайта теңгерімдеу шеңберінде халықаралық байланыс қызметтеріне тарифтерді төмендету жөнінде қосымша іс-шаралар жүргізілді, мәселен, 2004 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық шығыс қосылыстарына тарифтер орта есеппен 20 %-ға және 2005 жылғы 1 сәуірден бастап тиісінше 13,1 %-ға төмендеді. Халықаралық қосылыстарға тарифтерді одан әрі төмендету жергілікті телефон байланысы қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жүргізілгеннен және экономикалық негізделген шығындардың өтелуін және тарифтер рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін деңгейде белгіленгеннен кейін қаралатын болады.

2005 жылғы 30 қаңтардан бастап енгізілген қалааралық сөйлесулердің 10 секундтық қадаммен секундтық тарифтеу тетігі тұтынушылардың барлық топтары үшін телекоммуникациялық қызметтер құнының төмендеуіне (орта есеппен қалааралық байланыс қызметтері көлемінің 15-17%-ына) ықпал етті.

"Электрондық үкімет" құру жөніндегі бағдарлама шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру және халықтың нақты кірістерінің өсу үрдісі компьютерлік жабдықты кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде әртүрлі технологиялар пайдаланыла отырып ұсынылатын Интернет қызметінің қалған түрлеріне тарифтердің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл ретте қазақстандық "контенттің" баяу дамуы байқалады, соның салдарынан Интернетті пайдаланушылардың негізгі бөлігі ресейлік сайттарға шығады.

 

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

 

Бағдарламаның мақсаты елге 2012 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін база құруға мүмкіндік беретін Қазақстанның бәсекелі экономикасының одан әрі қалыптасуының негізгі шарттарының бірі ретіндегі Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын одан әрі дамытуға бағытталған шарттар мен тетіктерді жетілдіру болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай бірінші кезектегі міндеттерді орындау қажет.

1. Мына салаларда телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру:

телекоммуникация саласын одан әрі дамыту жөніндегі зерттеулер;

байланыс операторларын қосу;

тіркелген және ұялы байланысты дамыту;

Интернетті дамыту;

халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету.

2. Саланы инновациялық-технологиялық дамыту және оның техникалық базасын қамтамасыз ету:

саланы инновациялық дамыту;

нөмірлеудің телекоммуникациялық ресурсын бөлу;

радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру;

ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту;

стандарттаудың және сертификаттаудың салалық жүйесін жетілдіру;

телекоммуникация саласында кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру;

телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.

 

 

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктерi

 

5.1. Телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

 

5.1.1. Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту жөніндегi

зерттеулер

 

Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту мен мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық база жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Телекоммуникация қызметтеріне арналған тарифтер деңгейін әлемдік орташа деңгейге дейін келтіру үшін тарифтеу, телекоммуникация қызметтерінің әр алуан түрлерін ұсынатын байланыс операторларының желілері арасында трафикті қосу және өткізу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жетілдірілетін болады.

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-ө бұйрығымен бекітілген, қалааралық және халықаралық байланыс операторларының (АМТС - АМТС, АМТС - МЦК, МЦК - МЦК) өзара қосылуларын қамтамасыз етуге бағытталған Телекоммуникация желілерін Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтеріне бағаны төмендету үшін жергілікті деңгейде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері арқылы трафикті өткізгені үшін тарифтерді есептеуге арналған әдістеме әзірлеу қажет.

Ырықтандыру жағдайында телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру проблемалары мен жолдарын зерттеу жүргізілетін болады, оның барысында жүргізілген реформалардың тиімділігі зерделеніп, оларды түзету бойынша ұсынымдар берілетін болады.

Республиканың тиімді геосаяси жағдайын, сондай-ақ Еуропамен, Ресеймен, Қытаймен және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдерімен арадағы ақпарат ағындарымен алмасу саласындағы жаhандық үрдістерді ескере отырып, операторлардың желілері бойынша транзиттік трафикті өсіруге бағытталған тұтас стратегияны әзірлеу қажет.

 

5.1.2. Байланыс операторларын қосу

 

Байланыс операторларын қосуды қамтамасыз ету үшін қосудың стандартты нүктелері айқындалатын және жарияланатын болады.

Телекоммуникация желілерін Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережесінің қалааралық және халықаралық байланыс операторларына қатысты бөлігіне толықтырулар әзірленетін және бекітілетін болады.

Пайдаланушылардың ұялы байланыс қызметтеріне шығындарын азайту және ұялы байланыс операторларының «Қазақтелеком» АҚ коммутациялық алаңын айналып өтіп өзара қосылуын қамтамасыз ету мақсатында телекоммуникация желілерін үстемдік етуші байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосуға арналған үлгі шарттың құрылымы бекітілетін болады.

 

5.1.3. Тіркелген және ұялы байланысты дамыту

 

Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі туралы міндетті іске асыру мақсатында телекоммуникация саласында осы елдерге тән басты көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Дауысты және деректерді бір мезгілде беру үшін Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін дамытуға арналған жер үстіндегі инфрақұрылымы жоқ негізгі облыс орталықтарында жаңа технологиялар негізінде сымсыз қолжетімділік желілерін салу көзделіп отыр.

Тарифтерді қайта теңгерімдеу жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады. Келешекте телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтер телекоммуникация қызметтерінің түрлері бойынша шығындарды бөлек есепке алу қағидаты негізге алына отырып есептелінетін болады. Бұл ретте мемлекеттік реттеу халық үшін жергілікті байланыс қызметтерінің тарифтерін арттыруға ғана емес, сондай-ақ абоненттердің әртүрлі санаттары үшін қалааралық тарифтерді төмендетуге және байланыс операторларының тоғыспалы субсидиялаудың алдын алу жөніндегі экономикалық әлеуетін құруға да бағытталатын болады. Осы кезеңдегі тарифтік саясаттың тағы бір ерекшелігі - тарифтерді бірдейлендіру, тарифтер мөлшерінің қашықтыққа тәуелділігін азайту, олардың деңгейін телекоммуникация қызметтері нарығының конъюнктурасын негізге ала отырып белгілеу және пайдаланушылардың барлық топтары үшін тең жағдай жасау.

Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді төмендету үшін жағдай жасалатын болады.

Қалааралық және халықаралық байланыс нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында ІР-телефондама операторларын жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосуды қамтамасыз ету қажет.

Қалааралық және халықаралық байланыс операторларын қолдау жөніндегі іс-шаралар отандық компанияларға қаржыландыру көздеріне қолжетімділік алу және сыртқы байланыс нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде ұтқыр байланыс нарығында "Қазақтелеком" ААҚ "GSM Казахстан" ЖШС және "Кар-тел" ЖШС сияқты GSM стандартының екі операторы жұмыс істейді.

Ұтқыр байланыс нарығы жедел қарқынмен дамуда, абоненттерінің саны 5,5 млн. астам абоненттерді құрайды, бірақ бәсекелестіктің аздығынан және ұялы байланыс операторларын тікелей қосудың болмауынан жоғары тарифтер әлі де сақталуда. Бұл үшін 2006 жылғы бірінші тоқсанда "Қазақтелеком" АҚ-тың коммутациялық алаңын айналып өтіп, ұялы байланыс операторларына тікелей қосуды қамтамасыз ету қажет.

Ұялы байланыстың ену деңгейін арттыру мақсатында ұялы байланыс қызметтеріне есептік ставкаларды теңестіру және төмендету арқылы тарифтерді азайту қамтамасыз етілетін болады.

 

5.1.4. Интернетті дамыту

 

Болжанып отырған кезеңде Интернет желісіне жаппай, кеңжолақты қол жетімділікті дамыту, Интернеттің қазақстандық контентін дамыту жоспарлануда.

Metro Ethernet технологиясының базасында ("Қазақтелеком" АҚ) деректер беру желісін дамыту халық үшін кеңжолақты қолжетімділік қызметтеріне тарифтерді кемінде 30 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Тарифтік реттеу қағидаттары мен тетіктерін, оның ішінде Интернет желісіне және ұялы байланыс қызметтеріне қол жетімділікті жетілдіру бойынша оларды төмендету мақсатында жұмыстар жалғастырылатын болады.

Бірқатар маңызды мемлекеттік және әлеуметтік міндеттерді ("электрондық үкіметті" қалыптастыру, мектептерді интернеттендіру) іске асыру қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ нарықтың дамуына жаңа серпіліс беру мақсатында халық үшін де, білім беру жүйесінің ұйымдары үшін де Интернет желісінің (бұдан әрі - Желі) кейбір қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Интернетке тарифтердің жоғары болуының елеулі маңызды себептерінің бірі Интернеттің әлемдік ресурстары үшін қазақстандық провайдерлердің шығыстарының жоғарылығына байланысты. Ресей пайдаланушылары 80 % жағдайда провайдерге өте арзанға түсетін Желінің ішкі ресейлік ресурстарын пайдаланады. Қазақстандық пайдаланушылар 90 % астам жағдайда Желінің қазақстаннан тыс сыртқы ресурстарын пайдаланады. Сөйтіп Қазақстанда Интернет құнының жоғарылығы проблемасы Интернеттің ішкі ақпараттық құрауышын (контент) дамыту қажеттілігіне теңеседі.

Қатардағы пайдаланушылар үшін оның тартымдылығын арттыру мақсатында Қазақстандық контентті толықтыру мәселесі ең бастылардың бірі болып табылады және мемлекет тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.

Қазақстандық сарапшылардың пікірі бойынша біздің елімізде Интернеттің дамуын тежейтін объективті себептер бар. Бұл қазақстандық ақпараттық контентаның дамымауы және халықты компьютерлендірудің нашарлығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасына және Үкіметтің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электронды үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Қазпочта" АҚ өзінің телекоммуникациялық жүйесін дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарлады.

Осы іс-шаралар телекоммуникациялық инфрақұрылымды дәйекті дамытуды және "Қазпочта" АҚ ауылдық бөлімшелерінің базасында Интернеттің әлемдік желісіне ұжымдық қолжетімділік пункттерін ашуды қамтиды.

Бағдарламаны табысты іске асыру Интернет - коммерция (Е-commerce), электрондық әмиян (Е-cash) сияқты жаңа қызметтерді енгізу мен дамытуға, сондай-ақ микропроцессорлық карточкалардың көмегімен ақпараттық ресурстар мен қызметтердің әр алуан түрлеріне (медициналық сақтандыру карточкасы; электрондық жеке куәлік; көліктік карта; бонустық карталар және т.б.) қол жеткізуге ықпал ететін болады.

2005-2010 жылдар кезеңінде мынадай жаңа жоғары технологиялы сервистермен көрсетілетін қызметтердің тізбесін едәуір ұлғайту жоспарланып отыр:

жерсеріктік телефондама;

ұтқыр телефондама;

Интернетке қолжетімділік;

ұтқыр Интернет.

 

5.1.5. Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну

 

Осы заманғы телекоммуникация нарығындағы қатаң бәсекелестік және дәстүрлі телефон байланысы көлемінің төмендеуі жағдайында жаңа буындағы әртүрлі қызметтер ұсыну басымдық болып табылады. Жылдам және ең аз шығындармен жаңа, барынша жетілдірілген сервистерді енгізу мүмкіндігі, сондай-ақ клиенттердің әртүрлі топтары үшін сараланған қызметтер пакеттерін қалыптастыру - байланыс нарығында берік ұстанымды құрудың кілті.

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында телефондандырылмаған АЕМ-да 450 МГц жиілік диапазонында радиожиілік спектрін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесінде көзделген байланыс қызметтерінің көлемінен аз емес көлемдегі телекоммуникация қызметтерін ұсыну жоспарлануда.

Телефондандырудың осы тәсілі кезінде 50 адамнан астам тұрғыны бар АЕМ-де тұратын халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің барлық спектрін алу және құрылатын "электрондық үкімет" қызметтері мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндігі берілетін болады.

 

5.2. Телекоммуникация саласын инновациялық-технологиялық

және техникалық қамтамасыз ету

 

5.2.1. Телекоммуникация саласын инновациялық дамыту

 

2005 жылғы 18 ақпандағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруды, оның шикізаттық бағытынан арылуды қамтамасыз ету міндетін қойды. Телекоммуникация қызметтерінің ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлесін арттыру үшін салаға инвестициялардың өсуін және жаңа технологияларды уақтылы енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Телекоммуникация саласы жоғары технологиялық салалардың бірі болып табылады, соның салдарынан саланың дамуы негізінен байланыс операторларына пайдаланушыларға жоғары сападағы қызметтердің барлық жаңа түрлерін ұсыну, телекоммуникация желілерін ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігін беретін жаңа технологиялардың пайда болуы мен оларды енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасында телекоммуникацияны одан әрі дамыту үшін телекоммуникация саласын инновациялық-технологиялық дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленетін болады, ол ең жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану есебінен әр тарапты экономиканы қалыптастыруға, жаңа технологияларды дамытуға бағытталады.

2004 жылдың деректері бойынша Қазақстанда телекоммуникация саласына инвестициялар елдің бір тұрғынына шаққанда 9,03 АҚШ долларын құрайды. Салыстыру үшін, осы инвестициялар Ресейде бір тұрғынға шаққанда 21,41, Украинада - 16,53, Ұлыбританияда - 227,3, АҚШ-та - 104 АҚШ долларын құрайды.

Байланыс операторларының меншікті және қарызға алған қаржылары инвестицияның негізгі көзі болып табылады. Сонымен бірге, телекоммуникация саласы кірістерінің елдің ЖІӨ-дегі аздаған үлесін (саланың ел ЖІӨ-дегі үлесі 2,9 %-ға тең) ескерсек, қолда бар инвестициялар перспективада телекоммуникация саласының тұрақты озық дамуын қамтамасыз ете алмайды.

2006-2008 жылдары республика байланыс операторларының инвестициялық саясаты байланыс құралдарын әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа технологиялары базасында осы заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағындар транзитін ұлғайтуға бағытталатын болады.

Телекоммуникация желісін жаңғырту мен дамытудың мынадай басым бағыттарын іске асыру көзделеді:

ҰАСМ салуды жалғастыру;

жергілікті телекоммуникация желісін жаңғырту және дамыту;

деректер беру желісін дамыту;

ұялы байланысты дамыту;

жаңа буындағы желіні дамыту.

Саланың инновациялық технологиялық қайта құрылуларының негізін құрайтын ірі, жүйе құрушы жобалардың бірі ҰАСМ салу болып табылады. Осы жобаның тұжырымдамасы DWDM және SDH жабдығын пайдалана отырып, аналогтық магистралды желілерді жердегі талшықты-оптикалық жоғары жылдамдықтағы цифрлы магистралды желілерге толығымен ауыстыру қажеттілігіне негізделген. Нәтижесінде республиканың барлық өңірлерінің бүкіл әлемдік телекоммуникация желісіне кемінде үш бағытта шыға алатын үш ірі сақина нысанында оңтайлы қосылуы болады. ҰАСМ салу магистралды желіні пайдаланудың арзандауын, қосылулар сапасының артуын туғызады, сондай-ақ жоғары сапалы цифрлы байланыс арналарын, көліктік ортаны ұсыну негізінде республикада телекоммуникация нарығының дамуын қамтамасыз етеді және технологиялық жағынан озуға және елдің ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылығын қамтамасыз етуге арналған техникалық база құруға ықпал ететін болады.

2007 жылы әлемдік телекоммуникация нарығында ұлттық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі алғы шарттарды жасайтын ҰАСМ құрылысын толық аяқтау жоспарланып отыр. Цифрлы магистралды құру барлық деңгейдегі телекоммуникацияны дамытуға да, олар арқылы ТОБЖ өтетін өңірлердің ақпараттандыру және іскерлік белсенділігінің артуына да ықпал етеді, Ресей желісіне екінші қуатты тәуелсіз шлюз ұйымдастырылатын болады.

Халықты "электрондық үкімет" қызметтерімен қамтамасыз ету, халықтың барлық жігінің ақпараттың электрондық құралдарына қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында желілерді 100 %-дық цифрландыруға ұмтылу қажет. Ол үшін байланыс операторларының мүмкіндігін ескере отырып, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісін цифрландырудың және ақпараттық қоғамның негіздерін қалыптастыру қажеттілігін қамтамсыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу қажет.

Телекоммуникация желісі дамуының жай-күйіне талдау жүргізу, келешекте ақпараттық қоғамға өту қажеттілігін ескере отырып, цифрландыруды дамытудың талап етілетін деңгейін айқындау және цифрландыру деңгейінің шығыстарын оңтайлы тұрғыда анықтау осы жобаны іске асырудың мақсаты болып табылады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарының, облыстық бағыныстағы ірі қалаларының және барлық аудан орталықтарының жергілікті желілерін цифрландыру жолымен жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қалалық телекоммуникация желілерін жаңғырту нәтижесінде, 2008 жылға қарай қалалық телекоммуникация желілері бойынша цифрландыру деңгейі 85 %-ға жетеді, табиғи тозған және моральдық жағынан ескірген коммутациял жабдығын айырбастау жүзеге асырылады, сондай-ақ халыққа телекоммуникация қызметтерінің сапасын жақсартуға және оларды кеңейтуге әкелетін телекоммуникацияның жаңа қызметтерін ұсыну басталатын болады.

Жаңа телекоммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады, бұл ретте Интернетті деректер беруді пайдаланушылар үшін сервисті жақсартатын кеңжолақты байланысты дамытуға елеулі түрде назар аударылатын болады.

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық секторын дамытуға ұсынылатын өнімдерді ұдайы жаңарту мен әртараптандыру, әр түрлі технологияларды конвергенциялау едәуір дәрежеде ықпал етеді.

Бүгінде телекоммуникациялық сала үшін жабдық шығару жөніндегі өз кәсіпорнының болуының басым маңызы бар. Әлемдегі Қазақстанда жоғары қосылған құнды өнімдер өндіру жөніндегі ақпараттық технологияларды жетекші әзірлеушілердің бірі ақпараттық технология саласында озық жоғары технологияларды енгізген және бірқатар бірлескен жобаларды іске асырған "НК "Казахстан инжиниринг" ААҚ мен "Technologies Engineering Ltd" компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажет.

Орта мерзімді перспективада телекоммуникация саласын жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен құрылған "Ақпараттық технологиялар паркі" Арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - "АТП" АЭА) аумағында озық телекоммуникациялық технологиялар өндірісінің инвестициялық жобаларын іске асыру үшін ақпараттық технологиялар саласындағы отандық және шетелдік көшбасшы компанияларды тартуды жандандыру қажет.

Қазіргі кезде "АТП" АЭА басқару жyйесі құрылған, Паркті дамытудың басым бағыттары айқындалған, инфрақұрылымы жасалуда, технопарктің 1-кезектегі құрылысы аяқталуда.

 

5.2.2. Нөмірлеудің телекоммуникациялық ресурсын бөлу

 

3аңға сәйкес нөмірлеу ресурстарын таратудың және нөмірлерді бөлудің тәртібін, сондай-ақ телефон қызметтерін көрсетуге арналған Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінде телефон байланысының нөмірлерін пайдалану ерекшеліктерін байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін "Қазақтелеком" АҚ нөмірлеу ресурсын бөлу және оны пайдалануды реттеу жөніндегі өкілеттігінен айырылды.

Нөмірлеу ресурсы Қазақстан Республикасының ұлттық ресурсының бөлігі ретінде иеліктен шығарылмайтын болып табылады (сатылмайды, жалға берілмейді, байланыс саласында қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектісінің қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы нәтижесінде құқықтық мирасқорға берілмейді). Байланыс операторлары өздеріне бөлінген нөмірлеу ресурсын өзінің клиент-абоненттері арасында ғана бөледі.

Тұтастай алғанда, республика бойынша байланыс операторларына нөмірлеу ресурсын беруде кедергілер жоқ.

Алайда Алматы қаласындағы нөмірлеу ресурсының шектелуі республиканың осы ірі телекоммуникациялық торабында бәсекелестіктің дамуын тежеуші фактор болып табылады. Жергілікті байланыс нарығында бәсекелестікті дамыту қажеттілігіне байланысты нөмірлеу сыйымдылығын ұлғайту жөнінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Алматы қаласының телекоммуникация желісін жаңа нөмірлеу жоспарына ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы № 159-ө бұйрығына сәйкес Алматы қаласында жеті мәнді нөмірлеуге көшу жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісін нөмірлеудің жаңа жоспарына ауыстыру жоспарланып отыр. Қазақстан мен Ресейдің нөмірлеудің жеті елдік аймағына бірлесіп кіретіндігіне байланысты, бұл процесс Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігімен келісілген мерзімде жүзеге асырылатын болады.

 

5.2.3. Радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру

 

Қазақстанда перспективада жылжымалы байланыстың үшінші және одан кейінгі буындары стандарттарын таңдау және енгізу жөніндегі жұмыс басталады, олар беру жылдамдығы 8 кбит/с бастап 2 Мбит/с дейінгі шектерде жататын бірнеше әр түрлі қызметтерді бір арнада ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, сөзді және деректерді нақ сол терминалға беруді талап ететін нақты мультимедиялы ақпаратты беру қамтамасыз ете отырып, пакеттер коммутациясы қызметтерінен сигналдар нақ сол арнада берілуі мүмкін. Қазірдің өзінде Қазақстанда 3-буынға өтпелі стандарттарды (2,5 стандарттар деп аталатын) енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанына қарамастан, жиіліктердің қажетті диапазондарын бөлу проблемалары өте баяу шешілуде.

Тіркелген байланыс желілерінде сымсыз жүйелерді пайдалану мәселесі бос радиожиіліктердің болмауына байланысты өткір күйінде қалып отыр. Бұл ауылдық байланыстың дамуын және ауылдық елді мекендерде соңғы мильді (желі жабдығынан абоненттік қондырғыға дейінгі қол жеткізу желісі) ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды арзандату процесін тежейді.

Азаматтық және үкіметтік мақсаттағы радиоқызметтердің арасында бірлескен жиілік жолағының ара жігін айқын ажыратушылықтың болмауы әскери басқарманың орталық атқарушы органдарымен азаматтық радиожиіліктерді келісуді жүргізуді талап етеді.

Әлеуетті министрліктер мен ведомстволардың радиоэлектронды құралдарының (бұдан әрі - РЭҚ) сол жиілік ауқымын жаңа байланыс технологияларының да пайдалануына байланысты жаңа технологияларды енгізу тежелуде. Азаматтық пайдалануға жиілік ресурсын босату үшін конверсия тетігі қажет.

Бағдарламада көтеріліп отырған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар іс-шараларды орындау көзделеді.

 

5.2.4. Ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту

 

2006 жылы «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдарды электромагниттік үйлестіру республикалық орталығы» АҚ тұлғасында Қазақстанға халықаралық жерсеріктік байланыс операторларының аренасына кіруге мүмкіндік беретін қазақстандық «KAZSAT» байланыс және хабар тарату жерсерігін ұшыру жоспарланып отыр.

Қазақстандық жерсеріктік желілер өз жерсерігінің пайда болуымен сөзсіз «KAZSAT» жерсерігі арқылы жұмыс істейтін болады. Қазіргі жерсеріктік байланыс операторларының «KAZSAT»-қа көшуі ақпараттық қауіпсіздікке, қаражатты үнемдеуге, Қазақстан Республикасының барлық салалары үшін жерсеріктік байланыс қызметтерінің серпінді дамуына ықпал ететін болады. Қазақстандық байланыс операторлары үшін ұлттық геостационарлық жерсеріктік байланыс және хабар тарату сыйымдылығын жалдау, мысалы, Intelsat сияқты басқа жерсеріктердегі сыйымдылықты жалдаудан едәуір арзан болады деп болжануда. Бұдан басқа, ТМД елдерінің операторларына да жерсеріктік байланыс арналарын жалға беру жоспарланып отыр.

 

5.2.5. Стандарттаудың және сертификаттаудың салалық

жүйесін жетілдіру

 

Ағымдағы сәтте салада стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмыс іс жүзінде жүргізіліп отырған жоқ. Техникалық сәйкестігіне сертификаттаудан өтпеген жабдықты пайдалануға тыйым нормативпен бекітілмеген. Осындай техникалық құралдарды немесе тек қауіпсіздік параметрлері бойынша сертификатталған құралдарды пайдалану салада төменгі сападағы жабдықты пайдалануына әкеп соқтырады.

Халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеуге негізделген стандарттау мен сертификаттаудың салалық жүйесін құруға бағытталған жұмысты жандандыру қажет: осы салада бар стандарттар бойынша ақпарат жинауды және талдауды жүргізу, басым бағыттарды айқындау, жаңа стандарттарды әзірлеу кезінде мүмкіндігінше халықаралық деңгейден өңірлікке өту.

Қазақстан үшін стандарттау мен сертификаттау жүйесін жетілдіру ДСҰ-на кіру жолы бойынша ілгерілеуге ықпал ететін болады. Халықаралық қағидаттарды пайдалану шет мемлекеттердің қазақстандық сынақ зертханаларын, зертханаларда алынған сынақ нәтижелерін, қазақстандық сәйкестік сертификаттары мен белгілерін мойындауы проблемасына оң әсерін тигізеді.

 

5.2.6. Телекоммуникация саласында кадрлар даярлау мен

қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникация саласы елдің орташа даму қарқынынан асатын, жылына 28 % - 34 %-ға жуық жедел қарқынмен дамуда. Салада жұмыс істейтін қызметкерлердің саны тұрақты түрде өсіп отыр. Телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы, жаңа техникалық және бағдарламалық өнімдердің пайда болуы қызметкерлерден біліктілігі мен өз бетінше білім алуын ұдайы көтеруді талап етеді.

Жоғары технологиялық өндірісті дамыту мен экономиканың шикізаттық бағытынан арылу қажеттілігін ескерсек, Қазақстан Республикасында телекоммуникация саласын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттандыру және телекоммуникация саласында кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін құру проблемасы өткір қойылады.

Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласының озық дамуын ғылыми және біліммен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың 2007-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу қажет.

Осы тұжырымдама Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті кадрларға қажеттілігін айқындауға, ғылыми-техникалық прогресс пен жаңа технологияларды енгізуді ескере отырып, мамандар даярлаудың критерийлерін әзірлеуге және елдің телекоммуникациялық саласын озық дамытуды ғылыми және біліммен қамтамасыз ету жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталуы тиіс.

 

5.2.7. Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру

iс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету

 

Абоненттердің соңғы терминалдарының сәйкестендіру деректері туралы қызметтік ақпаратты телекоммуникация желісі бойынша беру тетігі жеткілікті реттелмеген. Әртүрлі байланыс операторлары желілерінің қиылысуларындағы кері нөмірлерді трансляциялауда көптеген проблемалар бар. Барлық түрдегі байланыстың транзиттік желілерінде абоненттер терминалдарының қызметтік сәйкестендіру деректерін трансляциялау мен есепке алу жөніндегі техникалық шешімдерді іске асыру және осы талаптарды байланыс операторларының желілерін қосу кезінде міндетті шарт ретінде ұсыну қажет.

Телекоммуникациялық жабдықты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін құралдармен жарақтандыруды осы салада қолданылатын стандарттарға және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес кеңейту қажет.

Қылмыстық және қоғамға қарсы қызметтің жолын кесуге арналған жағдайларды жетілдіру мақсатында абоненттердің жеке деректерін тіркеу мен сәйкестендіруді ұйымдық және техникалық қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін нормативтік кесімдер әзірленетін болады.

Нормативтік талаптардың негізінде алдын ала төлеу карточкаларын және қоғамдық байланыс пункттерінің қызметтерін пайдаланатын абоненттерді байланыс операторларының есепке алуы жөніндегі ұйымдастыру шараларын қолданысқа енгізу қажет. Пайдаланушылардың соңғы терминалдарының деректерін сәйкестендіруді техникалық қамтамасыз ету мақсатында тиесілігіне қарамастан барлық түрдегі байланыстың транзиттік желілер бойынша кері нөмірлер туралы қызметтік ақпаратты трансляциялау бойынша нормативтік талаптарды қолданысқа енгізу қажет.

Пакеттік деректер беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді техникалық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді одан әрі кеңейту іске асырылатын болады.

 

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздерi

 

Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Бағдарламаны орындау үшін 2006-2008 жылдары шамамен 222,3 млн. теңгеге баламалы сомадағы қаражатты игеру талап етіледі. Талап етілетін қаражат республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне байланысты әр жыл бойынша жеке қаралуға тиіс.

Республикалық бюджет қаражатынан Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі 2006 жылы - 25,3 млн. теңге, 2007 жылы - 153 млн. теңге, 2008 жылы - 44 млн. теңге. 2007-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына белгіленетін (нақтыланатын) болады.

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы, тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым ақпараттық қоғамның технологиялық негізі сияқты.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанда мыналар болады:

мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, халыққа арналған байланыс қызметтеріне қол жетімділік, мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік, телекоммуникация саласында ұлттық бәсекеге қабілеттілік үшін теріс салдарларсыз телекоммуникацияның толық бәсекелестік нарығына көшу;

телекоммуникация салаларының үздіксіз жұмыс істеуінің қамтамасыз етілуі;

телекоммуникацияның базалық қызметіне халықтың қол жетімділігінің кеңеюі;

телекоммуникацияның ұсынылатын қызметтері спектрінің кеңеюі;

Орталық Азия өңірінің телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының көшбасшылық ұстанымының қамтамасыз етілуі. Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында елеулі ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөнінде халықаралық транзит торабы болады;

телекоммуникациялар саласында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін телекоммуникация саласындағы нормативтік құқықтық базаның құрылуы;

телекоммуникациялық инфрақұрылымға қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де кезеңге инвестициялау үшін тартымды жағдайдың жасалуы;

телекоммуникациялар нарығында бәсекелестік ортаның қалыптасуы, жергілікті желілерге қол жетімділікті және байланыс қызметтерінің жаңа түрлері нарығын дамытуға арналған мүмкіндіктер өседі;

саланың жұмыс тиімділігінің артуы және байланыс қызметтерін тұтынудың құрылымдық үйлесімсіздігінің азаюы;

саланың серпінді дамуы жағдайында телекоммуникация саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің құрылуы.

2008 жылдың аяғына қарай Бағдарламаны іске асыру мынадай мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталатын болады:

тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 23;

ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 50;

Интернетті пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 10;

жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі - 80 %;

байланыс операторлары кірістерінің көлемі - жалпы ішкі өнімнің 4-5 %-ы;

бір тұрғынға телекоммуникация қызметінен түсетін кірістер 150-200 АҚШ доллары;

бір тұрғынға телекоммуникация саласына инвестициялар 70-100 АҚШ доллары.

Бағдарламаны іске асыру кезінде 2012 жылға қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 еліне тән мынадай басты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жағдай жасалатын болады:

100 тұрғынға 40 телефон желісі (2005 жылы - 17),

100 тұрғынға 90 ұялы байланысты пайдаланушы (2005 жылы - 36),

100 тұрғынға 40 Интернетті пайдаланушы (2004 жылы - 1,34).

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1003 (бұр.ред.қара); 2008.04.10. № 917 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді

 

8. Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын

дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске

асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау

нысаны

Орын-

дауға

(іске

асыру-

ға)

жауап-

тылар

Орындау

(іске

асыру)

мерзімі

Болжа-

нып

отырған

шығыс-

тар

млн.

теңге

Қаржы-

ландыру

көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Телекоммуникация саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

1.1. Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту жөніндегі

зерттеулер

1.1.1

ДСҰ жағдайында

телекоммуника-

ция саласының

жұмыс істеу

бойынша, оның

ішінде инвес-

тициялық тар-

тымдылығын

көтеру бойынша

ұсыныстар

дайындау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,ӨҰҚК

2007

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.1.2

Реттелетін

қызметтер түр-

лері бойынша

шығындарды

бөлек есепке

алуды ұйымдас-

тыру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ТМРА,

ИСМ

 

жыл

сайын

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.1.3

Ырықтандыру

жағдайында

телекоммуника-

ция саласын

мемлекеттік

реттеуді же-

тілдіру проб-

лемалары мен

жолдарын

зерттеу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ

2007

жылғы

20

шілде

2006

жыл - 4

РБ

қаража-

ты

1.1.4

Телекоммуника-

ция саласын

ырықтандыру

бойынша бұдан

әрі жүргізіле-

тін іс-шаралар

туралы ұсыныс-

тар дайындау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

байланыс

опера-

торлары

2007

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.1.5

Мемлекеттік

органдардың

телекоммуника-

ция қызметте-

ріне арналған

шығыстарын

оңтайландыру

бойынша іс-

шаралар жоспа-

рын әзірлеу

Үкіметке

ақпарат

ЭБЖМ

(жинақ-

тау),

АБА

2007

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.1.6

Транзиттік

телекоммуника-

циялық әлеует-

ті дамыту және

отандық байла-

ныс оператор-

ларының шетел-

дік нарыққа

шығару жөнінде

ұсыныстар

дайындау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ

2008

жылғы

20

шілде

2007

жыл - 10*

РБ

қаража-

ты

1.1.7

Байланыс қыз-

меттерін пай-

даланушыларды

тіркеу әдісте-

ріне зерттеу

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

ҰҚК

2008

жылғы

20

шілде

2007

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

1.1.8

Телекоммуника-

ция саласының

дамуына эконо-

микалық талдау

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

2008 -

2009

жж.

20

қаңтар

2007

жыл - 7*

2008

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

1.2. Байланыс операторларын қосу

1.2.1

Ұялы байланыс

операторлары-

ның қосылу

нүктелерін

келісу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ұялы

байланыс

опера-

торлары

2006

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.2.2

Жалпы пайдала-

нымдағы теле-

коммуникация

желісіне қала-

аралық және

халықаралық

байланыс опе-

раторлары же-

лілерінің

қосылуларын

ұйымдастыру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

"Самұ-

рық"

холдин-

гі" АҚ,

қалаара-

лық және

халықа-

ралық

байланыс

опера-

торлары

2007

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.2.3

Ұялы байланыс

операторлары-

ның "Қазақте-

леком" АҚ

желісінен тыс

қосылуларын

қамтамасыз ету

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ҰҚК,

ұялы

байланыс

опера-

торлары

2006

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.2.4

Ұялы байланыс

операторлары,

тіркелген және

ұялы байланыс

операторлары

арасындағы

өзара есеп

айырысуды ес-

кере отырып,

байланыс опе-

раторларының

қосылуларына

және трафикті

өткізуіне та-

рифтерді есеп-

теу әдістеме-

сін әзірлеу

Бұйрық

ТМРА

2007

жылғы

ІІІ

тоқсан

2007

жыл - 5*

РБ

қаража-

ты

1.2.5

Байланыс опе-

раторларының

қосылулары

бойынша дерек-

тер базасын

құру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ

2008

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.2.6

"Телекоммуни-

кация желіле-

рін жалпы пай-

даланымдағы

телекоммуника-

ция желісіне

қосу және

Қазақстан Рес-

публикасының

жалпы пайдала-

нымдағы теле-

коммуникация

желісі бойынша

трафикті өткі-

зуді реттеу

мәселелері жө-

нінде зерттеу-

лер жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА

2008

жылғы

20

қаңтар

2007

жыл - 12*

РБ

қаража-

ты

1.2.7

"Телекоммуни-

кация желіле-

рін жалпы пай-

даланымдағы

телекоммуника-

ция желісіне

қосу және

Қазақстан Рес-

публикасының

жалпы пайдала-

нымдағы теле-

коммуникация

желісі бойынша

трафикті өткі-

зуді реттеу

ережесін бекі-

ту туралы

Қазақстан

Республикасы

Ақпараттандыру

және байланыс

агенттігі төр-

ағасының 2004

жылғы 12 шіл-

дедегі № 145-ө

бұйрығына,

оның ішінде

кіріс қосылыс-

тарының нөмір-

лерін есепке

алуды және

трансляциялау-

ды қамтамасыз

ету бөлігіне

өзгерістер

мен толықтыру-

лар енгізу

Бұйрық

АБА (жи-

нақтау),

ТМРА,

ИСМ,

ЭБЖМ,

ҰҚК

2008 жылғы IV тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.3. Тіркелген және ұялы байланысты дамыту

1.3.1

"Қазақтелеком"

АҚ кәбілдік

канализациясын

байланыс опе-

раторы болып

табылмайтын

ұйымға беру

туралы ұсыныс

дайындау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ТМРА,

"Самұ-

рық"

холдин-

гі" АҚ,

"Қазақ-

теле-

ком" АҚ

2006

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.3.2

ІР-телефондама

операторлары-

ның жалпы пай-

даланымдағы

телекоммуника-

ция желісіне

қосылуы мәсе-

лерін жетіл-

діру жөнінде

ұсыныстар беру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ТМРА,

ИСМ,

"Самұ-

рық"

холдин-

гі" АҚ,

"Қазақ-

теле-

ком" АҚ,

байланыс

опера-

торлары

2007

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.3.3

Белгілі бір

тауар нарығын-

да үстем (мо-

нополиялық)

жағдайдағы

нарық субъек-

тісінің мемле-

кеттік тізі-

лімінде тұрған

операторлар

ұсынатын ұялы

байланыс қыз-

меттеріне та-

рифтерді қа-

лыптастыру

тәртібін және

оның негізді-

лігін тексеру

АБА-ға

ақпарат

ИСМ

2007

жылғы

30

шілде

талап

етілмей-

ді

 

1.3.4

Қалааралық

және халықара-

лық байланыс

кызметтеріне

тарифтерді

төмендету

бойынша ұсы-

ныстарды

дайындау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

ТМРА,

"Самұ-

рық"

холдин-

гі" АҚ,

қалаара-

лық және

халықа-

ралық

байланыс

опера-

торлары

жыл

сайын,

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.3.5

"Байланыс опе-

раторларының

қалааралық қо-

суларды және

телекоммуника-

цияның өзара

әрекет етуші

желілерінің

арасындағы

трафикті

секундтық

тарифтеуді ен-

гізуі туралы"

Қазақстан

Республикасы

Ақпараттандыру

және байланыс

агенттігінің

2004 жылғы 21

сәуірдегі №

74-ө және

Қазақстан

Республикасы

Табиғи монопо-

лияларды рет-

теу агенттігі-

нің 2004 жылғы

14 мамырдағы

№ 233-ОД бір-

лескен бұйры-

ғына өзгеріс-

тер мен толық-

тырулар енгізу

Бірлес-

кен

бұйрық

АБА, ТМРА,

ИСМ

2007

жылғы

І

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.3.6

"Жылдық ставка

негізінде қа-

лааралық және

(немесе) ха-

лықаралық бай-

ланысты ұсын-

ғаны үшін тө-

лемақыны есеп-

теу әдістеме-

сін бекіту ту-

ралы" Қазақс-

тан Республи-

касы Ақпарат-

тандыру және

байланыс аген-

ттігі төраға-

сының 2004

жылғы 22 қара-

шадағы № 261-ө

бұйрығына өз-

герістер мен

толықтырулар

енгізу

Бұйрық

АБА

2007

жылғы

І

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.3.7

"Телекоммуни-

кацияның әмбе-

бап қызметте-

ріне арналған

тарифтерді

қайта теңдес-

тіру жоспарын

және олардың

әмбебап қыз-

меттеріне ар-

налған тариф-

терді бекіту

туралы"

Қазақстан

Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 21

тамыздағы №

884 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар

енгізу

Үкімет

қаулысы-

ның

жобасы

ИСМ (жи-

нақтау),

ТМРА,

АБА

Қажет-

тілігі-

не

қарай

және

бөлек

есепке

алу де-

ректері

бойынша

талап

етілмей-

ді

 

1.3.8

Жылжымалы радио-

байланысты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу

Үкіметке

ақпарат

АБА

2007 жылғы

IV тоқсан 

талап

етілмейді

 

1.3.9

Қазақстан

Республикасында 3G

стандартты ұялы

ақпарат байланыс

қызметтерін ұсыну

үшін жиілік белдеуін

пайдалануға конкурс

өткізу

Үкіметке

ақпарат

АБА

 

2008 жылғы

IV тоқсан

талап

етілмейді

 

 

1.4. Интернетті дамыту

1.4.1

"ҒБжЭМҮРО" АҚ

базасында

Интернеттің

баламалы пулын

ұйымдастыру

жөнінде ұсы-

ныстар дайын-

дау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

"ҒБжРЭҚ

ЭМҮ РО"

АҚ

2007

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.4.2

"Қазақтелеком"

АҚ-ның Интер-

нет қызметте-

ріне тарифте-

рін І жарты-

жылдықта 25%

және II жарты-

жылдықта 25%

төмендетуі

жөнінде ұсы-

ныстар беру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

"Самұ-

рық"

холдин-

гі" АҚ,

"Қазақ-

теле-

ком" АҚ

2006

жылғы

20

шілде,

2007

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.4.3

Қазақстандық

Интернет айма-

ғында ресейлік

Интернеттің

айналық сайт-

тарын құру ту-

ралы ұсыныс-

тар дайындау

АБА-ға

ақпарат

МАМ (жи-

нақтау),

байланыс

опера-

торлары

2006

жылғы

30 жел-

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.4.4

Халық үшін

компьютерлерге

қол жетімді

бағаны қамта-

масыз ету

АБА-ға

ақпарат

ИСМ

2006

жылғы

30 жел-

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.4.5

"Телефон бай-

ланысы қызмет-

терін көрсету

ережесін бекі-

ту туралы"

Қазақстан

Республикасы

Ақпараттандыру

және байланыс

агенттігі төр-

ағасының 2004

жылғы 29 қыр-

күйектегі №

204-ө бұйрығы-

на өзгерістер

мен толықтыру-

лар енгізу

Бұйрық

АБА (жи-

нақтау),

ТМРА,

ИСМ,

ҰҚК

2006

жылғы

IV

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.4.6

Интернет желі-

сінің қазақс-

тандық сегмен-

ті контентінің

дамуы жөнінде

ұсыныстар

дайындау

АБА-ға

ақпарат

МАМ (жи-

нақтау),

ҰҚК,

байланыс

опера-

торлары

жыл сайын

30 жел-

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

1.5. Халыққа теллекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету

1.5.1

50 астам тұр-

ғыны бар, те-

лефондандырыл-

маған ауылдық

елді мекендер-

ді телефондан-

дыру мүмкінді-

гін қарастыру

Үкіметке

ақпарат

АБА

2007

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

1.5.2

Телекоммуника-

цияның әмбебап

қызметтерінің

тізбесін бекі-

ту туралы"

Қазақстан

Республикасы

Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар

енгізу

Үкіметі-

нің

қаулысы-

ның

жобасы

АБА (жи-

нақтау),

ТМРА,

ИСМ,

ҰҚК

2008

жылғы

IV

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

2. Саланы инновациялық-технологиялық дамыту және оның

техникалық базасын қамтамасыз ету

2.1. Теллекоммуникация саласын инновациялық дамыту

2.1.1

Байланыс опе-

раторларының

мүмкіндігін

және ақпарат-

тық қоғамның

техникалық не-

гізін қалып-

тастыру қажет-

тігін қамтама-

сыз етуді

есепке ала

отырып, жалпы

пайдаланымдағы

телекоммуника-

ция желісін

цифрландыру

деңгейінің

жай-күйін

зерттеу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ

2007

жылғы

20

қаңтар

2006 жыл - 3,6

РБ

қаража-

ты

2.1.2

Телекоммуника-

ция саласының

инновациялық-

техникалық да-

муына зерттеу

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

ЭБЖМ,

БҒМ,

ҰҚК

2008

жылғы

20

шілде

2007 жыл - 10*

РБ

қаража-

ты

2.1.3

Телекоммуника-

циялық жабдық-

тар өндірісін

ұйымдастыру

жөнінде

ұсыныстар

дайындау

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ИСМ,

ЭБЖМ,

ҰҚК

2008

жылғы

20

шілде

талап

етілмей-

ді

 

2.2. Нөмірлеудің телекоммуникациялық ресурсын бөлу

2.2.1

Алматы қаласы-

ның 7 орынды

санмен нөмір-

леуге көшуін

қамтамасыз ету

Бұйрық

АБА

2006

жылғы

ІІІ

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

2.2.2

Нөмірлеу

ресурсының

электрондық

дерекқорын

құру

Элект-

рондық

дерекқор

құру

АБА

2008

жылғы

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

2.2.3

Қазақстан

Республикасы

телекоммуника-

ция желілері-

нің жаңа Нө-

мірлеу жоспа-

рына көшуін

ұйымдастыру

Бұйрық

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ

Ресей

Федера-

циясы

-мен

келіс-

сөздер

қоры-

тынды-

сы бой-

ынша

Қаржы-

ландыру

көлемі

көшу

кезеңін-

де

айқында-

латын

болады

РБ және

байла-

ныс

опера-

тор-

ларының

қаража-

ты

2.3. Радиожиілік спектрін бөлуді жетілдіру

2.3.1

Республиканың

радиожиілік

спектрінің

(бұдан әрі -

РЖС) тиімділі-

гін қамтамасыз

ету жөнінде

ұсыныстар

әзірлеп, оның

пайдаланылуына

кешенді талдау

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

Қорға-

нысмині,

ЭБЖМ

2007

жылғы

20

шілде

2006

жыл - 5,5

РБ

қаража-

ты

2.3.2

Жаңа телеком-

муникациялық

технологиялар-

ды енгізу

мақсатында

жиіліктің бо-

сатылу тетігін

зерттеу және

ғылыми негіз-

делген ұсыныс-

тар әзірлеу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

Қорға-

нысмині,

ЭБЖМ

2007

жылғы

20

шілде

2006

жыл - 5,5

РБ

қаража-

ты

2.3.3

Әлеуметтік

маңызы бар

міндеттерді

шешу және

коммерциялық

пайдалану үшін

РЖС-ны конвер-

сиялау бойынша

зерттеулер

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

Қорға-

нысмині

2008

жылғы

20

қаңтар

2006

жыл - 1,5

РБ

қаража-

ты

2.3.4

Үкіметке ар-

налған РЭҚ де-

рекқорын әзір-

леу жөнінде

зерттеулер

жүргізу

АБА-ға

ақпарат

Қорға-

нысмині

(жинақ-

тау),

ІІМ,

ТЖМ,

ЭБЖМ,

ҰҚК

2007

жылғы

30

желтоқ-

сан

2007

жыл - 30*

РБ

қаража-

ты

2.3.5

"Радио қызмет-

тері үшін

радиожиілік

белдеуін бөлу,

сондай-ақ

Қазақстан

Республикасы-

ның аумағында-

ғы барлық мақ-

саттағы радио-

электрондық

құралдарға ра-

дио жиіліктер-

ді (радиожиі-

лік арналарын)

бөлу және

иелікке беру

ережесін бекі-

ту туралы"

Қазақстан

Республикасы

Ақпараттандыру

және байланыс

агенттігі төр-

ағасының 2004

жылғы 15 шіл-

дедегі №

146-ө және

Қорғаныс

министрінің

2004 жылғы 30

шілдедегі №

413 бірлескен

бұйрығына

өзгерістер

енгізу

Бірлес-

кен

бұйрық

АБА,

Қорға-

нысмині,

ҰҚК

2007-

2008

жылдар

талап

етілмей-

ді

 

2.3.6

РЖС-ны конвер-

сиялау шығын-

дарының техни-

калық-экономи-

калық негізде-

месінің әдіс-

темесін әзір-

леу үшін зерт-

теулер жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

Қорға-

нысмині

2009 -

жылғы

20

қаңтар

2007

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

2.3.7

РЖС-ны конвер-

сиялау бойынша

іс-шаралар

өткізуге жұм-

салған шығын-

дарды өтеу

үшін зерттеу

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

Қорға-

нысмині

2009 жылғы

20

қаңтар

2007

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

2.3.8

РЖС-ны пайда-

ланудың перс-

пективалық

жоспарын әзір-

леу жөнінде

зерттеу

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

Қорға-

нысмині,

ЭБЖМ,

ҰҚК

2009 жылғы

20

қаңтар

2007

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

2.3.9

Жиілік-аумақ-

тық бөлу нор-

маларын және

азаматтық және

әскери радио

жүйелерінің

жалпы жиілік

белдеулерін

бірлесіп пай-

далану шартта-

рын әзірлеу

үшін зерттеу

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

Қорға-

нысмині,

ҰҚК

2009 жылғы

20

қаңтар

2007

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

2.3.

10

Халықаралық

электр байла-

нысы одағының

ұсыныстарына,

халықаралық

келісімдерге

сәйкес РЖС-ны

конверсиялауды

жүргізу қоры-

тындылары бой-

ынша радиожи-

ілік спектрін

пайдалануды

үйлестіру жө-

нінде зерттеу

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

Қорға-

нысмині,ЭБЖМ

2009 жылғы

20

қаңтар

2007 жылы - 3*, 2008 жылы - 4*

РБ

қаража-

ты

2.3.

11

Үкіметтің

2000 жылғы 11

қыркүйектегі № 1379 қаулы-

сымен бекітіл-

ген Қазақстан

Республикасы-

ның радиоқыз-

меттері ара-

сында 3 кГц-

тен 400 ГГц

дейінгі жиі-

ліктер диапа-

зонындағы жиі-

ліктер белдеу-

лерін бөлудің

ұлттық кесте-

сіне өзгеріс-

тер мен толық-

тырулар енгізу

Үкімет

қаулысы-

ның

жобасы

АБА (жи-

нақтау),

Қорға-

нысмині

2008

жылғы

IV

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

2.4. Ұлттық жерсеріктік байланысты дамыту

2.4.1

"KAZSAT" ұлт-

тық байланыс

және хабар та-

рату жерсері-

гін пайдала-

нуға енгізу

Үкіметке

ақпарат

АБА

2007 -

жылғы

20

қаңтар

 

 

2.4.2

Мемлекеттік

органдардың

жұмыс істеп

тұрған жерсе-

ріктік байла-

ныстың қазақс-

тандық желіле-

рін "KAZSAT"

ұлттық байла-

ныс және хабар

тарату жерсе-

рігіне көшіру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

БҒМ,

ЭМРМ,

Қорға-

нысмині,

ККМ,

МАМ,

ТЖМ,

ІІМ,

ҰҚК

жыл

сайын

20

қаңтар

 

Қаржы-

ландыру

көлемі

көшіру

кезең-

інде

анықта-

латын

болады

РБ

қаража-

ты

2.5. Стандарттаудың және сертификаттаудың салалық жүйесін

жетілдіру

2.5.1

Телекоммуника-

ция құралдары-

ның метроло-

гия, стандарт-

тау және сер-

тификаттау

бойынша нор-

мативтік құ-

қықтық базасын

жетілдіруді

қамтамасыз ету

Норма-

тивтік

техника-

лық құ-

жаттама

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ,

ҰҚК,

байланыс

құралда-

рын

сертифи-

каттау

жөнінде-

гі ор-

гандар

жыл

сайын

IV

тоқсан

2006 жыл - 1,5

2007

жыл - 7*

2008

жыл - 7*

РБ

қаража-

ты

2.5.2

Телекоммуника-

ция ұйымдарын-

да халықаралық

талаптарға

(9000 серияда-

ғы ISO) сәйкес

келетін сапа

менеджменті

жүйесін енгі-

зуге ықпал

ететін

іс-шаралар

жүргізуді

жалғастыру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

байланыс

құралда-

рын

серти-

фикаттау

жөнінде-

гі

органдар

жыл

сайын

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

2.6. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру

2.6.1

Қазақстан

Республикасы

телекоммуника-

ция саласының

дамуын қамта-

масыз ететін

ғылыми және

білім беру

жүйесінің

жай-күйіне

және оны

қалыптастыру

үрдісіне зерт-

теу жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

БҒМ,

ИСМ,

ЭБЖМ,

ҰҚК

2007

жылғы

20

шілде

2006

жыл - 3,7

РБ

қаража-

ты

2.6.2

Радиожиілік

спектрін бас-

қару, пайда-

лану және

оның монито-

рингі саласын-

да, сондай-ақ

жиілікті иеле-

нуді құқықтық

қорғау бойынша

халықаралық

рәсімдерді

орындау сала-

сында маман-

дардың білік-

тілігін көте-

руді ұйымдас-

тыру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

Қорға-

нысмині,

ЭБЖМ,

"ҒБжРЭҚ

ЭМҮ РО"

АҚ

2008-

2009

жылдар

20

қаңтар

2007

жыл - 15*

2008

жыл - 15*

РБ

қара-

жаты,

байла-

нысты

емес

грант-

тар

2.6.3

Қосылу, тра-

фикті өткізу,

дауларды шешу,

тарифтік рет-

теу саласында-

ғы мамандардың

біліктілігін

көтеруді

ұйымдастыру

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ЭБЖМ

2008-

2009

жылдар

20

қаңтар

2007

жыл - 15*

2008

жыл - 15*

РБ

қара-

жаты,

байла-

нысты

емес

грант-

тар

2.7. Телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру

іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету

2.7.1

Қосылулар

туралы (бил-

линг), сондай-

ақ байланыс

желісі абонен-

ттерінің ор-

нықтыру дерек-

тері туралы

статистикалық

деректер жи-

науды және

беруді қамта-

масыз ету жө-

нінде байланыс

операторлары-

ның жабдықта-

рына техника-

лық талаптар

әзірлеу

Бұйрық

АБА (жи-

нақтау),

ҰҚК

2006

жылғы

IV

тоқсан

талап

етілмей-

ді

 

2.7.2

Байланыс опе-

раторларының

кәсіпорында-

рында мемле-

кеттік құпия-

ларды қорғау

жөніндегі

бөлімшелерді

кеңейтуді жүр-

гізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ПМК,

ҰҚК,

байланыс

опера-

торлары

жыл

сайын

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

2.7.3

Байланыс опе-

раторларының

телекоммуника-

циялар желіле-

рінде жедел-

іздестіру

іс-шараларын

жүргізуді қам-

тамасыз ету

үшін жабдық-

тарды стандарт

талаптарына

сәйкес жаңғыр-

туын бақылау

жөніндегі

іс-шараларды

жүргізу

Үкіметке

ақпарат

АБА (жи-

нақтау),

ҰҚК

жыл

сайын

20

қаңтар

талап

етілмей-

ді

 

 

Жиыны:

 

 

 

2006 жыл - 25,3

2007

жыл - 153*

2008

жыл - 44*

РБ

қаража-

ты

 

Ескертпе:

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;

Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігі;

МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

«Қазақтелеком» АҚ - »Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;

«ҒБжРЭҚ ЭМҮ РО» АҚ - »Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құрылғылардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы»акционерлік қоғамы;

«Самұрық» холдингі» АҚ - »Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы;

* - Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылануға тиіс;

ҮБН - бір немесе бірнеше шаруашылық субъектілерінің жоғары деңгейдегі үстемдігі кезіндегі бәсекелестік нарығы;

РБ - республикалық бюджет.