Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНIНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРУ ТУРАЛЫ...

Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы

(2022.30.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 23 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы» 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» мемлекеттік мекемесi құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ереже бекітілсiн.

3. ҚР Президентінің 2022.30.06. № 948 Жарлығымен алып тасталды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

ҚР Президентінің 2022.30.06. № 948 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2002 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 992 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі ̶ Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің (бұдан әрі ̶ Уәкіл) қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме және оның жұмыс органы болып табылады.

2. Ұлттық орталықтың облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өкілдіктері болады.

3. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку