(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНIНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРУ ТУРАЛЫ...
Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы
(2019.10.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы» 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» мемлекеттік мекемесi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2001 ж., № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 14».
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 992 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдiң қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
2. Ұлттық орталық өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына, «Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегi № 947 Жарлығына, осы Ережеге, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа