Қазақстан Республикасының
 Заңы

 

Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу

жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы

 

 

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңымен күші жойылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

 

1-тарау. Жалпы  ережелер                               (1-6 -баптар)

2-тарау. атқарушы органдардың және өкілетті            (7-11-баптар)

органның құзыреті

3-тарау. өнімді бөлудің шарттарымен мұнай операцияларын  (12-14-баптар)

Жүргізу құқығын алуға арналған конкурс ерекшеліктері

4-тарау. өнімді бөлу жөнінде келісімдер жасасу және       (15-32-баптар)

Оларды орындау

5-тарау. қорытынды және өтпелі ережелер                   (33-34-баптар) 

Түпнұсқада мазмұны жоқ 

 

Осы Заң тараптар мүдделерінің теңгерімдiлігіне қол жеткізу және Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салаларының келісімдi дамуы үшін жағдайлар жасау мақсатында теңiзде мұнай операцияларын жүргізу кезiнде өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердiң (келісім-шарттардың) (бұдан әрi - өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердiң) шарттарымен Қазақстан Республикасының және мердiгерлердiң өзара iс-қимылының құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

1. Осы Заң мұнай операцияларын жүргiзуге құқық беруге, Каспий және Арал теңiздерінің қазақстандық бөлігінде өнiмдi бөлу жөнiндегі келісімдердi жасасуға, орындауға, өзгертуге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және осындай келісімдердiң, сондай-ақ кейiннен Қазақстан Республикасы мен мердігердiң арасында өнімдi бөлудiң негiзгі құқықтық шарттарын айқындайды.

2. Мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру, шығарылған өнiмдi бөлу, сондай-ақ оны тасымалдау, өңдеу, сақтау, өткізу немесе оған өзгедей билiк ету процесiнде қалыптасатын қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерiмен реттеледi.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі келісімдер туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, мұнай туралы заңнамалық актілерiнен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

2. Егер заңдарда өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердi жасасудың, орындаудың, өзгертудің және тоқтатудың осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелерi белгіленген жағдайда, осы Заңның ережелерi қолданылады.

3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен жер қойнауын  пайдалану құқығы берiлетін объектілер ретіндегі блоктар

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшiн өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру құқығын алуға ашық немесе жабық конкурстарға қойылатын блоктарды айқындайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерін орындау үшiн өнiмдi бөлудiң шараларымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндіру үшiн конкурссыз негiзде беруге жататын Каспий және Арал теңiздерінің қазақстандық бөлігіндегі блоктарды айқындайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы жоғары технологиялық жабдықты беруге және пайдалануға, сондай-ақ жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерін, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлер салу және бірлесіп пайдалану жөніндегі ұсыныстарға кепілдік беретін ықтимал мердігерлерге өнімді бөлу жөніндегі келісімнің шарттарымен игеру үшін ұлттық компания міндетті үлеспен қатысқан кезде блоктар беруі мүмкін.

Блоктарды тiкелей келiссөздер негiзiнде алатын ұлттық компания құзыреттi органмен келісім бойынша мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру жөніндегі жұмыстарға келісімшарттың түрiн айқындауға құқылы.

2. Блоктардың көлемiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметі ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiлiгін негізге ала отырып, сондай-ақ биоресурстарды және қоршаған ортаны сақтау мақсатында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша мердiгерлердiң қызметi шектелуi немесе тыйым салынуы мүмкiн аумақтың учаскелерiн айқындауы мүмкiн.

 

4-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім

1. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiрудi немесе өндiрудi жүргiзуге арналған келісім-шарт өнiмдi бөлу жөнiндегі келісім болып табылады.

Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы конкурс шарттарында көрсетiлген блоктарда мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын өтеусiз негiзде және белгілі бір мерзiмге бередi. Мердiгер өзi мәлiмдеген конкурстық ұсыныстарды сөзсiз орындай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген ережелер мен мiндеттемелердi сақтай отырып, аталған жұмыстарды өз есебiнен және өз тәуекелiмен жүзеге асыруға мiндеттенедi.

Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім блоктардағы жер қойнауын пайдалануға байланысты барлық қажеттi шарттарды, соның iшiнде осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң тараптары арасында өндiрiлген өнiмдi бөлудiң шарттары мен тәртібін айқындайды.

2. Өнiмдi бөлудің шарттарымен блоктарда жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде белгiленген тәртiппен шектелуi, тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкiн.

 

5-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісiмнiң тараптары

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң тараптары:

1) Қазақстан Республикасы, оның атынан өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде құзыреттi орган әрекет етедi;

2) мердiгерлер - құзыретті органмен өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi жасасқан жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Ұлттық компанияға республика өнiмдi бөлу жөнiнде жасасатын барлық келісімдерге мердiгер ретiнде кемiнде елу процент мөлшерде үлестiк қатысу құқығы берiледi.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде заңды тұлға мәртебесi жоқ бірлестiк (консорциум) құрған бірнеше заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мердiгер жағында әрекет етуi мүмкiн. Осы бірлестiктің қатысушылары жер қойнауын пайдалану құқығын бірлесiп иеленушiлер болып табылады және өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша ортақ мiндеттер мен ортақ жауапкершiлiктi мойнына алады және өз қызметiн консорциум шарты негiзiнде жүзеге асырады. Консорциум шартының әрбір қатысушысы мердiгер тарапынан құзыреттi органмен өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге қол қояды.

Заңды тұлғалар бірлестiгінің (консорциумның) қатысушылары консорциум шартында трансферттiк баға белгiлеудi, салық есебiнiң ережелерi мен әкiмшiлiк жүргiзу рәсiмдерiнiң сақталмауын қоса алғанда, құпия деп танылған ақпаратты жария еткенi, қатысушы алған кiрiстерден салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы және толық төлемегенi үшiн, сондай-ақ өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнен туындайтын басқа да мiндеттемелер бойынша дербес жауапкершілік туралы ереженi көздеуге құқылы.

 

6-бап. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен блоктарда жер

қойнауын пайдалану мерзiмi

1. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен блоктарда жер қойнауын пайдалану құқығы құзыретті органмен өнімді бөлу жөнінде келісім жасалғаннан және ол белгіленген тәртіппен міндетті тіркелгеннен кейін туындайды.

2. Тараптар өнімді бөлу жөніндегі келісім жасалған күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнімді бөлу жөніндегі келісімің қолданылу мерзімін белгілейді, бірақ ол бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстар үшін отыз бес жылдан, өндіру жөніндегі жұмыстар үшін жиырма бес жылдан және бірегей қорлар болған жағдайда қырық бес жылдан аспауға тиіс.

3. Мұнай өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы мердігердің өзіне алған міндеттемелерін орындаған жағдайда игеріліп жатқан кен орны бойынша өнімді бөлу жөніндегі жаңа келісім жасасу арқылы қосымша кезеңге ұзартылуы мүмкін. Мердігер қосымша кезеңге өнімді бөлу жөнінде келісім жасасу туралы өтінімді қолда бар келісімнің қолданылу мерзімі аяқталуынан он екі ай бұрын беруге тиіс.

Жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау мақсатында мұндай мердігерге мұнайды экономикалық тұрғыдан орынды өндіруді аяқтау үшін жеткілікті мерзімге өнімді бөлу жөніндегі жаңа келісім жасасу туралы құзыретті органмен конкурссыз негізде келіссөздерге кірісуге айрықша құқық беріледі. Тараптар қосымша мерзімге өнімді бөлу жөніндегі келісімнің шарттарын жаңа келісімге қол қойылған (жасалған) күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындайды.

 

2-тарау. Атқарушы органдардың және өкілетті

Органның құзыреті

 

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) өнімді бөлудің шарттарымен жер қойнауын пайдалануға берілетін блоктардың тізбесін бекітеді және конкурстың түрін айқындайды;

2) блоктардың көлемін айқындайды;

3) өнімді бөлу жөніндегі келісімнің негізгі экономикалық, технологиялық, геологиялық және өзге де параметрлерін, сондай-ақ конкурсқа қатысушылар үшін бірыңғай сандық өлшемдерді қоса алғанда, өнімді бөлудің шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндіру немесе өндіру құқығын беруге конкурстың шарттарын бекітеді;

4) өнімді бөлудің шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндіру немесе өндіру құқығын алуға конкурс өткізу жөнінде комиссия құрады;

5) өнімді бөлудің шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндіру немесе өндіру үшін мердігерлерді таңдау бойынша конкурс өткізу ережелерін бекітеді;

6) өнімді бөлу жөніндегі үлгілік келісімді бекітеді;

7) өнімді бөлу жөніндегі келісімдерде өкілетті органның мемлекеттің коммерциялық мүдделерін білдіру тәртібін бекітеді;

8) өнімді бөлу жөніндегі келісімдерде өкілетті органды айқындайды.

 

8-бап. Құзыретті органның функциялары

Құзыретті органның функцияларына:

1) өнімді бөлудің шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізу үшін мердігерді таңдау жөнінде конкурс өткізудi әзiрлеу және ұйымдастыру;

2) өнiмдi бөлудiң шарттарымен конкурсқа қойылатын блоктардың тiзбесiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгізу;

3) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердiң негiзгi экономикалық, технологиялық, геологиялық және өзге де параметрлерiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгізу;

4) блоктарда мұнайды бірлескен барлау мен өндiрудің немесе өндiрудің техникалық-экономикалық негiздемесiн бекіту;

5) мүдделi мемлекеттік органдардың және ұлттық компанияның қатысуымен өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiруге немесе өндiруге құқық беруге арналған конкурстың шарттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгізу кiредi.

 

9-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана)

атқарушы органдардың құзыреті

Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде:

1) облыс аумағына қатысты өнiмдi бөлу жөнiндегі келісімдер үшiн негiзгi әлеуметтiк-экономикалық параметрлердiң ережелерiн дайындауға қатысады;

2) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi дайындау кезiнде құзыреттi орган тарапынан мердiгермен келiссөздерге қатысады.

 

10-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыретi

Өзге де мемлекеттік органдар өз құзыретi шегінде:

1) өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру құқықтарын алуға арналған конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

2) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердiң сараптамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;

3) блоктарда мердiгерлердiң қызметiн бақылау және қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

11-бап. Өнiмдi бөлу жөнiндегі келісімдердегi өкiлеттi орган

1. Мердiгер ретiнде бірнеше ұйымның қатысуы көзделетiн өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдерде өкiлетті орган құрылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өкiлеттi органды айқындайды.

2. Ұлттық компания өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын өзiнiң еншiлес ұйымына берген не жобадағы өз үлесiн сатқан жағдайда өкiлеттi органның функциялары ұлттық компанияға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына не Қазақстан Республикасының Үкіметі өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өкiлеттi органның құқықтары мен мiндеттерінің бір бөлігін немесе барлық құқықтары мен мiндеттерiн беретiн өзге де заңды тұлғасына жүктелуi мүмкiн. Мердiгерге өкiлеттi органның функциялары жүктелуге тиiс емес.

3. Өкiлеттi органның негізгi функциялары осы Заңмен белгiленедi және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердiң мiндеттi бөлiгi болып табылады.

4. Өкiлеттi органның негiзгi функцияларына:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдерде мемлекеттік мүдделердi бiлдiру;

2) мұнайды бірлескен барлау мен өндiрудi немесе өндiрудi жүргізу кезiнде мердiгерлердiң коммерциялық қызметiне мониторингтi жүзеге асыру;

3) өндiрiлген өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделетiн шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен алу;

4) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес жүргiзiлетiн операциялар бойынша өнiмдердiң өзiндiк құнының құрамына шығындар мен шығыстарды мердiгердiң енгізуiнiң негiзділігiн тексеру;

5) мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруын қоспағанда, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер шарттарының сақталу мониторингi және оны бақылау;

6) басқарушы комитет арқылы жобаны корпоративтiк басқаруға мiндеттi қатысу;

7) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылу мерзiмi аяқталысымен не өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылуы кезеңiнде жабдықтың және құны мердiгерге өтемдік өнiм есебiнен өтелген өзге де мүліктің пайдаланудан шығуына қарай не басқа да себептер бойынша Қазақстан Республикасына берiлуге тиiстi мүлікті мердігерден қабылдауға-беруге қатысу;

8) мемлекеттің агентi ретiнде өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң шарттары бойынша республиканың үлесi болып табылатын мұнайдың бір бөлiгiн мемлекеттің билiк етуiне беруге байланысты бұдан кейiнгi операцияларды жүзеге асыру;

9) өткен күнтiзбелiк жылғы өтемдiк өнiм есебiнен өтелетiн шығындар бойынша белгiленген мерзiмдерде тиiсті мемлекеттік органға есептер беру;

10) өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi орындауға және бұзуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес өзге де мәселелер жатады.

5. Егер ұлттық компанияның жобадағы қатысу үлесi елу және одан да көп процент болса және ұлттық компанияның еншілес ұйымы келісім бойынша жұмыстарды орындау операторы болып табылса, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдерде өкілеттi орган құрылмайды.

Ұлттық компания жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен басқа тұлғаға берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өкілеттi органды айқындайды.

 

3-тарау. Өнімді бөлудің шарттарымен мұнай операцияларын

жүргізу құқығын алуға арналған  конкурс өткізудің

ерекшеліктері

 

12-бап. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнай операцияларын жүргізу құқығын алуға арналған конкурстар өткізу тәсiлдерi

1. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру құқығын беруге арналған конкурстар әрбір блок бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен өткiзіледi және жабық немесе ашық болуы мүмкiн.

2. Конкурс өткізудiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын конкурстық комиссия өнiмдi бөлудің шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiрудi немесе өндiрудi жүргiзу үшiн мердiгер таңдау мақсатымен конкурс өткiзедi.

3. Мұнай операцияларын жүргiзу құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға үш және одан да көп ұсыныс түскен кезде конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазын екi кезеңдi рәсiмдер жолымен айқындайды.

 

13-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу құқығын алудың айрықша тәртібі

1. Конкурсқа қатысушылар үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тиiстi бірыңғай сандық өлшемдердiң болуы мұнай операцияларын жүргізуге арналған конкурсқа ықтимал мердігерлердің қол жеткізуіне қойылатын шарттар болып табылады.

2. Құзыреттi орган келісім-шарт аумағы бойынша бекітілген техникалық-экономикалық негiздеменiң негiзiнде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 41-7-бабының 1-тармағына сәйкес, 8) тармақшасын қоспағанда, бірыңғай сандық өлшемдердi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.

3. Құзыреттi орган конкурстың шарттарын техникалық-экономикалық есептеулер негiзiнде мүдделi мемлекеттік органдардың және ұлттық компанияның қатысуымен әзiрлейдi және онда өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге қойылатын негiзгi экономикалық, технологиялық, геологиялық және өзге де параметрлер болуға тиiс.

Конкурс шарттарында:

мұнайды бірлескен барлау мен өндiру немесе өндiру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі қазақстандық мазмұн;

Қазақстан аумағына мұнайдың белгiлi бір көлемiн өңдеу үшiн мiндеттi жеткiзiлiм;

жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстар көзделуге тиiс.

Жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының қажеттiктерi ескерiле отырып, қалыптастырылады.

4. Конкурсқа қатысушының жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесіп пайдалану жөніндегі мiндеттемелерi конкурс жеңiмпазын таңдаудың айқындаушы өлшемi болуға тиiс.

Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң шарттарымен мұнай операцияларын жүргізу құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау кезiнде мiндеттемелердiң мынадай басымдығы белгiленедi:

бірiншi кезекте - мынадай бағыттар мен басымдықтар бойынша ерекшеленетiн жоғары технологиялар саласындағы мiндеттемелер:

1) мұнай-химия, мұнай-химия өнiмдерiн одан әрi өңдейтiн өндiрiстер;

2) мұнайды барлау мен өндiру саласындағы негiзгi қызметке жататын немесе онымен шектес өндiрiстер;

3) жер қойнауын пайдаланушыға көрсетiлетiн сервистiк қызметке қатысты өндiрiстер;

екiншi кезекте - жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырлардың объектілерін құру және пайдалану жөніндегі мiндеттемелер;

үшiншi кезекте - инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелер.

5. Жобаға ұлттық компания қатысқан жағдайда конкурстың шарттарында өнiмдi бөлу жөніндегі келісім мердiгерлерiнiң арасындағы оның қатысу үлесi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен көрсетiлуге тиiс.

 

14-бап. Өнiмдi бөлудiң шарттарымен мұнай операцияларын жүргiзу құқығын алуға арналған конкурстың жеңiмпазын анықтау және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi жасасу

1. Екi кезеңдi рәсiмдер жүргiзу кезiнде конкурстық комиссия конкурстың екiншi кезеңiне қатысу үшiн осы Заңның 13-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген, Қазақстан Республикасы үшiн салыстырмалы түрде тең және неғұрлым тиiмдi ұсыныстар берген қатысушылардың қысқартылған тiзiмiн (кемiнде екеу) айқындайды.

Конкурстың түпкiлiктi жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық комиссия қысқартылған тiзiмнiң қатысушыларынан конкурстық ұсынысқа қатысты қосымша ұсыныстарды немесе түсiндiрмелердi сұратып алуға құқылы. Қысқартылған тiзiмнiң қатысушылары конкурстық комиссия белгiлеген мерзiмдерде өздерiнiң конкурстық ұсыныстарын жақсартуға құқылы. Қысқартылған тiзiм қатысушыларының жақсартылған конкурстық ұсыныстарының нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазын және ұсынысы конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiнгi ең үздiк деп танылған қатысушыны айқындайды.

2. Құзыреттi орган конкурс нәтижелерi жарияланған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құрады, ол бұрын айқындалған бірыңғай сандық өлшемдердi жақсарту мүмкiндігін қоса алғанда, өнiмдi бөлу жөніндегі келісім жобасының негiзгi ережелерi бойынша конкурс жеңiмпазымен келiссөздердi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен немесе конкурс жеңiмпазы жақсартқан бірыңғай сандық өлшемдер, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген оның мiндеттемелерi өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң мiндеттi шарттары болып табылады.

Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң конкурстың мiндеттi шарттары болып табылмайтын барлық өзге де шарттары конкурстың мiндеттi шарттарына қайшы келмеуге тиiс.

3. Жұмыс тобының қызметiне тараптардың техникалық, экономикалық және заңгер консультанттары қатысуы мүмкiн.

4. Жұмыс тобына құзыреттi орган тарапынан консультанттар тарту жөніндегі шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. Жұмыс тобы мен конкурс жеңiмпаздары арасындағы келiссөздердiң әрбір кезеңiн жүргiзу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылады.

6. Конкурс жеңiмпазы осы Заңда белгіленген мерзiмдерде өнiмдi бөлу жөніндегі келісім жасасудан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, құзыреттi орган ұсынысы конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiнгi ең үздiк деп танылған конкурс қатысушысына өнiмдi бөлу жөніндегі келiссөздердi бастауды және келісім жасасуды ұсынады.

 

4-тарау. Өнімді бөлу жөнінде келісімдер жасасу және

оларды орындау

 

15-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi жасасу тәртібі

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім өткiзілген конкурстың жеңiмпазымен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен, тараптар келiскен мерзiмдерде, бірақ құзыреттi органның өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған күннен бастап он екi айдан кешiктiрілмей жасалады. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге қол қою тараптардың өкiлдерi арасында оның шарттары туралы келiссөздер аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.

2. Мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесiп құзыреттi орган және конкурс жеңiмпазы жоғары технологияларға, жаңа және өңдеу өндiрiстерiне, магистральдық және өзге де құбырлар объектілеріне, инфрақұрылым объектілеріне және өзге де объектiлерге қатысты жеңiмпаз қабылдаған мiндеттемелерге сәйкес, егер бұл мiндеттемелер оның мұнай операциялары саласындағы қызметiне байланысты болмаса, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң мiндеттi бөлiгi болып табылатын қосымша шарт жасасады.

Қосымша шартта, мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша коммерциялық табу туралы мәлімдеген жағдайда, оны іске асыруды бастау көзделедi.

 

16-бап. Жұмыстарды орындаудың шарттары

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген жұмыстар мен қызмет түрлерiн мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде белгіленген тәртiппен бекітілген бағдарламаларға, жобаларға, жоспарларға, бюджеттерге және сметаларға сәйкес орындайды.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар, қоршаған ортаны қорғау, жүргiзiлетiн жұмыстардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбауға бағытталған шараларды жүзеге асыру жөніндегі және мұндай әсердiң салдарын жою жөніндегі экологиялық талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, сондай-ақ жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу, жер қойнауын, халықтың денсаулығын қорғау бойынша және қазақстандық мазмұн бойынша белгiленген тәртiппен бекітілген стандарттар (нормалар, ережелер) сақтала отырып орындалады.

3. Тараптар келiскен тәртiппен Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлетiн қондырғыларды, құрылыстарды және мүлiктi қоспағанда, мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар жүргiзiлген аумақтарды ластанудан тазартуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар аяқталысымен теңiздегi барлық құрылыстарды, қондырғыларды және өзге де мүлiктi жоюды жүзеге асыруға мiндеттi.

 

17-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша басқару комитетi

Тараптар өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтi үйлестiру мақсатында басқару комитетiн құруды көздеуге тиiс. Басқару комитетiнiң құрамына әр мердiгерден саны тең өкiлдер кiредi. Құзыреттi орган өкiлдерiнiң саны мердiгерлер өкiлдерiнiң санына тең болуға тиiс.

Басқару комитетiнiң сан құрамы, құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ оның жұмыс тәртібі өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде айқындалады.

 

18-бап. Өнiм бөлу жөніндегі келісімнiң операторы

1. Мердiгер немесе мердiгердiң тапсыруы бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң операторы өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыруды, оның iшiнде есеп пен есептiлiк жүргiзудi осы Заңға сәйкес жүзеге асырады. Осы мақсаттар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында мердiгер құрған заңды тұлғалар не Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, мердiгер осы мақсаттар үшiн тартатын заңды тұлғалар қызмет нысанасы аталған жұмыстарды ұйымдастырумен шектелуге тиiс осындай оператор ретiнде әрекет етуi мүмкiн.

2. Мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім операторының iс-әрекетi үшiн өзiнiң жеке iс-әрекетi сияқты мемлекет алдында мүлiктiк жауаптылықта болады.

3. Оператордың қызметiн қаржыландыруды мердiгерлер арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімде айқындалған шарттармен мердiгер бекiткен смета шегiнде мердiгер жүзеге асырады.

4. Мердiгер оператордың қызметiн басқару үшiн мердiгердiң өкiлдерiнен операциялық комитет құруы мүмкiн.

 

19-бап. Мүлiкке меншік құқығы

1. Егер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде өзгеше көзделмесе, жаңадан жасалған немесе мердiгер сатып алған және өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау үшiн өзi пайдаланатын мүлiк мердiгердiң меншiгi болып табылады.

Егер аталған мүлiк операторға берiлсе немесе оны оператор мердiгердiң қаражаты есебiнен сатып алса, бұл ереже өзгермейдi.

2. Аталған мүлiктiң құны толық өтелген кезден бастап немесе өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң күшi тоқтатылған күннен немесе өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген шарттармен және тәртiппен тараптар келiскен өзге мерзiмнен бастап аталған мүлiкке меншiк құқығы мердiгерден мемлекетке өтуi мүмкiн. Бұл орайда өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылу мерзiмi iшiнде мердiгерге өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар жүргiзу үшiн өтеусiз негiзде мұндай мүлiктi пайдалануға айрықша құқық берiледi және мердiгер өзiнiң пайдалануындағы мүлiктi ұстаудың ауыртпалығын және оның кездейсоқ жойылуын немесе кездейсоқ бүлiнуiн өз тәуекелiне алады.

3. Аталған мүлiкке меншік құқығы мемлекетке өткен жағдайда, оны республикалық меншiкке жатқызу тәртібін, сондай-ақ осы мүлікті кейiннен пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

20-бап. Мұнайды тасымалдау, сақтау және өңдеу

1. Мердiгердің, қандай да болсын кемсiту жағдайынсыз, шарт негiзiнде магистральдық құбыр тасымалы объектілеріне еркiн қол жеткізуге құқығы, сондай-ақ шарт негізiнде магистральдық құбыр объектілерін және өзге де тасымал түрлерiн, мұнайды сақтау және өңдеу объектілерін еркiн пайдалануға құқығы бар.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша мердiгердiң жұмыстарды орындау шеңберiнде мұнайды сақтау, өңдеу және тасымалдау объектілерін салуға құқығы бар.

 

21-бап. Өнімдi бөлу жөніндегi келісімдi орындау кезiндегі салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер

1. Мемлекет пен мердiгердiң арасында өндiрілген өнiмдi бөлу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалатын өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдерде көзделедi.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi орындаған кезде салық мiндеттемелерiн орындауды мердiгер өнiмдi бөлу жөнiнде келісімдi жасау кезiнде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мердiгердiң өтелетiн шығындары және өтелмейтiн шығындарының құрамы Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

 

22-бап. Есепке алу және есептілік

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындаған кезде мердiгердің қаржы-шаруашылық қызметiн есепке алу өнiмдi бөлу жөніндегі әрбір келісім бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады, сондай-ақ ол өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге байланысты емес өзге қызметтi орындаған кезде есепке алу қызмет түрлерi бойынша бөлек жүргiзiледi. Есепке алудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындаған кезде бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен немесе мердiгер шетелдiк инвесторды таңдаған кезде шетел валютасымен жүргiзiледi. Егер бухгалтерлiк есепке алудың жүргiзiлуi шетел валютасымен жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік органдарға берiлетiн қаржы есептiлiгiнде қабылданған шетел валютасымен де, теңгемен де есептелген деректер болуға тиiс. Бұл орайда шетел валютасымен есептелген барлық деректер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржы есептiлігі туралы заңнамасында және есептiлік жасалған күнгi бухгалтерлiк есепке алу стандарттарында белгiленген тәртіппен теңгемен есептелуге тиiс.

 

23-бап. Банк шоттары және валюталық реттеу

Мердігердің немесе оның операторының өнімді бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау үшiн ғана пайдаланылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және (немесе) Қазақстан Республикасының банктерiнде және (немесе) шетел банктерiнде шетел валютасымен банк шоттары болуға тиiс. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша валюталық операцияларды жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

 

24-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша құқықтар мен мiндеттердi беру

1. Мердiгердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға, егер осы тұлғалардың өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi жеткiлiктi қаржылық және техникалық ресурстары мен басқару қызметiнiң тәжiрибесi болған жағдайда, толық немесе iшiнара беруге құқығы бар.

Мердігер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өз құқықтарын заңда белгіленген тәртiппен толық көлемде үшiншi тұлғаға берген кезде оған мердiгердiң жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелерiн инвестициялау жөніндегі қосымша шарт бойынша барлық құқықтары мен мiндеттерi өтедi.

Мердiгер заңда белгiленген тәртiппен үшiншi тұлғаға өз құқықтарын iшiнара берген кезде оған бірлескен қызмет туралы шартпен келісілген берушi және қабылдаушы тараптар арасындағы өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша және мердiгердiң жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелерiн инвестициялау бойынша қосымша шарт жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi өтедi.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша құқықтар мен мiндеттердi беру өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын арнайы шарт жасасу арқылы өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде айқындалған тәртіппен жазбаша нысанда жасалады және өнiмдi бөлу жөніндегі қолданыстағы келісімге тиiстi өзгерістер енгізумен бірлесе жүргiзіледi.

3. Мердігер құзыретті органның келісімiмен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi орындауға байланысты жасалатын шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн өзiне тиесiлi мүлiктiк құқықтарды (мүлiктi) кепiл ретiнде пайдалануы мүмкiн.

 

25-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісiмнiң шарттарының тұрақтылығы

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнің шарттары бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде өз күшiн сақтайды. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдегi өзгерістерге тараптардың өзара келісімi бойынша ғана жол берiледi.

2. Егер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылу мерзiмi iшiнде мердiгердiң өнiмдi бөлу жөніндегі келісім шеңберіндегі қызметінің коммерциялық нәтижелерiн нашарлататын немесе жақсартатын нормалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жағдайда, өнiмдi бөлу жөніндегі келісім жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданған кезде ол алуы мүмкiн коммерциялық нәтижелердi мердiгерге қамтамасыз ететiн өзгерістер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге енгiзiледi.

Мұндай өзгерістердi енгізу тәртібі өнiмдi бөлу жөніндегі келісіммен айқындалады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жер қойнауын, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі стандарттарға (нормаларға, ережелерге), соның ішінде оларды халықаралық тәжiрибеде қабылданған осындай стандарттарға (нормаларға, ережелерге) сәйкес келтiру мақсатында өзгерістер енгiзiлген жағдайда, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң шарттарын өзгерту туралы аталған ереже қолданылмайды.

3. Шарттарға тараптардың келісімi бойынша өзгерістер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы мердiгерлер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер шарттарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.

Осы кепілдіктер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге және (немесе) акцизделетiн тауарларды импорттаудың, өндiрудiң, сатудың тәртібі мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне;

2) ұлттық және экологиялық қауіпсiздiктi, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілетiн өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.

 

26-бап. Мердігер құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері

1. Мердiгерге өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес иемденіп алған және жүзеге асыратын мүліктiк және өзге де құқықтарының қорғалуына кепiлдік берiледi.

2. Тиiстi қадағалау органдарының жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi, жер қойнауын, қоршаған ортаны, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қоғамдық және ұлттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беретiн нұсқамаларын қоспағанда, атқарушы билiк органдарының, сондай-ақ жергіліктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерінің күшi, егер аталған актiлер мердiгердiң өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес иемденiп алған және жүзеге асырып жатқан құқықтарына шектеулер белгiлейтiн болса, мердігерге қолданылмайды.

 

27-бап. Мемлекеттің экономикалық мүдделерi

Өнімдi бөлу жөніндегі келісімдi қолдану процесiнде мемлекеттің мынадай экономикалық мүдделерiне:

1) Қазақстан Республикасының аумағында жоғары технологияларды енгізуге, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды, инфрақұрылымдық және өзге де объектілердi құруға;

2) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде өнімдi бөлу жөніндегі келісімде айқындалатын мөлшерде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес, Қазақстаннан шыққан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердi пайдалануға;

3) республиканың iшiнде өңдеу үшiн мердiгер мұнайының белгiлi бір көлемiн жеткiзiп берудi қамтамасыз етуге;

4) қазақстандық жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк жұмыс күшiн пайдалануды шектеуге;

5) қазақстандық ұйымдарды жобаның операторы ретiнде тартуға;

6) пайда келтiретiн өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн алуға;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынатын белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуға;

8) кен орнының экономикалық құндылығын және пайдалы қазбалар көлемiнiң болжамды есептеулерін ескере отырып, келісім-шартта айқындалған қол қою бонусын алуға;

9) мердігерге мұнай өндіру үшін экономикалық жағынан тиiмдi болып табылатын келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табу үшiн коммерциялық табу бонусын алуға;

10) ұлттық компания арқылы мемлекеттің жобаға қатысуынан қосымша кiрiстер алуға;

11) құны толық өтелген мүлiкті мердiгерден алуға қол жеткiзiледi.

 

28-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң орындалуын мемлекеттік бақылау

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнің орындалуын мемлекеттік бақылауды құзыреттi орган жүзеге асырады.

2. Өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегiнде мердігердiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады.

 

29-бап. Тараптардың өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жауаптылығы

Тараптар өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиісiнше орындамағаны үшiн келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

30-бап. Өнімдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылуын тоқтату

1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім оның қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе тараптардың келісімi бойынша мерзiмiнен бұрын, сондай-ақ басқа да негiздер бойынша және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге қол қойылған күнi қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген тәртiппен тоқтатылады.

2. Осы Заңға сәйкес инвесторға салық салу тәсiлдерi туралы ережелерi өнiмдi бөлу жөнiндегі келісімге қол қойылған күннен бастап бір жыл iшiнде күшiне енгiзілмеген өнiмдi бөлу жөніндегі келісім осы баптың 1-тармағында көзделген шарттар сақталмастан, қол қойылған күнiнен бастап бір жыл өткен соң қолданылуын тоқтатады.

 

31-бап. Дауларды шешу

1. Өнiмдi бөлу шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiрудi немесе өндiрудi жүргiзу жөніндегі қатынастарға Қазақстан Республикасының айрықша құқығы қолданылады.

2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердi орындауға, өзгертуге, тоқтатуға және олардың жарамсыздығына байланысты мемлекет пен мердiгер арасындағы даулар өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң шарттарында көзделетiн рәсiмдерге сәйкес келiссөздер арқылы шешiледi.

3. Дауды шешуге қол жеткiзiлмеген ретте осы баптың 2-тармағына сәйкес, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң кез келген тарапы дауды "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген органдардың қарауына беруге құқылы.

 

32-бап. Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

33-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі

1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн өнiмдi бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы жасасқан келісімдер өз күшiн сақтайды.

2. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн барлау үшiн келісім-шарттық аумақты алған және барлауға арналған келісім-шарттың қолданылу кезеңiнде құзыреттi органның атына коммерциялық табу туралы мәлiмдеме жасаған мердiгерлер өздерінің қалауы бойынша құзыретті органмен конкурссыз негiзде Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық актілеріне сәйкес өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi немесе өзге де келісім-шарт түрлерiн жасасуға құқылы.

 

34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы  шілденің 8-і.

 № 68-III ҚРЗ