Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 сәуірдегі № 130 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 375; ҚР ҚҚА Басқармасының 15.03.04 ж. № 77; 2004.27.12. № 381 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының апта және ай сайынғы есепті
ұсыну тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 13 сәуірдегі № 130 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 375; ҚР ҚҚА Басқармасының 15.03.04 ж. № 77;
2004.27.12. № 381 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 173 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 15.03.04 ж. № 77 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бағалы қағаздар рыногы жұмысының айқындылық және тиімділік дәрежесін көтеру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. № 375 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА 2004.27.12. № 381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - брокер-дилерлер) қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға:
1) есепті аптадан кейінгі аптаның әрбір бірінші жұмыс күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан мәмілелер туралы есепті;
2) есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші күні, Алматы уақыты бойынша 10.00 сағаттан кешіктірмей электронды тасымалдаушыда:
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен брокер-дилерлер жасасқан, орындалмаған мәмілелер туралы есепті;
Документ утратил силу
Демо – версия документа