«Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы (2023.23.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы
(2023.23.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы» 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» мемлекеттік мекемесi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ереже бекітілсiн.
3. ҚР Президентінің 2022.30.06. № 948 Жарлығымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 2022.30.06. № 948 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 992 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі ̶ Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің (бұдан әрі ̶ Уәкіл) қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме және оның жұмыс органы болып табылады.
2. Ұлттық орталықтың облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өкілдіктері болады.
ҚР Президентінің 2023.23.01. № 108 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа