Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 917 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 214-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Байланыс операторларын қосу» деген 1.2-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 1.2.7-жолдың 5-бағаны мынандай редакцияда жазылсын:

«2008 жылғы IV тоқсан».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов